Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін заңға сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 7
нормативтік қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
9-тармақта "қатаң" деген сөз "ерекше" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабына
сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы М. Әлімбеков
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы Ж. Бәйішев