Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 Қаулысы

Жаңартылған

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының  8-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Комиссияның құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң             
2006 жылғы 4 қыркүйектегi    
N 836 қаулысымен         
бекiтiлген            

       Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты
            концессиялар жөнiндегi комиссияның құрамы

Мәсiмов                - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Кәрiм Қажымқанұлы        төраға

Ахметов                - Қазақстан Республикасының Көлiк және 
Серiк Нығметұлы          коммуникация министрi, төрағаның орынбасары

Мыңбаев Сауат          - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Мұхамбетбайұлы           минералдық ресурстар министрі, төрағаның
                         орынбасары

Шаққалиев              - Қазақстан Республикасы Экономика және
Арман Абайұлы            бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                         Мемлекеттік активтерді басқару саясаты
                         департаментінің директоры, хатшы

Құсдәулетов            - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Дулат Рашитұлы           министрi

Өтепов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы           министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және
                         жекешелендiру комитетiнiң төрағасы

Жұмабаев               - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ермек Жианшаұлы          Сенаты Мемлекеттiк құрылыс және құқықтық
                         саясат комитетiнiң төрағасы

Сағадиев               - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Кенжеғали Әбенұлы        Мәжiлiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң
                         төрағасы 

Чиркалин               - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Иван Федорович           Мәжiлiсi Аграрлық мәселелер комитетiнiң
                         хатшысы

Супрун                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Виктор Васильевич        бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы        вице-министрi
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30. N  948 , 2007.01.31.  N 73 , 2007.07.26.  N 634 , 2007.09.02.  N 761  Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң             
2006 жылғы 4 қыркүйектегi    
N 836 қаулысымен         
бекiтiлген            

  Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты
концессиялар жөнiндегi комиссия туралы
ереже 

  1. Жалпы ережелер

       1. Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және iрiктеу үшiн құрылады.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары

       4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) концессиялық жобаларды қарау және iрiктеу;
      2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтiнiмдердi қарау;
      3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнiнде келiссөздер жүргiзу; 
      4) концессионер таңдау жөнiндегi конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекiту болып табылады.

      5. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
      1) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 
      2) концессиялық жобаларды iрiктеудегi проблемалық мәселелердi талдау және зерделеу үшiн қажетiне қарай мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға;
      3) мемлекеттiк және басқа ұйымдардан Комиссия мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды заңнамада белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға құқылы.

  3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

       6. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрi басқарады. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметiне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметi үшiн дербес жауапты болады. 
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi орындайды.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.30. N  948  қаулысымен.

      7. Комиссияның құрамына ауыстыру құқығынсыз Көлiк және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары, Қаржы, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Әдiлет министрлiктерi бiрiншi басшыларының орынбасарлары және республикалық меншiкке иелiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
       Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.09.30. N  948  қаулысымен.  

      8. Концессия жөнiндегi конкурстың тиiстi ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 

      9. Комиссияның жұмыс органы қызметтi ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. 

      10. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қызметкерi Комиссияның хатшысы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы Комиссияның кезектi отырысына қажеттi материалдарды отырысқа дейiн кем дегенде он күн бұрын Комиссияның хатшысына ұсынады.
      Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамасын ресiмдейдi. 

      11. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi. Комиссия мyшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысқан кезде Комиссияның отырысы заңды деп саналады.

      12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданған болып саналады және Комиссияның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. 
      Комиссия мүшелерi айрықша пiкiр құқығына ие, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия хаттамасына қоса тiркелуге тиiс.

      13. Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша жұмыс органы мүдделi тұлғаларға қарау нәтижелерi туралы хабарлайды. 

      14. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.