Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 14 қыркүйек N 138. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 553 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      мына құрамда "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының директорлары кеңесiн бекiтсiн:
      Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының бiрiншi орынбасары, төрағасы;
      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрi;
      Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi;
      Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы.
      ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.18. N 1083
               қаулысымен. P001083_
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi өзiнiң бұрын қабылданған "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының мәселелерi жөнiндегi барлық актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      3. "Кейбiр акционерлiк қоғамдардың жекелеген мәселелері" туралы

 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жыл 26 наурыздағы N 308 


P990308_



қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 92-құжат

1-тармағының 3) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Қасымбеков Б.