Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 419 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 4 қыркүйектегі қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына:
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры Тортаев Бауыржан Қадырұлы хатшы ретінде енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Шаққалиев Арман Абайұлы шығарылсын.
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақтағы "басшылары" деген сөзден кейін ", Парламент депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |