Қолданушылар назарына!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi;
2) Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi;
3) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны;
4) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны;
5) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініштің нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы мәлiметтi куәландыруға уәкілеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
1-1) өтiнiш берушiлерге нысаны осы қаулымен бекiтiлген, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған өтiнiш бланкiлерiнiң, сондай-ақ Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiне 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мәлiметтердiң тегiн берiлуiн қамтамасыз етсiн;
2) учаскелiк комиссиялар туралы бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Бала тууына байланысты берілетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 100-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 503-құжат).
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiлетiн Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiнiң 2-тармағының 5) тармақшасын, 11, 17, 18-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 2 қарашадағы
N 1092 қаулысымен
бекiтiлген
Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесi
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «және бала күтімі жөніндегі» деген сөздер «, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Осы Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мынадай түрдегi ақшалай төлемдер:
бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - бала туғанда берiлетiн жәрдемақы);
бала бiр жасқа толысымен оның күтiмi жөнiнде тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы);
он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы);
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала (қыз) асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
2) бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi;
3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
4) отбасы - некеден, туыстықтан, балаларды асырап алудан немесе тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға ықпал етуге тиiстi адамдар тобы;
5) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы - отбасы жиынтық табысының отбасының әрбiр мүшесiне ай сайын келетін үлесi;
7) өтiнiш берушi - жәрдемақылар тағайындату үшiн отбасы атынан өтiнiш беретiн адам;
8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия;
9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
10) уәкілеттi ұйым - Қазақстан Республикасының Yкiметi "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының шарттарымен функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген заңды тұлға;
11) жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым - екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2. Жәрдемақылар алуға өтiнiш беру тәртiбi
2. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымға мынадай өтініш берушілер өтініш жасайды:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін:
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатынына (қатыспайтынына) қарамастан, бала күтімін жүзеге асыратын адамдар;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін:
баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын адамдар;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адамдар.
3) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін:
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасы немесе әкесі, бала (қыз) асырап алушы, қамқоршы (қорғаншы).
Жоғарыда санамаланған жәрдемақыларды тағайындауға өтініш жасаған кезде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақыны және (немесе) бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері) не тууы туралы акті (актілер) жазбасының (жазбаларының) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) отбасының тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) отбасы құрамы туралы мәліметтер (бала күтімі жөніндегі жәрдемақы үшін осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес);
6) баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы үшін).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш беру мерзiмi бала туған күннен бастап 12 айдан аспауға тиiс.
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:
1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;
2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);
3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы, не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);
5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес отбасының құрамы туралы мәлiметтер;
6) осы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.
Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi құжаттарын кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне тапсырады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29. N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Бұл ретте балаларға арналған жәрдемақыны алуға құқық тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
6. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
7. Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.
8. Асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
9. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi, оларды тiркейдi және өтiнiштiң бекiтiлген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтiнiш берушіге бередi.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
10. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
3. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбі
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11. Бала күтiмі жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап бiр жасқа толысымен тағайындалады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса тағайындалады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11-1. Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы өтініш берілген күнінен бастап бала мүгедектігінің барлық кезеңіне тағайындалады.
Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
12. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылар отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13. Уәкiлеттi ұйым өтiніш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде iсті қалыптастырады, осы Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы тәрбиелеушіге бала туғанда берiлуiн, бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкілетті органға жiбередi.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
14. Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган істерді қабылдап алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды, бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және уәкілетті ұйымдарға жібереді.
Бас тартқан жағдайда бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган уәкiлеттi ұйым арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
15. Жәрдемақыларды төлеудi уәкiлеттi ұйым өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
16. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы құжаттарды уәкiлеттi ұйымға бергеннен кейiн бiр ай мерзiмде төленедi.
17. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленедi. Бiр айдан артық уақытқа есептелген жәрдемақы сомасы бiр уақытта төленедi.
Отбасында екі және одан да көп мүгедек балалар болған жағдайда, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы әр мүгедек балаға тағайындалады және төленеді.
Төлемдi тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кiнәсiнен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшiн мерзiмi шектелмей бір уақытта төленедi.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
17-1. Айлық есептiк көрсеткiштiң және (немесе) ең төменгі жалақының мөлшерi және (немесе) жәрдемақылардың мөлшері өзгерген жағдайда, уәкiлеттi ұйым осы Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысандағы шешімнің жобасын дайындайды және тағайындалған жәрдемақылар мөлшерiнiң өзгергенiн ескере отырып, оны бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.
Бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiм жобаларын он жұмыс күнi iшiнде қарайды және бекiтедi әрi уәкiлеттi ұйымға жiбередi.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
18. Бала күтiмi жөнiндегi, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды алушылар 15 күн мерзiмде уәкiлеттi ұйымды көрсетілген жәрдемақыларды алу құқығына және (немесе) олардың мөлшеріне әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы хабардар етуге мiндеттi.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
18-1. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақының және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімнің жобасын жәрдемақының тағайындалған мөлшерінің өзгеруін ескере отырып дайындайды және бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және уәкілетті ұйымға жібереді.
Ескерту. 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
18-2. Бала күтімі жөніндегі және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақылар төлемін тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жайлар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым Ережеге 4-қосымшаға және (немесе) 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы төлемін тоқтату туралы шешімнің жобасын дайындайды және бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге жібереді.
Бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шешімнің жобасын қарап бекітеді және уәкілетті ұйымға жібереді.
Жәрдемақы төлемі төлемді тоқтату үшін негіз болып табылған мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 18-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
19. Уәкiлеттi ұйым бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтінім жасайды.
Уәкiлеттi ұйым ай сайын 25-күнi уәкiлеттi мемлекеттiк органға бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
20. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына аударады.
21. Уәкiлеттi ұйым облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi кестенi жасайды және үш банктiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
22. Бөлiнген қаражат бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
23. Төленген сомалар бойынша облыстық, аудандық және қалалық уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақылар төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
24. Жәрдемақылар беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу уәкiлеттi ұйым мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
4. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау
және төлеу тәртiбi
25. Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға тағайындалады.
26. Балаларға арналған жәрдемақы өтiнiш берiлген айдан бастап жәрдемақы алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Қажеттi барлық құжаттарымен, өтiнiш берген ай өтiнiш жасалған ай деп саналады.
Балаларға арналған жәрдемақы төлеу өткен ай үшiн ай сайын жүргiзiледi.
Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда жәрдемақы төлемі бала (балалар) қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
27. Отбасының жиынтық табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсан үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен есептеледi.
28. Азаматтар алғаш өтініш берген кезде балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыларды алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Азаматтар бір күнтізбелік жылдың ішінде қайталап өтініш берген кезде учаскелік комиссияның балаларға арналған жәрдемақыларды алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізу туралы шешім өтініш берушінің (отбасының) тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), отбасының құрамы мен табысы өзгерген жағдайларда, өтініш беруші ұсынған деректер нақтыланған кезде қабылданады.
Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсынады.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
29. Бала туғанда берiлетiн, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде iстi қалыптастырады және балаларға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
Бас тартқан жағдайда, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
30. Әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, армияда қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңге балаларға арналған жәрдемақы тағайындалмайды.
31. Жәрдемақы алушылар 15 күн мерзiмде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органды балаларға арналған жәрдемақы мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге мiндетті.
Өтініш беруші балаларға арналған жәрдемақының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайда, жәрдемақы мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оның тағайындалған сәтінен асырмай қайта қаралады.
Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға тиіс, бұл туралы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган жәрдемақы алушыны он жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
32. Балаларға арналған жәрдемақы төлеудi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң таңдауы бойынша жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
5. Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттiк жәрдемақылардың
уақтылы тағайындалуы және төленуi үшiн жауапкершілiк
33. Жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi ұйым тиiсiнше жәрдемақыларды тағайындаудың, төлеудiң және берудiң уақтылығы үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесiне
1-қосымша
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтiнiш берушi отбасының құрамы туралы мәлiметтер
__________________________ _________________________
(өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, тел.)
Р/с |
Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. |
Өтiнiш берушiге |
Туған күнi |
Өтінiш берушiнiң қолы ________ Күні _______
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесiне
2-қосымша
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтініш берушінің отбасы мүшелерiнiң 200_жылғы__ тоқсанда
алған табысы туралы
МӘЛIМЕТТЕР
__________________________ _________________________
(Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, тел.)
P/c |
Отбасы |
Жұмыс, оқу орны |
Құжатта- |
Өзге де мәлiмделген |
||
Та- |
Сома- |
Та- |
Сома- |
|||
Өтінiш берушiнiң қолы ________
Күні _______
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесiне
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Жеке қосалқы шаруашылығының
бар-жоғы туралы мәлiметтер
(табысты есептеу үшiн)
__________________________ _________________________
(Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен-жайы, тел.)
Өлшем |
Саны |
Yй малы, құс |
Жасы |
Саны |
|
Саяжай |
Iрi қара мал: |
||||
Бақша |
Жылқылар: биелер |
||||
Жер учаскесi, оның ішінде үй |
Түйелер |
||||
Шартты жер үлесi |
Қойлар, ешкiлер |
||||
Мүліктік пай |
Тауықтар, |
||||
Шошқалар |
Өтінiш берушiнiң қолы ________
Күні _______
Кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң немесе
жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы
мәлiметтердi қол қоюға уәкiлетті органның
өзге де лауазымды адамының Т.А.Ә._________ ___________________
(қолы) (тегі)
Балалы отбасыларға берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу ережесiне
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1382 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Бала туғанда берілетiн жәрдемақы, күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы
ШЕШIМ
N ______ 200__жылғы "___"_____
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті _______________________
облысы (қаласы) бойынша департаментi
Iстiң N _________
Азамат ___________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты )
Өтiнiш берілген күн ______________________________________________
Баланың туған күнi _______________________________________________
баланың туу туралы куәлiгiнiң (баланың тууы туралы акті жазбасының)
N _____________ берілген күнi ____________________________________
Баланың туу туралы куәлiгiн (баланың тууы туралы акті жазбасын)
берген органның атауы ____________________________________________
Баланың ТАӘ _______________________________ баланың туу кезектiлiгi
_________________________________ (жазумен)
Тағайындалған сома:
бала туғанда берiлетiн жәрдемақы ________ теңге __________________
(жазумен)
күтiмi жөнiндегi жәрдемақы 200___ ж. ________бастап 200__ж.___ дейiн
________________ теңге сомасында _________________________________
(жазумен)
Айлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне байланысты күтiмi жөнiндегi
жәрдемақыны тағайындау: __________________________________________
__________________________________________________________________
Баланың ТАӘ ______________________________________________________
күтiмi жөнiндегi жәрдемақы __________ бастап _______________ дейiн
_________________ теңге сомасында ________________________________
(жазумен)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________ себеп бойынша тағайындаудан бас тартылды
Жәрдемақы төлемі мынадай себептер бойынша тоқтатылды:______
M.O.
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің директоры _____________ _______________
(қолы) (тегi)
зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау
жөнiндегi бөлiмнiң бастығы ______________ _______________
(қолы) (тегi)
тағайындау жөнiндегi маман ______________ _______________
(қолы) (тегi)
Шешiмнiң жобасы әзiрлендi:
M.O.
ЗТМО бөлiмшесiнiң бастығы _________________ _______________
(қолы) (тегi)
ЗТМО бөлiмшесiнiң маманы _________________ _______________
(қолы) (тегi)
Балалы отбасыларға мемлекеттік
жәрдемақы тағайындау және
төлеу ережесіне
4-1 қосымша
Ескерту. Ереже 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Мүгедек бала тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау
(тағайындаудан бас тарту) туралы
ШЕШІМ
№_____ 20__ ж. «__» ________
_______________ облысы (қаласы) бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Істің №_____
Азамат (ша) ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш берген күні __________________________________________________
Баланың туу туралы куәлігінің (баланың тууы туралы акті жазбасының)
№ ________________________________
Берілген күні _________________ баланың туу туралы куәлігін (баланың тууы туралы акті жазбасын) берген органның атауы ____________________
Мүгедек баланың Т.А.Ә._______________________________________________
Мүгедек баланың туған күні __________________________________________
Мүгедектігі туралы анықтама ___________________________
Мүгедектік 20__ ж. «__» бастап 20__ ж. «___» ________ қоса алғандағы мерзімге белгіленді
20__ ж. «__» ___________ бастап 20__ ж. «__» ________ қоса алғанда мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының тағайындалған сомасы ______ теңге __________________________________
(жазбаша)
Азамат (ша)
Т.А.Ә.___________________________________________________________
ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне және (немесе) жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін мән-жайлардың туындауына байланысты мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының тағайындалған сомасы
20__ ж. «__» ________ бастап 20__ ж. «__» ________ қоса алғанда
сомасы __________ теңге _________________________________________
(жазбаша)
_________________ себебінен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды.
Жәрдемақы төлемі мынадай себептермен тоқтатылды:________________
М.О.
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің директоры __________ ________
(қолы) (тегі)
Зейнетақылар мен жәрдемақылар
тағайындау бөлімінің бастығы __________ ________
(колы) (тегі)
Тағайындау жөніндегі маман __________ ________
(қолы) (тегі)
Шешімнің жобасы әзірленді:
М.О. ЗТМО бөлімінің бастығы __________ ________
(қолы) (тегі)
ЗТМО бөлімшесінің маманы __________ ________
(қолы) (тегі)
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 2 қарашадағы
N 1092 қаулысымен
бекiтiлген
Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесi
Осы Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және он сегiз жасқа дейiнгi балаларға тағайындалатын және төленетiн ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрi - балаларға арналған жәрдемақы) алуға үмiткер отбасылардың жиынтық табысын есептеу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жиынтық табысты есептеу тәртiбi
1. Отбасының жиынтық табысын балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган есептейдi.
2. Жиынтық табысқа осы Ереженiң 2-бөлiмiне сәйкес отбасы құрамында есепке алынған барлық адамдардың балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) табысы қосылады.
Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген отбасы мүшесiнiң табысы келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептi кезеңде отбасының мүшесi кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне келетiн орта есеппен жан басына шаққандағы табыс шегерiле отырып есептеледi.
3. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы есептi кезеңдегi жиынтық табысты көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.
4. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
5. Өтiнiш берушi тексеру жүргiзуге уәкiлеттi органдар анықтаған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған жағдайда, жиынтық табысты есептеу жүргiзiлмейдi.
Өтiнiш берушi балаларға арналған жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушiге және оның отбасына балаларға арналған жәрдемақы төлемi тоқтатылады.
2. Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын
отбасының құрамы
6. Жиынтық табысты есептеу кезiнде балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының құрамында мыналар есепке алынады:
1) ата-аналар (асырап алушылар) мен олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалары;
2) оқушылар мен күндiзгi оқу бөлiмiнiң 18 жасқа толмаған студенттерi, оның iшiнде стипендия алатындар (олардың ата-аналарымен (асырап алушылармен, қорғаншылармен (қамқоршылармен) бiрге тұруына немесе басқа елдi мекендерде оқып жүргенiне қарамастан);
3) отбасында тұратын өгей ұлдар мен өгей қыздар, егер олар басқа ата-анасының отбасында есепке алынбаған болса;
4) тұрақты медициналық және санаторийлiк-курорттық ұйымдарда емделiп жатқан балалар, сондай-ақ мектеп-интернаттарда ұстау үшiн ата-аналары (асырап алушылары, қорғаншылары (қамқоршылары) iшiнара ақы төлейтiн балалар.
7. Жиынтық табысты есептеу кезiнде балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасы құрамында мыналар есепке алынбайды:
1) ата-аналарының (асырап алушылардың) туыстары - еңбекке жарамды ата-аналары немесе зейнетақы алатын ата-аналары, атасы, әжесi, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және басқа да туыстары;
2) ата-анасы оларға қатысты ата-аналық құқығынан айырылған балалар;
3) 14 жастағы және одан жоғары жұмыс iстейтiн балалар;
4) толық мемлекет қарауындағы балалар;
5) меншiк нысанына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында толық қамсыздандыру жағдайында ақы төлемей оқитындар;
6) қорғаншының (асырап алушының) отбасында тәрбиеленушi балалар;
7) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, оның iшiнде әскери-құрылыс жасақтарында қызмет өткерiп жүргендер.
8. Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының құрамы жәрдемақы алуға өтiнiш берген сәтте есепке алынады.
9. Қорғаншылығындағы балаларға жәрдемақы алуға жиынтық табысты есептеген кезде отбасының құрамында қорғаншылығындағы балалар ғана есепке алынады.
10. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда, балалар анасының немесе әкесiнiң отбасында өздерiнiң нақты тұруына қарай есепке алынады.
3. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде
есепке алынатын табыс түрлерi
11. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өзге де табыс.
12. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақылар;
3) тұрғын үй көмегi;
4) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
5) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
6) есептi кезеңде белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнен төмен жалпы сомада көрсетiлген, ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
Есептi кезеңде көрсетiлген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөрiс деңгейiнен асып түскен жағдайда, көрсетiлген көмек сомасы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада есептi кезеңде қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейi арасындағы айырма жиынтық табыста есепке алынады;
7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, осы фактi анықталған тоқсандағы жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
9) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
10) қорғаншылардың (қамқоршылардың) табысы (қорғаншы балаларға арналған жәрдемақы тағайындаған кезде);
11) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
12) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
13) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілiк препараттар;
санаторийлiк-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
тегiн тамақтандыру мен бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетiлетiн көмек;
15) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi заңнамалық кесiмдермен оралмандарға:
тұрақты тұратын жерiне жол жүру және мүлкiн жеткiзу (оның iшiнде малын) жөнiндегi шығыстарды өтеуге;
келген жерiнде тұрғын үй сатып алуға және бiржолғы жәрдемақы төлеуге көзделген қаражат.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, еңбекақы,
әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыс
13. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай (осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
жұмыс берушi төлеген кредит сомасы. Көрсетiлген төлемдер кредиттi өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженiң 12-тармағының 14) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
14. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
15. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр уақытта алынған кезде (оның iшiнде жалақы, зейнетақы, жәрдемақылар, алимент және т.б. бойынша берешектер), алынған табыс сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
16. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
17. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
18. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк төлемдер түрiнде табыс алуы зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлiгiнiң көшiрмесiмен не Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлiмшелерi беретiн анықтамамен расталады.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
5. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
19. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен:
1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
20. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
21. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
22. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
6. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын,
балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс
23. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
24. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
Жиынтық табыс, егер төлеушi:
1) жұмыс iстемейтiн және уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң бас еркiнен айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген анықтамасын ұсынған кезде);
3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен емдеу профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен;
5) құзыреттi органның анықтамасымен немесе учаскелiк комиссияның қорытындысымен расталған, спирттi iшiмдiктердi, есiрткi заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда, алименттi есепке алмай есептеледi.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
25. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
26. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
7. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке
қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
27. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерiлген әрбiр мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
28. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсiруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
29. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс өтiнiш берушiнiң кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi немесе басқа да құзыреттi орган қол қойған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшерi туралы мәлiметтерiнiң негiзiнде әрбiр отбасы бойынша есептеледi.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
30. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ережеге 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалардың негiзiнде есептейдi.
Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн статистика органдары ұсынатын бағаларды жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, түзете алады.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
31. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 2, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
32. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
33. Осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
34. Осы Ереженiң 33-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
35. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс
36. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
6) авторлық сыйақы түрiндегi;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
8) кредиттi (шағын кредитті) пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
11) ақшалай аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
37. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
38. Алынған кредиттердiң (шағын кредиттердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
39. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс он екi айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi есептi кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыстың, отбасының құрамында ескерiлген әрбiр мүшесiне келетiн үлесi балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI
Облысы |
Ауданы, қаласы |
1 |
2 |
1. Дала аймағы | |
---|---|
Солтүстiк Қазақстан |
1. Айыртау |
Ақмола |
1. Еңбекшілдер |
Қостанай |
1. Қарабалық |
Павлодар |
1. Ертiс |
2. Қуаң дала аймағы | |
Батыс Қазақстан |
1. Ақжайық |
Ақтөбе |
1. Қобда |
Қостанай |
1. Қамысты |
Ақмола |
1. Есiл |
Астана қаласы |
|
Қарағанды |
1. Нұра |
Павлодар |
1. Ақтоғай |
Шығыс Қазақстан |
1. Бесқарағай |
3. Шөлейттi аймақ | |
Алматы |
1. Қапшағай |
Батыс Қазақстан |
1. Бөкөйордасы |
Қостанай |
1. Амангелдi |
Ақтөбе |
1. Ойыл |
Қарағанды |
1. Жаңаарқа |
Шығыс Қазақстан |
1. Абай |
4. Шөлдi аймақ | |
Атырау |
1. Жылыой |
Қызылорда |
1. Арал |
Ақтөбе |
1. Байғанин |
Маңғыстау |
1. Бейнеу |
Оңтүстік Қазақстан |
1. Созақ |
Жамбыл |
1. Сарысу |
Алматы |
1. Балқаш |
5. Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ | |
Алматы |
1. Ақсу |
Алматы қаласы |
|
Жамбыл |
1. Байзақ |
Оңтүстiк Қазақстан |
1. Арыс |
Шығыс Қазақстан |
1. Үржар |
6. Оңтүстік Сiбiр таулы және тау eтeгі аймағы | |
Шығыс Қазақстан |
1. Глубокое |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
2-қосымша
Дала аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң
нормативтiк карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
143 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
20 |
114 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
15 |
83 |
|||
Картоп |
80 |
1256 |
|||
Көкөнiстер |
65 |
1069 |
|||
Бақшалар |
105 |
483 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
35 |
634 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
25 |
509 |
|||
Жидек дақылдары |
33 |
946 |
|||
Жүзім |
25 |
636 |
|||
Күнбағыс |
12 |
220 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
2200 |
26549 |
|||
Eтті iрi қара мал |
179 |
15308 |
|||
Шошқалар |
110 |
9425 |
|||
Қойлар, ешкілер |
22/2,5 |
5800 |
|||
Жылқы (жылқы |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалай- |
200 |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
3-қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
150 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
15 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
83 |
|||
Картоп |
70 |
1164 |
|||
Көкөнiстер |
80 |
1245 |
|||
Бақшалар |
115 |
518 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
30 |
583 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
22 |
514 |
|||
Жидек дақылдары |
23 |
819 |
|||
Жүзім |
22 |
595 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
1900 |
21034 |
|||
Eтті iрi қара мал |
179 |
16435 |
|||
Шошқалар |
110 |
9107 |
|||
Қойлар, ешкілер |
22/2,5 |
3042 |
|||
Жылқы (жылқы |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалай- |
200 |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
10 |
226 |
|||
Арпа |
15 |
174 |
|||
Қарамық |
8 |
153 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
10 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
84 |
|||
Картоп |
70 |
1102 |
|||
Көкөнiстер |
90 |
1249 |
|||
Бақшалар |
85 |
458 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
22 |
525 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
20 |
498 |
|||
Жидек дақылдары |
10 |
589 |
|||
Жүзім |
20 |
564 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
1100 |
19944 |
|||
Eтті iрi қара мал |
165 |
16016 |
|||
Шошқалар |
110 |
8462 |
|||
Қойлар, ешкілер |
22/2,25 |
1200/105 |
|||
Жылқы (жылқы |
138 |
6044 |
|||
Түйе (түйе еті) |
140 |
2925 |
|||
Жұмыртқалай- |
200 |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
5-қосымша
Шөлді аймақтағы жеке қосалқы
шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің
нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
278 |
|||
Арпа |
25 |
215 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
40 |
295 |
|||
Көп жылдық шөптер |
45 |
172 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
25 |
101 |
|||
Картоп |
100 |
1886 |
|||
Көкөнiстер |
125 |
1366 |
|||
Бақшалар |
120 |
556 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
19 |
483 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
20 |
492 |
|||
Жидек дақылдары |
10 |
589 |
|||
Жүзім |
19 |
572 |
|||
Күнбағыс |
8 |
208 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
880 |
17255 |
|||
Eтті iрi қара мал |
138 |
15924 |
|||
Шошқалар |
110 |
8973 |
|||
Қойлар, ешкілер |
18/1,0 |
1696 |
|||
Жылқы (жылқы |
138 |
5979 |
|||
Түйе (түйе еті) |
154 |
2925 |
|||
Жұмыртқалай- |
200 |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
6-қосымша
Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы
жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты
есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
293 |
|||
Арпа |
25 |
234 |
|||
Қарамық |
10 |
258 |
|||
Жүгерi (дәні) |
40 |
295 |
|||
Жүгерi (жасыл |
160 |
235 |
|||
Күріш |
40 |
886 |
|||
Қант |
200 |
525 |
|||
Темекі |
18 |
1537 |
|||
Қоза |
30 |
853 |
|||
Көп жылдық шөптер |
45 |
181 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
25 |
101 |
|||
Картоп |
120 |
2324 |
|||
Көкөнiстер |
145 |
1442 |
|||
Бақшалар |
105 |
488 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
40 |
798 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
35 |
664 |
|||
Жидек дақылдары |
30 |
980 |
|||
Жүзім |
40 |
786 |
|||
Күнбағыс |
16 |
277 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
2500 |
20168 |
|||
Eтті iрi қара мал |
179 |
14047 |
|||
Шошқалар |
110 |
8138 |
|||
Қойлар, ешкілер |
20/3,5 |
2318 |
|||
Жылқы (жылқы |
151 |
5795 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2959 |
|||
Жұмыртқалай- |
200 |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
7-қосымша
Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы
жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты
есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң |
Жердiң |
1 кг |
1 соткадан |
1 сотка |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
15 |
272 |
|||
Арпа |
20 |
218 |
|||
Қарамық |
10 |
258 |
|||
Жүгерi (жасыл |
100 |
131 |
|||
Көп жылдық шөптер |
20 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
12 |
66 |
|||
Картоп |
90 |
1746 |
|||
Көкөнiстер |
90 |
1173 |
|||
Бақшалар |
105 |
483 |
|||
Шекілдеуiк бақтары |
16 |
432 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары |
15 |
484 |
|||
Жидек дақылдары |
15 |
994 |
|||
Жүзім |
34 |
662 |
|||
Күнбағыс |
12 |
218 |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан |
1 басқа |
1 кг |
1 бастан |
1 бастан түскен |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал |
1900 |
19424 |
|||
Eтті iрi қара мал |
165 |
14231 |
|||
Шошқалар |
110 |
8973 |
|||
Қойлар, ешкілер |
22/2,0 |
2152 |
|||
Жылқы (жылқы |
151 |
5563 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2959 |
|||
Жұмыртқалай- |
200 |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
8-қосымша
АЗЫҚ-ТҮЛIКТIК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
YЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ
ЖАСЫ
Малдардың түрi |
Өлшем |
Өнiм беру жағдайына |
Iрi қара мал |
ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
ай |
12 |
Шошқалар |
ай |
10 |
Жылқылар |
ай |
16 |
Түйелер |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Балаларға арналған жәрдемақы
алуға үмiткер отбасының
жиынтық табысын есептеу ережесiне
9-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ____________________
Үйiнiң мекен-жайы __________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, |
жылына |
жылына |
бiр тоқсанда |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Жиыны: бiр жылғы табыс |
х |
х |
||
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс |
х |
х |
х |
х |
200__ж. "__"_________ ____________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
___________________________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 2 қарашадағы
N 1092 қаулысымен
бекiтiлген
Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе)
бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi
жөнiндегі жәрдемақы тағайындау үшiн
өтiніштiң нысаны
Ескерту. Нысанға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің
2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа
енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.12.27. N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
______________________________
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаменті _________________
ӨТIНIШ
______________________________ (баланың тегi, аты, туған күнi) бала
тууға байланысты берiлетiн жәрдемақы және (немесе) 1 жасқа толғанға
дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындауды өтiнемiн
Тегi _____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінiң аты _____________________________________________________
Мекен-жайы _______________________________________________________
Отбасының құрамында ______ адам, отбасы құрамы туралы мәлiметтердi
қоса берiп отырмын
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ___________________________
Сериясы ________ нөмiрi _________ кiм берген _____________________
ӘЖК ___________________________ СТН ______________________________
Жеке шотының нөмiрi ___________________ Банктiң атауы ____________
Өзгерiстер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.
200__жылғы "____"___________ _________________________________
(өтiнiш иесiнiң қолы)
Өтiнiш қабылданды:
200__жылғы "____"___________ _________________________________
(құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Өзгерiстер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы ескертілдi.
Қоса берiлген құжаттармен азамат _________________ өтiнiшi
______ данада 200____ж. "____"_________ қабылданды.
_____________ ____________________________________________________
қолы (құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 2 қарашадағы
N 1092 қаулысымен
бекiтiлген
Ескерту. Нысанға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің
2007.04.30 N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа
енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. Нысанға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған
жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны
"Балаларға арналған жәрдемақыны
тағайындау және төлеу жөнiндегі
уәкiлеттi органға
_______________________________
(елдi мекен, аудан, облыс)
_______________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты,
әкесiнiң аты)
___________ мекен-жайында тұратын
(көше, үй мен пәтердiң N, телефоны)
жеке басының куәлiгі N _________
_________________________ берген
берiлген күнi __________________
ӘЖК N __________________________
СТН ____________________________
кәсiбi _________________________
_________
|_________| Отбасының тiркеу нөмiрi
Өтініш
Балаларға арналған жәрдемақы тағайындауды сұраймын. Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.
Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын:
1. Баланың тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi.
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
3. Отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
4. Отбасының құрамы туралы мәлiметтер.
5. Отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.
Жеке шоттың N ____________ Банктiң атауы __________________________
Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.
200__ж. "__"____________ _____________________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Құжаттар қабылданды:
200__ж. "__"____________ _____________________________________
қолы (құжаттарды қабылдаған адамның
Т.А.Ә., лауазымы)
уәкілетті органның құжаттарды ауылдың (селоның), ауылдық
(селолық) округтің әкімінен қабылдап алған күні туралы белгі
20__ж. «__» _________,
__________ ________________________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдап алған адамның Т.Ә.А., лауазымы)
--------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы_____________________________
______ данада қоса берілген құжаттармен азамат _______ өтiнiшi
Отбасының тiркеу нөмiрi _______
____________ _________________________________________________
қолы (құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)
200__ж. "__"____________ қабылданды"
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 2 қарашадағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Қаулы нысанмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Мүгедек бала тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін
өтініштің нысаны
_______________________ облысы
(қаласы) бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау
департаментінің директоры
______________________________
(Т.А.Ә.)
Өтініш
________________________________________________________________
(мүгедек баланың тегі, аты, туған күні)
мүгедек баланы тәрбиелеуіне байланысты жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Тегі ____________________________________________________________
Аты ______________ Әкесінің аты _________________________________
Мекенжайы _______________________________________________________
Баланың мүгедектігі туралы анықтама _______ 20__ ж. «__» ________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі __________________________
Сериясы __________ нөмірі __________ кім берген _________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)* _________________
Жеке шотының № ____________ Банктің атауы _______________________
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
20__ ж. «__» ___________ _____________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар
20__ ж. «__» ___________ қабылданды
_________ ________________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)
_________________________________________________________________
(қию сызығы)
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Қоса берілген құжаттармен азамат _________________ өтініші ______ данада 20__ ж. «__» ___________ қабылданды.
__________ _______________________________________________
(қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)
Ескертпе:
* - осы жолда ЖСН-мен бірге 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданылатын СТН мен ӘЖК қатар көрсетіледі.