Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны басқару мәселелері" деген 5-бөлімде:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері (бірінші басшының орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар), сондай-ақ, тәуелсіз директорлар мен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2014 N 377 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрінің К. Мәсімов