Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға еңбек-түзеу мекемесінің түрін анықтау жөніндегі сот тәжірибесін зерттеу соттардың қылмыстық істерді қарағанда заң талаптарын орындауда елеулі қателіктер мен оны бұзуға жол беретіндігі байқалды.
Сотталған адамға қатаң режимдегі еңбек-түзеу колониясын анықтау үшін бас бостандығынан айыруға бұрынғы шартты сотталғандықты тану қажет пе, жоқ па деген мәселені шешуде сот тәжірибесінде бірізділік жоқ.
Кей жағдайларда соттар бас бостандығынан айыруға қатаң режимдегі еңбек-түзеу колониясын тағайындау үшін бас бостандығынан айыруға екі жолы сотталғандығы қажет деп қателеседі.
ҚК-тің 23-1-бабында көрсетілген деректер бола тұра соттар сотталған адамды ерекше қауіпті рецидивист деп тану туралы мәселені талқылаудың байыбына бара алмайды, соның салдарынан еңбек-түзеу колониясынан түрі дұрыс анықталмайды.
Басқа жағдайда бас бостандығынан айыруға сотталғандарға сот еңбек- түзеу мекемесінің түрін мүлде тағайындамайды.
Еңбек-түзеу мекемесінің түрін тағайындағанда жіберілген қателіктерді түзету тәртібі туралы сот тәжірибесінде бірізділік жоқ. Кей жағдайда облыстық соттар кассациялық тәртіппен істі қарағанда халық соттарының үкімін бұзып, істі сотта қайта қарауға жібереді де, кейде бұл мәселені шешу заңда бірінші сатыдағы соттың құзырына беріле тұра, еңбек-түзеу колониясының түрін өздері анықтайды.
Сотталғандарға еңбек-түзеу мекемесінің жеңілірек немесе неғұрлым қатаң түрін тағайындағанда соттар ондай шешімнің дәлелдерін үкімде көрсетпейді.
Кейбір облыстық соттар сотталғандардың шағымы бойынша істі кассациялық тәртіппен қарағанда заң талаптарын бұза отырып, оларға бірінші сатыдағы сот анықталғаннан гөрі еңбек-түзеу колониясының неғұрлым қатаң түрін тағайындайды.
Семей облыстық соты сотталған адамға дәлелі бойынша еңбек-түзеу колониясының жеңілірек түрін тағайындау жөнінде прокурордың жіберген наразылығын қарағанда заңды бұза отырып, колонияның неғұрлым қатаң түрін өзі анықтаған.
Үкімдерде еңбек-түзеу мекемесінің түрін дұрыс анықтау үшін мәні бар сотталғандардың бұрынғы сотталғандығы, жасы және басқа да ол туралы деректер мәліметтерде толық көрсетілмейтіндігі де жиі ұшырасады.
Аталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға сотталғандарға еңбек-түзеу мекемесін анықтаудың тәртібін реттейтін заңды дұрыс және бірізді қолдану мақсатымен Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы
Қаулы етеді:
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға еңбек-түзеу мекемесінің түрін дұрыс анықтаудың, жазаның сақтандыру және тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыруда маңызды мәні бар екеніне соттардың назары аударылсын.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға еңбек-түзеу мекемесінің түрін ҚК-тің 23-бабына және КСРО Жоғарғы Соты Пленумының "Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға еңбек-түзеу мекемесінің түрін соттардың тағайындау тәжірибесі туралы" 1971-жылғы 19-қазандағы N 8 қаулысына Пленумның 1973-жылғы 30-наурыздағы N 8, 1976-жылғы 25-маусымдағы N 5, 1977-жылғы 21-қыркүйектегі N 12 және 1979-жылғы 6-қыркүйектегі N 6 қаулылары енгізген өзгертулерге сәйкес қатаң жүргізілсін (Пленумның 1984-жылғы 29-маусымдағы N 7 қаулысының редакциясы).
2. (Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1971-жылғы 28-желтоқсандағы N 10 қаулысына сәйкес күшін жойды).
3. Қатаң режимдегі еңбек-түзеу колониясында жазаны өтеу, әдеттегідей, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жаңадан қылмыс жасағаны үшін үкім шығарылған сәтте сотталғандығы жойылған және арылғандығына қарамастан бұл жаза түрін бұрын өтеп шықса да тағайындалатыны соттарға түсіндірілсін.
(Пленумның 1971-жылғы 28-желтоқсандағы N 10 қаулысының редакциясы).
3 "а" ҚК-тің 23-бабының 7-бөлігіне сәйкес сотталған адамға колонияның жеңілірек немесе неғұрлым қатаң тәртіптегі түрін тағайындаған жағдайда сот үкімде қабылдаған шешімінің дәлелдерін көрсетуге міндетті.
Ондайда соттар абайсызда жасалған қылмыстан, сондай-ақ ҚК-тің 23-бабының 4-бөлігіндегі үшінші абзацта көрсетілген қасақана қылмысы үшін бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталғандарды - жалпы тәртіптегі еңбек-түзеу колонияларында, басқа ерекше қауіпті рецидивист деп танылмаған бас бостандығынан айыруға сотталғандарды - еңбек-түзеу колонияларының кез келген түрінде (ерекше режимдегі колония мен қоныс колонияларынан басқа), кәмелетке толмаған еркек жынысты сотталғандарды - күшейтілген режимдегі колония орнына жалпы режимдегі еңбек-тәрбиелеу колонияларында өтеуді тағайындауға қақылы.
Ондайда соттың алғаш рет бас бостандығынан айыруға кәмелетке толмаған еркек жынысты сотталғандарға жалпы режимдегі колония орнына күшейтілген режимдегі еңбек-тәрбиелеу колониясында өтеуді тағайындауға қақысы жоқ екендігі ескерілуге тиіс.
(Пленумның 1987 ж. желтоқсандағы N 15 қаулысының редакциясы).
4. Қатаң режимдегі еңбек-түзеу колониясын тағайындауға мыналар өз өзінен негіз бола алмайды.
а) егер ҚК-тің 25-бабының 3-бөлігіне сәйкес түзеу жұмыстары бас бостандығынан айырумен ауыстырылса, бұрынғы түзеу жұмыстарына соттау;
б) бұрынғы бас бостандығынан айыруға шартты соттау, сондай-ақ ҚК-тің 30-бабына сәйкес бас бостандығынан тәртіп батальонына жіберіп айыру;
в) егер жоғарғы сатыдағы сот шешімдерімен іс қысқартылып, үкім бұзылған, яки үкім өзгертіліп бас бостандығынан айыруға қатысты емес жаза тағайындалған немесе шартты соттау қолданылған болса, іс кассациялық не қадағалау тәртібімен қаралғанға дейін соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында болу;
г) егер бас бостандығынан айыру жазасы рақымшылық ету, кешірім жасау, сондай-ақ мерзімдердің ескіріп кету жағдайына байланысты үкім орындалмаса, бас бостандығынан айыруға соттау;
д) егер жазаның тағайындалған мерзімі жұмыс орнында толық өтелсе немесе бұл жазаның орнына мерзімінен бұрын шартты босату қолданылса, еңбекке міндетті түрде тарта отырып, бас бостандығынан айыруға шартты соттау;
е) бұлтартпау шаралары ретінде тұтқынға алу мерзімінің шегінде бас бостандығынан айыруға соттау (Пленумының 1971-жылғы 18-желтоқсандағы N 10 қаулысының редакциясы).
5. ҚК-тің 23-1-бабында көрсетілген деректер болған жағдайда сот үкім шығарар кезде сотталған адамның ерекше қауіпті рецидивист деп танылуы туралы мәселені талқылап, шешуге және осыған байланысты еңбек-түзеу колониясының тиісті түрін анықтауға міндетті.
Ерекше қауіпті рецидивист деп танылған адам туралы шешім үкімнің қорытынды бөлігіне жазылуға тиіс.
ҚК-тің 23-1-бабында көрсетілген деректер болмаған жағдайда (тиісті қылмысы үшін сотталу саны аз болса немесе аталған баптың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілмеген қылмыстары үшін соттау саны қажетті және тіпті көп болса да) сотталған адам ерекше рецидивист бола алмайды.
Негізінен адамды ерекше қауіпті рецидивист деп танымау негіздері бойынша үкім, тек қана осы негіздер бойынша прокурордың берген кассациялық наразылығы немесе жәбірленушінің шағымы бойынша кассациялық тәртіппен бұзылуы мүмкін.
6. Егер бірінші сатыдағы сот үкім шығарғанда бас бостандығынан айыруға сотталған адамға еңбек-түзеу мекемесінің түрін анықтамаған болса, онда сол сот ҚІЖК-нің 356 және 357-баптарын қолданып бұл мәселе бойынша қосымша ұйғарым шығарады.
7. Соттың сотталған адамға еңбек-түзеу мекемесінің түрін анықтайтын үкім бөлігі сотталғанның шағымы немесе прокурордың наразылығы, яки жалпы негізде сот қадағалауы тәртібі бойынша екінші сатыдағы сотта қайта қаралуы мүмкін. Кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сот еңбек-түзеу мекемесінің түрін тек жұмсартуға ғана қақысы бар. Сотталған адамға еңбек- түзеу колониясының неғұрлым жұмсақ тәртібі негізсіз дәлелдермен тағайындалып, наразылық қанағаттандырылған жағдайда, сот үкімінің бұл бөлігі бұзылып, іс басқа құрамдағы сол сотқа жаңадан қайта қарауға беріледі, ал ол сол бойынша ұйғарым шығарады.