Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы" деген сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген сөздермен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" деген сөздер "ҚазАгро" холдингі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.13. N 297 Қаулысымен.
"Агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрылсын.
2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды тиiмдi басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуды ынталандыру болып белгiленсiн.
3. Қоса берiлiп отырған:
1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум;
2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
"ҚазАгро" холдингі" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп:
1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
2) "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның ережелерiн ескере отырып, "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарғысын бекiтудi;
3) "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн бағалауды жүргiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп:
1) бiр ай мерзiмде "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
2) бiр жарым ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-81-жолмен толықтырылсын:
"21-81. "ҚазАгро" холдингі" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-14-жолмен толықтырылсын:
"205-14. "ҚазАгро" холдингі" АҚ".
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1247 қаулысымен
бекiтiлген
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ны (бұдан әрі - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.09 N 921 Қаулысымен.
2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның мақсатына қол жеткiзу қызметтiң мынадай негiзгi қағидаттарына негiзделедi:
қоғамдар қызметiнiң мемлекеттiк аграрлық саясат басымдықтарына сәйкес келуi;
корпоративтiк басқару саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибенi пайдалану;
"ҚазАгро" холдингі" АҚ және қоғамдар қызметінің
ашықтығы.
Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.09 N 921 Қаулысымен.
3. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның мiндеттерi
Қойылған мақсат шеңберінде "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның міндеттері мынадай болады:
инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру;
аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту;
агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу;
агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту;
ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру;
корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру.
Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
Ескерту. 3-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.09 N 921 Қаулысымен.
4. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның функциялары
Ұйымдарды олардың Директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның негiзгi функциялары мыналар болады:
әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларын есепке ала отырып, қоғамдар үшiн мақсаттар қою;
қоғамдардың стратегиялық даму жоспарларын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзiмдi жоспарларын, инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді бекiту;
мақсаттарға қол жеткiзудi, оның iшiнде қаржылық нәтижелердi барынша арттыруды қамтамасыз ету;
қоғамдардың жобаларын iске асыруда қаржылық және басқару менеджментiн жүзеге асыруға қатысу;
сыртқы және iшкi инвестицияларды тарту;
қоғамдар қызметiнiң тиiмдiлiк индикаторларын әзiрлеу және оның мониторингi;
қоғамдар алға қойылған мақсаттар мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiн орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету;
қоғамдардың қызметiне корпоративтiк басқарудың алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын енгiзу;
қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу;
қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
функциялар.
Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.07 N 363 , 2007.10.09 N 921 , 2009.03.25. N 399 Қаулыларымен.
5. "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелерi
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жалғыз акционерi болып табылады. Қоғамдардың акцияларын сату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдау жолымен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жалғыз акционерi қабылдайды.
"ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң дербес құрамын Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейдi.
"ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар), сондай-ақ, тәуелсіз директорлар мен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді.
"ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:
"ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын анықтау;
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның бюджетiн бекiту;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiреді.
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты, қоғамдардан түсетiн дивидендтер есебiнен қалыптастырылатын кiрiстер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.09.24 N 829 , 2008.11.07 N 1024 , 2009.07.14 N 1068 , 2010.12.20 N 1378, 2012.01.10 № 10, 2012.03.07 N 302 Қаулыларымен.
5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ҚазАгро"
холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Ескерту. 5-1-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.25. N 399 Қаулысымен.
6. "ҚазАгро" холдингі" АҚ мен қоғамдар
арасындағы өзара қарым-қатынастар
"ҚазАгро" холдингі" АҚ мен қоғамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның қоғамдардың қызметiне ықпал етуi акционер функцияларын жүзеге асыруы және қоғамдардың тиiстi Директорлар кеңестерiндегi өкiлдiгi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
Қоғамдардың Директорлар кеңестерiнiң құрамына "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның өкiлдерi, қоғамдар басқармаларының төрағалары және тәуелсiз директорлар кiредi. Қоғамдар Директорлар кеңестерiнiң төрағалары болып "ҚазАгро" холдингі" АҚ өкiлдерi сайланады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1247 қаулысымен
бекiтiлген
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" ұлттық
басқарушы холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын
төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.13 N 297, 2011.05.27 N 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
р/с N |
Атауы |
Акциялардың мемлекеттiк пакетi |
1 |
"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамы |
100% |
2 |
"Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы |
100% |
3 |
"ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы |
100% |
4 |
"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлiк қоғамы |
100% |
5 |
«ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы |
100% |
6 |
"Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамы |
99,09% |
7 |
"Қазагромаркетинг" акционерлiк қоғамы |
100% |