Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін қуру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылға 13 сәуірдегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
      2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1266 қаулысымен    
бекітілген       

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі
туралы ереже

      Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Үйлестіру кеңесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.

      2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Үйлестіру кеңесінің құрамына Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттерді заңнамаға сәйкес шешу құзыретіне енетін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері олармен келісім бойынша енгізіледі.

      4. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары

      5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
      Мүгедектерді оңалту бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру;
      орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықаралық және өзге де ұйымдармен, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.

      6. Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары:
      Бағдарлама іс-шараларының орындалуы жөніндегі істің жай-күйін талдау;
      мыналарды:
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді;
      мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қызметін;
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары

      7. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында Үйлестіру кеңесінің:
      орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      Үйлестіру кеңесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге;
      Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.

4. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру

      8. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
      Төраға Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Үйлестiру кеңесі жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Үйлестiру кеңесi әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07 N 644 қаулысымен.

      9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын дайындауды Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
      Үйлестіру кеңесі өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

      10. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - төрағаның орынбасары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет шақырады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Үйлестіру кеңесінің отырысы заңды деп есептеледі.

      11. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      12. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша  мiндеттi түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.07.07 N 644 қаулысымен.

      13. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2005 жылғы 21 желтоқсандағы 
N 1266 қаулысымен      
бекітілген         

 Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 N 215 қаулысымен.

Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары, төрайым

Дүйсенова
Тамара Босымбекқызы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрі,
төрайымның орынбасары

Орынтаева
Гүлнәр Мұқанқызы

-

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік
көмек департаментінің директоры, хатшы

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасының Экономика және
бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Байжүнісов
Ерік Әбенұлы

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
вице-министрі

Бектұров
Азат Ғаббасұлы

-

Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация вице-министрі

Жақыпова
Светлана Қабыкенқызы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Иманғалиев
Есенғазы Нұртөлеуұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
вице-министрі

Нокин
Серік Кеңесұлы

-

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
вице-министрі

Омаров
Жанай Сейітжанұлы

-

Қазақстан Республикасының Мәдениет және
ақпарат вице-министрі

Рау
Альберт Павлович

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және
жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Ашуев
Айдын Жұмабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі төрағасының орынбасары

Қанағатов
Елсияр Баймұхамедұлы

-

Қазақстан Республикасы Спорт және дене
шынықтыру істері агенттігі төрағасының
орынбасары

Калюжный
Вячеслав Афанасьевич

-

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың
басшысы (келісім бойынша)

Аманбаев
Әли Әбілдаұлы

-

Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының
төрағасы (келісім бойынша)

Әубәкіров
Байболат Абайұлы

-

«Қазақ зағиптар қоғамы» Орталық қоғамдық
бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім
бойынша)

Әбдімомынов
Мұрат Өсербайұлы

-

«Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Байменова
Құралай Базарбайқызы

-

«Ақтөбе қаласының сал азаматтарды қорғау
қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы
(келісім бойынша)

Бекбатыров
Жангелді Рахманұлы

-

«Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық
бірлестігінің Ақмола филиалының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)

Ерділдинова
Дина Исламқызы

-

«ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)

Жолмағамбетов
Сапарғали Шабайұлы

-

«Қазақ зағиптар қоғамының Ақтөбе
оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
(келісім бойынша)

Ивкин
Александр Михайлович

-

«Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту
орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
(келісім бойынша)

Иманәлиев
Қайрат

-

«Намыс» жоғары білімді мүгедектердің
қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім
бойынша)

Исай
Тезекбай Ділдәбекұлы

-

«Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық
бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Қалтаева
Ләззат Молдабекқызы

-

«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер
қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің
төрайымы (келісім бойынша)

Мирвазетдинова
Мағиза Мүбаракқызы

-

Шығыс Қазақстан облысы мүгедектерінің
ерікті қоғамының төрайымы (келісім
бойынша)

Омарбекова
Жанат Әнуарбекқызы

-

«Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы»
республикалық қоғамдық бірлестігінің,
төрайымы (келісім бойынша)

Төлегенов
Руслан Қаншыбекұлы

-

«Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

Четвериков
Георгий Михайлович

-

«Павлодар қалалық мүгедектердің ерікті
қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
(келісім бойынша)

Шиманский
Василий Леонидович

-

«Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім
бойынша)