Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерiн тағайындау тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының өзгеруiне байланысты және заңның дұрыс әрi бiркелкi қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етедi:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін дұрыс анықтау жазаның мақсатына қол жеткiзу үшiн маңызды және жасалған қылмыстың ауырлығын, қылмыскердiң жеке басын, оның жасы мен жынысын ескере отырып, жазаның жеке орындалуын қамтамасыз етедi. Соттар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын өтейтiн қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін тағайындау тәртiбiн анықтайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң (бұдан әрі - ҚК) 46, 81-баптарының ережелерiн қатаң басшылыққа алуы қажет.
Осы орайда заң қандай да болмасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін соттың қалауы бойынша тағайындауға мүмкiндiк бермейтiнiн назарда ұстаған жөн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелеріне:
жазаның мерзіміне қарамастан, абайсызда жасалған қылмыстары үшін;
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстар үшін;
ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды қоспағанда, қылмыспен келтірілген залалды олар толық өтеген жағдайда, ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін;
ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды қоспағанда, қасақана қылмыс жасағаны үшін екі жыл қоса алынған мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып алғаш рет сотталған адамдар (еркектер мен әйелдер) жіберіледі.
ҚПК-нің 19-бабының үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес бұрын сотталған, бірақ бас бостандығынан айыру жазасын өтемеген, жаңа қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған адамдарға жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде тағайындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.3. Әйелдерге қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қасақана қылмыстар (ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр) жасағаны үшін екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтемегендерге;
қылмыстардың қайталануы кезінде, егер бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін ол нақты бас бостандығынан айыру жазасын өтемесе;
ҚК-нің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған жағдайларда тағайындалады.
Әйелдерге қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген әйелдерді қоспағанда, қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны бұрын өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
оның бұрын қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтегеніне қарамастан, қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде тағайындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Ерлерге қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу:
аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталғандарға, бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемегендерге;
қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген-өтемегеніне қарамастан, қылмыстардың қайталануы кезінде;
ҚК-нің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген зорлық-зомбылықты қолдануға байланысты емес қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ ҚК-нің 15-тарауында көзделген қылмыстары үшін сотталған, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген еркектерді қоспағанда, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға;
кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандарға тағайындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.5. Бұрын бас бостандығынан айыруға сотталған, бiрақ соттылығы жойылған немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынған, сондай-ақ керi күшi бар жаңа қылмыстық заңмен қылмыстық құқық бұзушылық деп танылмайтын әрекеттер үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, соттылығы жойылмаған немесе алынбаған адамдар тұңғыш рет сотталған адамдардың қатарына жатқызылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).6. Бұрын бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза өтеген адамдар деп бұған дейiн заңды күшiне енген сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру түрiндегі жазаға сотталған және сол жазаны iс жүзiнде қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтеген, жаңа қылмыс жасаған сәтте осы соттылығы заңмен белгiленген тәртiппен жойылмаған және алынбаған адамдар түсiнiледi.
Сондай-ақ:
бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған (Қазақ КСР ҚК-нiң (әрi қарай - ҚазКСР ҚК) 40-бабы, ҚК-нiң 63-бабы) ҚазКСР ҚК-нiң 40-бабының жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде, ҚК-нiң 64-бабының үшiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша жазасын өтеу үшiн қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жiберiлген адамдар;
үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырыла отырып, бас бостандығынан айыруға сотталған (ҚазКСР ҚК-нiң 41-1, ҚК-нiң 74-баптары) ҚазКСР ҚК-нiң 41-1-бабының бесiншi, жетiншi бөлiктерiнде, ҚК-нiң 74-бабының екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша жазасын өтеу үшiн қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жiберiлген адамдар;
еңбекке мiндеттi түрде қатыстыра отырып, бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған (ҚазКСР ҚК-нiң 23-2-бабы) ҚазКСР ҚК-нiң 23-2-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша жазасын өтеу үшiн қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жiберiлген адамдар;
бұрынғы КСРО мен оның құрамына кiретiн одақтас республикалардың соттарының үкiмдерi бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған және осы жазаны өтеген адамдар (1991 жылғы 8 желтоқсанға дейiн орын алған соттылықтар бойынша);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген реттерде, басқа мемлекеттiң сотының үкiмi бойынша бас бостандығынан айыруға сотталып шетел мемлекетiнiң үкiмiн орындауға қабылдау туралы соттың шешiміне сәйкес кейiннен жазасын өтеу үшiн берiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталған адамдар бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза өтеген адамдар деп танылады.
ҚК-нің 63-бабының негізінде шартты түрде сотталған адамдар, сондай-ақ ҚК-нің 74-бабының негізінде жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған адамдар, егер олар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыруды нақты өтемеген болса, бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген адамдарға жатпайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.6-1. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағына қатысты бұрын заңды күшіне енген сот үкімі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеген, егер бұл соттылық жаңа қылмыс жасалған кезде заңда белгіленген тәртіппен алып тасталмаса және өтелмесе, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген адамдар деп түсініледі. Бұл қағида кәмелетке толмаған жаста қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға да қолданылады.
Ескерту. Нормативтік қаулы 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.7. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында бекiтiлген халықаралық шарттардың басымдылығы негізiнен шыға отырып, басқа мемлекеттiң үкiмдерi бойынша сотталған адамдар үкiмде қабылданған шешiмнiң дәлелі көрсетiле отырып, бұрын бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза өтеген адамдар деп танылуы мүмкiн. Басқа мемлекеттердiң үкiмдерiн тану 1993 жылы 22 қаңтарда Минскiде жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенция мен оған 1997 жылғы 28 наурыздағы Хаттамада (1999 жылғы 17 қыркүйектен кейiн орын алған соттылықтар бойынша) және 2002 жылғы 7 қазанда Кишиневте жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Конвенцияда (2004 жылғы 27 сәуiрден кейiн орын алған соттылықтар бойынша) көзделген.
8. Соттың үкiмi бойынша тағайындалған жаза (айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу) ҚК-нің 41, 42, 44-баптарының үшiншi бөлігінде көзделген негіздер бойынша бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған адамдар бұрын бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза өтеген адамдар деп танылмайды.
Сот үкімімен айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға жазаны өтеу қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тағайындалады.
Бұрын бас бостандығынан айыру ҚК-нің 73-бабының тәртібімен бас бостандығын шектеуге ауыстырылған адамдарға бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған жағдайда, бас бостандығынан айыруды өтеу ол босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде айқындалады.
Сондай-ақ:
Iс кассациялық тәртіппен қаралғанға дейiн соттың үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында болған адамдар, егер аталған сот сатысы үкiмнiң күшiн жоя отырып, iстi қысқартса не үкiмдi өзгертiп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаса немесе бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттауды не үкiмдi орындауды кейiнге қалдыруды қолданса;
бас бостандығынан айыруға сотталған, бiрақ жүктi әйелдердiң, жас балалары бар әйелдердiң және жас балаларын жалғыз тәрбиелейтін ер адамдардың жазаны өтеуiн кейiнге қалдырылуына (ҚК-нiң 74-бабы), ауруға шалдығуына байланысты жазадан босатылуына (ҚК-нiң 75-бабы), ауыр мән-жайлардың болуының салдарынан жазадан босатылуына (ҚК-нiң 76-бабы), айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне (ҚК-нiң 77-бабы), рақымшылық туралы актiсi қолданылып немесе кешiрiм жасау тәртiбiмен жаза өтеуден босатылуына (ҚК-нiң 78-бабы) байланысты iс жүзiнде жаза өтемеген және бас бостандығынан айыру орындарында болмаған адамдар;
бас бостандығынан айыруға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауда ұстау қолданылған мерзiмнiң шегiнде сотталған адамдар, себебi олар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтемеген;
бас бостандығынан айыру түрiндегі жаза өтеп жатқан адамдар, егер олар үкiм шығарылғанға дейiн жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшiн сотталып, бас бостандығынан айыру түрiндегі жазасын тұңғыш рет өтеп жатқан реттерде;
қылмыстылық пен жазаланушылық қолданыстағы заңмен жойылған, сол сияқты оны жасағаны үшiн қолданыстағы заңда бас бостандығынан айыру түрiндегі жаза көзделмеген әрекеттер үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген адамдар бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жаза өтеген адамдар деп танылмайды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2011.04.21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.9. Қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған еркек жынысты адамдар олардың бұрын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтегенiне не өтемегенiне қарамастан жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеуге тиiс.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Соты жалпы отырысының 2009.06.29 N 4 Қаулысымен; ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Еркек жынысты адамдарды аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға соттаған, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде ҚК-нің 46-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес жаза мерзімінің бір бөлігін, бірақ бес жылдан артық емес қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындағанда соттар қабылданған шешiмдi үкiмде дәлелдеуi және сотталған адам жазаның қандай мерзiмiн қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеуi тиiс екенiн көрсетуi қажет. Осы орайда үкiмнiң қорытынды бөлiгiнде жаза мерзiмiнiң қалған бөлiгiн сотталған адамның қылмыстық-атқару жүйесінің қандай мекемелерінде өтеуi керек екенi көрсетiлуi тиiс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).11. ҚК-нiң 79-бабында көзделген тәртiппен алып тасталған немесе өтелген, ҚК-нiң 78-бабының екiншi және төртiншi бөлiктерiне сәйкес рақымшылық туралы немесе кешiрiм жасау туралы актiмен алып тасталған сотталғандықтар қылмыстардың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше мекемесін тағайындауға негiз бола алмайды.
Он сегiз жасқа толғанға дейiн жасалған қылмыстар үшiн сотталғандықтар қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. Сонымен бірге бас бостандығынан айыруға сотталған, бұрын кәмелетке толмаған жаста қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігі 3) тармағының қағидалары ескеріле отырып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу тағайындалады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Қылмыстың қылмыстардың тиiстi қайталануы жағдайында жасалғаны туралы шешiм қылмыстық заңның нормасына сiлтеме жасала отырып, үкiмнiң қорытынды бөлігінде көрсетiлуi тиiс.
Егер негіздер болған жағдайда сот қылмыстардың қайталануын танымай және бұл туралы үкiмнiң қорытынды бөлiгiнде көрсетпесе, онда қылмыстардың қайталануы кезiнде тағайындалуы мүмкiн қылмыстық-атқару жүйесі мекемесін тағайындауға құқылы емес.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).13. Бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған адамға сот кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеуді тағайындайды. Кәмелетке толған кезде сотталған адамдар, олардың келісімімен, олар жиырма бір жасқа толғанға дейін мекемеде қалдырылуы мүмкін. Он сегіз жасқа толған сотталған адамдарды жоғарыда көрсетілген мекемеде қалдыру туралы шешімді сот мекеме бастығының ұсынуы негізінде қабылдайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықты кәмелет жасқа толмаған кезде жасап, үкiм шығарылған сәтте кәмелетке толған адам бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда оған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ҚК-нің 46-бабына сәйкес кәмелетке толған адамға тағайындалған сияқты тағайындалады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).14. Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындаған кезде сот қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін түпкiлiктi жаза шарасын белгілегеннен кейiн тағайындауға тиiс.
Егер адам бiреулерi абайсызда, ал басқалары - қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сотталып отырса, сот жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемесінде өтеудi тек қасақана қылмыстық құқық бұзушылық үшiн бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындаған не егер сотталған адам жасаған қасақана қылмыс ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 1) тармағында көзделген қылмыстық іс-әрекеттер тізбесіне кірген реттерде ғана тағайындауға құқылы.
Егер ҚК-нің 46-бабына сәйкес жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін жазаларды бас бостандығынан айыру түрінде өтеу қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің әр түрінде көзделсе, онда түпкілікті жазаны айқындау кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің барынша қатаң түрі тағайындалады.
Бас бостандығынан айыруды өтеу үшін үкімдердің жиынтығы кезінде жиынтыққа кіретін үкімдердің бірі белгілеген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.
Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түпкілікті жаза бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаны сіңіру жолымен тағайындалса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ҚК-нің 46-бабында көзделген тәртіппен, жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған қылмысты ғана ескере отырып тағайындалады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.15. Бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттау кезiнде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі тағайындалмайды. Егер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау кезеңінде жаңадан қылмыс жасаса және оған жаза ҚК-нiң 60-бабының негізiнде үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ҚК-нiң 46-бабында көзделген тәртiппен пробациялық бақылау кезеңінде жасаған қылмыстың да, сондай-ақ бұрын жасағаны үшiн ол бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған қылмыстың да ауырлығы ескерiлiп тағайындалады.
Егер жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылған адам мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату мерзiмi iшiнде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаса және оған жаза үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалса, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі дәл осы тәртiппен тағайындалады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).15-1. ҚК-нің 74-бабының негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамға қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған кезде, соттың үкімінде қылмыстық-атқару мекемесінің түрі көрсетілуі тиіс.
Шартты түрде сотталған адамның пробациялық бақылау мерзімі ішінде өзіне жүктелген міндеттерді қасақана орындамауына байланысты ҚК-нің 64-бабының үшінші бөлігі негізінде шартты түрде соттаудың күші жойылған жағдайда, оған ҚК-нің 46-бабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыруды өтеу тағайындалады.
ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігі 1) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, сотталған адамның өзі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыруды өтейтіні белгіленеді.
Ескерту. Нормативтік қаулы 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.16. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгертуді Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 476-бабының 4) тармағына, 477, 478-баптарына сәйкес үкімді орындау тәртібімен аудандық және оған теңестірілген сот үкімді орындау жері бойынша, ал ол болмаған кезде – жоғары тұрған сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚАК) 96-бабының негізінде сотталғанның өтінішхаты бойынша не мекеменің ұсынуы бойынша жүргізеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).17. ҚАК-тің 96-бабына сәйкес мінез-құлқының екінші немесе үшінші оң дәрежесіндегі сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бір түрінен ұстау режимінің одан әрі жеңілірек түрін көздейтін басқа түріне ауыстыру туралы мәселені шешкен кезде сотталған адамның режимнің одан әрі жеңілірек қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде болуы мерзімін емес, сот үкімі бойынша тағайындалған жазаның жалпы мерзімін негізге алған жөн.
Соттар тағайындалған жазаның жеңілдігі, сотталған адамның қылмыстық-атқару жүйесінің осы мекемесінде аз ғана уақыт болуы, сотталған адамның кінәсін мойындамауы, бұрын сотталғандығы, ауыр және аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтегені және т.б. сияқты заңда көзделмеген негіздер бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің одан әрі жеңіл түріне сотталған адамды ауыстырудан бас тартуға құқылы емес.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. Істерді апелляциялық, кассациялық тәртіппен қараған кезде соттар бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін айқындаудың дұрыстығын тексерулері керек.
Бірінші сатыдағы сот қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенге қарағанда неғұрлым қатаң түрін негізсіз тағайындаған не үкімнің қарар бөлігінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесін тағайындау туралы нұсқау болмаған кезде жоғары тұрған сот сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесін заңға сәйкес тағайындауға тиіс.
Сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жеңіл түрі дұрыс тағайындалмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот істі ҚПК-нің 433, 442-баптарына сәйкес жаңадан қарауға жібермей, сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгеннен неғұрлым жеңіл түрін тағайындаудың күшін жоюға және егер осы негіз бойынша прокурор өтінішхат келтірген немесе жәбірленуші, жеке айыптаушы, олардың өкілдері шағым берген жағдайда ғана ҚК-ға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесін тағайындауға құқылы.
ҚПК-нің 494-бабының тоғызыншы бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы сот прокурордың наразылығы немесе жәбірленушінің, жеке айыптаушының немесе олардың өкілдерінің шағымы бойынша, егер үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған адамның жағдайының нашарлауына мүмкіндік беретін жылдық мерзім өтіп кетпесе, үкімдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенге қарағанда неғұрлым жеңіл түрін негізсіз тағайындаудың күшін жоюға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесін ҚК-ға сәйкес тағайындауға құқылы.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 8 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).19. Осы нормативтiк қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1961 жылы 7 желтоқсандағы N 4 "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға еңбек-түзеу мекемесiнiң түрiн анықтау жөнiндегi сот тәжiрибесi туралы" қаулысының (енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге) күшi жойылды деп танылсын.
20. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға мiндетті болып табылады әрi ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы |