Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1225 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.02. N 1092 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 100-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      кiрiспедегi "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудiң ережесiнде:
      кiрiспедегi "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Жәрдемақыларды төлеу ата-анасының бiреуiне (тiрi бала туған анасына не осы баланың әкесiне), ата-анасының екеуi де болмаған жағдайда - қамқоршыларына не баланың өзге заңды өкiлдерiне табысына қарамастан жүргiзiледi";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Туған әрбiр балаға жәрдемақы төлеу тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүзеге асырылады";
      8-тармақтағы "6" деген сан "12" деген сандармен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      2) тармақша "не емдеу мекемесiнiң бала туылғаны туралы анықтамасының көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын;
      17-тармақтағы "2003 жылға арналған" деген сөздер "тиiстi жылға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы