Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 Қаулысы

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ) құрылсын.

      2. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды тиiмдi басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуды ынталандыру болып белгiленсiн. 

      3. Қоса берiлiп отырған:
      1) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум;
      2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
      2) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның ережелерiн ескере отырып, "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның жарғысын бекiтудi;
      3) "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн бағалауды жүргiзсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп:
      1) бiр ай мерзiмде "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
      2) бiр жарым ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-81-жолмен толықтырылсын:
      "21-81. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ";

      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-14-жолмен толықтырылсын:
      "205-14. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ".

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.

      10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1247 қаулысымен    
бекiтiлген       

"ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум 

  1. Құру мақсаты

      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ) құрудың мақсаты агроөнеркәсiптiк сектордың тиiмдi дамуын ынталандыру және оның iшкi және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, сондай-ақ, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, акциялары оған орналастырылатын акцияларды төлеуге берiлген акционерлiк қоғамдарды (бұдан әрi - қоғамдар) тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету болып табылады.

  2. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның мақсатына қол жеткiзу қызметтiң мынадай негiзгi қағидаттарына негiзделедi:
      қоғамдар қызметiнiң мемлекеттiк аграрлық саясат басымдықтарына сәйкес келуi;
      инвестицияларды агроөнеркәсiптiк кешеннiң басым мiндеттерiн шешуге шоғырландыру және бағыттау;
      қоғамдар қызметiнiң нәтижелiлiгi мен экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру;
      корпоративтiк басқару саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибенi пайдалану;
      Қызметтiң негiзгi қағидаттарын iске асыру Директорлар кеңестерiндегi акционердiң және өкiлдiктiң функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның белсендi қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.

  3. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның мiндеттерi 

      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның қойылған мақсаттар шеңберiндегi мiндеттерi:
      агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекеттiк инвестициялардың тиiмдiлiгiн арттыру;
      аграрлық инфрақұрылымды дамыту;
      аграрлық азық-түлiк кластерлерiн қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесу;
      агроөнеркәсiптiк кешеннiң экспорттық әлеуетiн дамыту;
      iшкi және сыртқы аграрлық азық-түлiк нарықтарында ауыл шаруашылығы өнiмiнiң қазақстандық "брэндiн" қалыптастыру;
      iшкi азық-түлiк нарықтарын реттеу және тұрақтандыру;
      агроөнеркәсiптiк өндiрiстi ғылыми, кадрлық және инновациялық қамтамасыз етудi ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      қоғамдарды басқару жүйесiн оңтайландыру;
      ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң трансакциондық шығындарын төмендету.

  4. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың Директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның негiзгi функциялары мыналар болады:
      әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларын есепке ала отырып, "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде қоғамдар үшiн мақсаттар қою;
      қоғамдардың даму жоспарларын және қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзiмдi жоспарларын бекiту;
      мақсаттарға қол жеткiзудi, оның iшiнде қаржылық нәтижелердi барынша арттыруды қамтамасыз ету;
      қоғамдардың жобаларын iске асыруда қаржылық және басқару менеджментiн жүзеге асыруға қатысу;
      сыртқы және iшкi инвестицияларды тарту;
      қоғамдар қызметiнiң тиiмдiлiк индикаторларын әзiрлеу және оның мониторингi;
      қоғамдар алға қойылған мақсаттар мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiн орындамаған жағдайда түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз ету;
      қоғамдардың қызметiне корпоративтiк басқарудың алдыңғы қатарлы халықаралық қағидаттарын енгiзу;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
       Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.07. N  363  қаулысымен.

  5. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ны басқару
мәселелерi 

      Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның жалғыз акционерi болып табылады. Қоғамдардың акцияларын сату туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысын қабылдау жолымен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның жалғыз акционерi қабылдайды.
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң дербес құрамын Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейдi.
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бірінші басшылары, сондай-ақ, тәуелсiз директорлар мен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ Басқармасының төрағасы кiредi.
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын анықтау;
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның бюджетiн бекiту;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiреді.
      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру жарғылық капиталдың қаражаты, қоғамдардан түсетiн дивидендтер есебiнен қалыптастырылатын кiрiстер, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.24.  N 829  Қаулысымен.

         5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ҚазАгро" 
      ұлттық холдингi" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар

       Ескерту. 5-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.01.05.  N 2 , өзгерту енгізілді - 2007.05.07. N  363  қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган - Мамандандырылған Кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешiмдi және қызметi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқаратын Мамандандырылған Кеңестiң құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары және өзге де тұлғалар кiредi. Мамандандырылған Кеңес бір айда бiр рет орта мерзiмдi негізде қоғамдарды басқару жөнiндегi негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер бойынша ұсынымдар әзiрлеудi жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткiзудi бағалауды жүргiзедi.
      Мамандандырылған Кеңес өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады және кемiнде екi жылда бiр рет отырыс өткiзедi. Мамандандырылған Кеңестiң қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етудi Мамандандырылған Кеңестiң қызметi туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. 
      Мемлекеттiк органдардың Компаниялардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негiзделген олардың қызметiне араласуына жол берiлмейдi".

  6. "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ мен қоғамдар
арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ мен қоғамдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның қоғамдардың қызметiне ықпал етуi акционер функцияларын жүзеге асыруы және қоғамдардың тиiстi Директорлар кеңестерiндегi өкiлдiгi арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
      Қоғамдардың Директорлар кеңестерiнiң құрамына "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ-ның өкiлдерi, қоғамдар басқармаларының төрағалары және тәуелсiз директорлар кiредi. Қоғамдар Директорлар кеңестерiнiң төрағалары болып "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ өкiлдерi сайланады.

                                     Қазақстан Республикасы    
                                           Үкiметiнiң          
                                   2006 жылғы 23 желтоқсандағы 
                                        N 1247 қаулысымен      
                                          бекiтiлген          

    Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро"
     ұлттық холдингi" АҚ-ның орналастырылатын
     акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк
                   қоғамдардың тiзбесi     

р/с N

Атауы

Акциялардың мемлекеттiк пакетi

 

1

"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамы

100%

2

"Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлiк қоғамы

100%

3

"ҚазАгроҚаржы" акционерлiк қоғамы

100%

4

"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлiк қоғамы

100%

5

"Мал өнiмдерi корпорациясы" акционерлiк қоғамы

100%

6

"Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамы

99,09%

7

"Қазагромаркетинг" акционерлiк қоғамы

100%