Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 қаулысымен бекітілген |
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже
Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 18.04.2019 № 204 қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыру, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
5. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2-тарау. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
6. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
1) "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" 2015 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияда көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
2) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
3) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және олардың құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, халықаралық және өзге де ұйымдармен, мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
7. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысымен бекітілген |
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамы
Ескерту. Құрамның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.07.2020 № 485 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ерекше білім қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Шымкент қаласы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қостанай облысы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қызылорда облысы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Маңғыстау облысы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
"Үміт" есту қабілеті шектеулі мүгедектерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)
"Әділет" мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Үміт-Надежда" тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Дос" тәуелсіз өмір орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Сенiм" бүйрек мүшесін ауыстырған мүгедектер және гемодиализдегі науқастар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Шарасыздар" мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқығы жөніндегі комиссиясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Айналайын" балалар мен жасөспірімдер орталығы "Жастар клубы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Мүгедек әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Altyn Time мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Бір біртұтас" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Павлодар облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Ақтөбе облысының мүгедектер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Шанс" мүгедектерді оңалту орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Qamqor plus" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Жан Дос" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
Талдықорған қаласындағы "Ерлік" қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Dayr" қоғамдық қорының төрағасы (келісу бойынша)
"Бақытты Шаңырақ мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары тұрақты даму, қолдау және көмек көрсету Қайырымдылық Қоры" қоғамдық қорының төрағасы (келісу бойынша)
"Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы – қалаға құқық" республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігі орталық басқармасының төрағасы (келісу бойынша)
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің мүгедектер мәселелері жөніндегі сараптамалық тобының төрағасы (келісу бойынша).