Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 634 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 419 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:

      Шаққалиев Арман Абайұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, хатшы болып енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Қабиев Дәулет Жақсылықұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі