Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 Қаулысы

Жаңартылған

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Комиссияның құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң            
2006 жылғы 4 қыркүйектегi   
N 836 қаулысымен        
бекiтiлген           

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты
            концессиялар жөнiндегi комиссияның құрамы

       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30
N 948, 2007.01.31 N 73, 2007.07.26 N 634, 2007.09.02 N 761,
2007.10.15 N 948, 2007.12.03 N 1163, 2008.05.26 N 499, 2008.09.18
N 858, 2009.06.26 N 982, 2011.06.24 № 705, 2012.03.26 N 353, 2012.11.13 N 1445 Қаулыларымен.

Ахметов                - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы          Премьер-Министрі, төраға

Көшербаев              - Қазақстан Республикасы
Қырымбек Елеуұлы         Премьер-Министрінің орынбасары,
                         төрағаның орынбасары

Келімбетов             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қайрат Нематұлы          орынбасары, төрағаның орынбасары

Мыңбаев Сауат          - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Мұхамбетбайұлы           газ министрі, төрағаның орынбасары

Құсайынов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Марат Әпсеметұлы         даму және сауда вице-министрі, хатшы
 
Жәмішев Болат          - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Бидахметұлы

Имашев                 - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Берік Мәжитұлы

Досаев                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы      даму және сауда министрі

Жұмағалиев             - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы          коммуникация министрі

Өтепов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы           министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және
                         жекешелендiру комитетiнiң төрағасы

Жұмабаев               - Қазақстан Республикасы
Ермек Жианшаұлы          Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық
                         мәселелер комитетінің төрағасы
                         (келісім бойынша)

Қанаев                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Серікжан Зиаданұлы       Мәжілісінің Экономикалық реформа және
                         өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісім
                         бойынша)

Оспанов                - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы        монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң            
2006 жылғы 4 қыркүйектегi   
N 836 қаулысымен        
бекiтiлген           

Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты
концессиялар жөнiндегi комиссия туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және iрiктеу үшiн құрылады.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) концессиялық жобаларды қарау және iрiктеу;
      2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтiнiмдердi қарау;
      3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзу;
      4) концессионер таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекiту болып табылады.

      5. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
      1) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      2) концессиялық жобаларды iрiктеудегi проблемалық мәселелердi талдау және зерделеу үшiн қажетiне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға;
      3) мемлекеттiк және басқа ұйымдардан Комиссия мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға құқылы.

3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi басқарады. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметiне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметi үшiн дербес жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi орындайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30. N 948 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      7. Комиссияның құрамына ауыстыру құқығынсыз Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бірінші басшылары, Парламент депутаттары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.15. N 948 , өзгерту енгізілді - 2008.05.26 N 499 , 2008.09.18 N 858 Қаулыларымен.

      8. Концессия жөнiндегi конкурстың тиiстi ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссияның жұмыс органы қызметтi ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      10-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қызметкерi Комиссияның хатшысы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы Комиссияның кезектi отырысына қажеттi материалдарды отырысқа дейiн кем дегенде он күн бұрын Комиссияның хатшысына ұсынады.
      Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамасын ресiмдейдi.

      11. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi. Комиссия мyшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысқан кезде Комиссияның отырысы заңды деп саналады.

      12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданған болып саналады және Комиссияның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерi айрықша пiкiр құқығына ие, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия хаттамасына қоса тiркелуге тиiс.

      13. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделi тұлғаларға қарау нәтижелерi туралы хабарлайды.

      14. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.