Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы N 982 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2018 № 419 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі N 836 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және

      Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі

      Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет

      Рашид Төлеутайұлы министрі;

      "Ахметов Серік Нығметұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Серік Нығметұлы Министрінің орынбасары, төрағаның

      орынбасары";

      көрсетілген құрамнан Балиева Зағипа Яхянқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов