Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін қуру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылға 13 сәуірдегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
      2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1266 қаулысымен    
бекітілген       

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі
туралы ереже

      Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Үйлестіру кеңесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

      2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Үйлестіру кеңесінің құрамына Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттерді заңнамаға сәйкес шешу құзыретіне енетін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері олармен келісім бойынша енгізіледі.

      4. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары

      5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
      Мүгедектерді оңалту бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру;
      орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықаралық және өзге де ұйымдармен, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.

      6. Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары:
      Бағдарлама іс-шараларының орындалуы жөніндегі істің жай-күйін талдау;
      мыналарды:
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді;
      мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қызметін;
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары

      7. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында Үйлестіру кеңесінің:
      орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      Үйлестіру кеңесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге;
      Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру

      8. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
      Төраға Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Үйлестiру кеңесі жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Үйлестiру кеңесi әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07 N 644 қаулысымен.

      9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын дайындауды Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
      Үйлестіру кеңесі өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

      10. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - төрағаның орынбасары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет шақырады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Үйлестіру кеңесінің отырысы заңды деп есептеледі.

      11. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      12. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша  мiндеттi түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07 N 644 қаулысымен.

      13. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің          
2005 жылғы 21 желтоқсандағы 
N 1266 қаулысымен      
бекітілген         

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 N 614 Қаулысымен.

 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру
кеңесінің құрамы

Әбдіқалықова                 - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы              халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                               төрайым

Ахметов                      - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжәлиұлы                халықты әлеуметтік қорғау
                               вице-министрі, төрайымның орынбасары

Масалиева                    - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Дәрия Асқарқызы                халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                               мүгедектерді оңалту және
                               медициналық-әлеуметтік ұйымдардың
                               қызметін үйлестіру басқармасының бас
                               сарапшысы, хатшы

Кармазина                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы               вице-министрі

Әбілқасымова                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық Мәдина Ерасылқызы              даму және сауда вице-министрі

Сарыбеков                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Махметғали Нұрғалиұлы          ғылым вице-министрі

Смағұлов                     - Қазақстан Республикасы Көлік және
Баянбек Жарылғапұлы            коммуникация министрлігінің Азаматтық
                               авиация комитеті төрағасының
                               орынбасары

Крюкова                      - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Наталья Алексеевна             халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
                               Әлеуметтік көмек департаментінің
                               директоры

Төлеғалиева                  - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Ажар Ғинаятқызы                сақтау министрлігі Медициналық көмекті
                               ұйымдастыру департаментінің директоры

Аманбаев                     - Қазақстандағы мүгедектер ұйымы
Әли Әбілдаұлы                  одағының төрағасы (келісім бойынша)

Әубәкіров                    - «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық
Байболат Абайұлы               бірлестігі орталық басқармасының
                               төрағасы (келісім бойынша)

Әбдімомынов                  - «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық
Мұрат Өсербайұлы               бірлестігінің төрағасы (келісім
                               бойынша)

Байменова                    - «Ақтөбе қаласының сал ауруларды қорғау
Құралай Базарбайқызы           қоғамы» қоғамдық бірлестігінің
                               төрайымы (келісім бойынша)

Бекбатыров                   - «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық
Жангелді Рахманұлы             бірлестігінің Ақмола филиалы
                               басқармасының төрағасы (келісім
                               бойынша)

Ерділдинова                  - «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық
Дина Исламқызы                 бірлестігінің төрайымы (келісім
                               бойынша)

Жолмағамбетов                - «Қазақ зағиптар қоғамының Ақтөбе
Сапарғали Шабайұлы             оқу-өндірістік кәсіпорны»
                               жауапкершілігі шектеулі
                               серіктестігінің директоры (келісім
                               бойынша)

Ивкин                        - «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту Александр Михайлович           орталығы» қоғамдық бірлестігінің
                               төрағасы (келісім бойынша)

Иманәлиев                    - «Намыс» жоғары білімді мүгедектердің
Қайрат                         қоғамдық бірлестігінің төрағасы
                              (келісім бойынша)

Исай                        - «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық
Тезекбай Ділдәбекұлы          бірлестігінің президенті (келісім
                              бойынша)

Қалтаева                    - «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер
Ләззат Молдабекқызы           қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің
                              төрайымы (келісім бойынша)

Мирвазетдинова              - Шығыс Қазақстан облысы мүгедектерінің
Мағиза Мүбаракқызы            ерікті қоғамының төрайымы (келісім
                              бойынша)

Омарбекова                  - «Қазақстандық мүгедектер
Жанат Әнуарбекқызы            конфедерациясы» республикалық қоғамдық
                              бірлестігінің, төрайымы (келісім
                              бойынша)

Төлегенов                   - «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық
Руслан Қаншыбекұлы            бірлестігінің төрағасы (келісім
                              бойынша)

Четвериков                  - «Павлодар қалалық мүгедектердің ерікті
Георгий Михайлович            қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
                              (келісім бойынша)

Шиманский                   - «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы»
Василий Леонидович            қоғамдық бірлестігінің төрағасы
                              (келісім бойынша)