Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 51 Қаулысы

Жаңартылған

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 51 қаулысымен  
бекітiлген      

Бөлiнбейтiн іpi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді
Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігi туралы" 2003 жылғы 4 шiлдедегi, "Автомобиль жолдары туралы" 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiне, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көліктің тiзбесiне (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi), "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбiр мәселелер" туралы 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескере отырып, автомобиль жолдары арқылы және қалалар мен елдi мекендердің көшелерi арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн реттейдi.
      3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;
      2) iлесiп жүру автомобилi – жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына автомобиль жолдарымен iлесiп жүретiн, тиiстi тану белгiлерi бар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлімшілерінің (бұдан әрi - жол полициясы) ақысыз негiзде ұсынатын патрульдiк автомобилi;
      3) бақылаушы органдар – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, жол полициясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері;
      4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны - iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;
      5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы;
      6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк;
      7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;
      8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;
      9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал;
      10) бөлiнбейтiн жүк - тасымалдау кезінде бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына шектен тыс шығынсыз (мысалы жүктiң немесе оны тасымалдау құнымен бара-бар болатын), сондай-ақ жүктi өндiрушi немесе жүктi жiберушінiң құжаттарымен расталған жоюға болмайтын бастапқы сапасын жоғалту қаупiне байланысты екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнбейтiн жүк;
      11) көліктік бақылау посты – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;
      12) iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым – Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу;
      13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi;
      14) келiсушi ұйымдар – автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар немесе iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      15) Арнайы рұқсат - белгiленген бағытқа және тасымалды жүзеге асыру мерзiміне сәйкес iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты;
      16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы;
      17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралдарымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға оларды көлiктiң басқа түрлерiмен тасымалдау мүмкiн болмаған және орынсыз жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Автокөлiк құралының көлемдерi мен салмағын ескергенде, Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары арқылы жүру үшін белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етілген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын бөлiнетiн жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
      6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға уәкiлеттi орган берген осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы рұқсат пен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi
беру, қарау және келiсу тәртiбi

      8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін тасымалдаушы уәкiлеттi органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелер басшыларының шешімімен бекітіледі.
      Жергілікті тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесiн жергiлiктi атқарушы органдар көрсетеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткiзу қабiлеті бағаланады.
      11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
      12. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер:
      1) iрi көлемді автокөлік құралының ені 3,5 метрден асқан;
      2) iрi көлемді автокөлік құралының биiктiгi жол бетінен 4,5 метрден асқан;
      3) iрi көлемді автокөлік құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асқан;
      4) жалпы салмағы жасанды инженерлік құрылыстардың жүккөтергіштігінен асатын ауыр салмақты көлік құралының жол жүруі жүзеге асырылған;
      5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағатты кем болған жағдайларда жүргізіледі.
      Тасымалдаудың бағыты темiр жол өтпелерiмен, жолөткелдерiмен, көпiрлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желiлерiмен қиылысқан жағдайларда егер:
      1) iрi көлемдi автокөлiк құралының енi 5 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi автокөлiк құралының биiктiгi жол бетiнен 4,5 метрден асатын болса;
      3) iрi көлемдi автокөлiк құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асатын болса;
      4) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса, тиiстi келісуші ұйымдармен тасымалдауды келiсу жүргiзiледi.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13. Келiсушi ұйым мәлiмделген бағытқа келiсудi жүргiзедi немесе белгiленген мерзiмдерде:
      1) жергiлiктi тасымалға бір жұмыс күні ішінде;
      2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды ұсынады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралын өткiзудің терiс көрсеткіштерi болмаса, онда келiсуші ұйым өтiнiште оны өз шешiмiн мөрмен куәландыра отырып, жазбаша растайды.
      15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуi мүмкiн болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшiн жол төсемiн немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргiзу талап етілетiн болса, келiсушi ұйым бұл туралы тасымалдаушыны жазбаша хабардар етедi және оған жүрудiң басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейiн күшейту жұмыстарының қажеттi кешенiн орындайды.
      16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің бiркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.
      17. Уәкілеттi органға өтiнiш түскен кезде оны журналға тiркеу және ондағы мәлiметтердi:
      1) ұсынылған ақпараттың толықтығы;
      2) тасымалдауға ұсынылған iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктің бөлiнбейтiндiгінің (пайдалану мақсатын өзгертпестен, шектен тыс шығындарсыз немесе бүлiну қаупiнсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн болмайтындығының) негiзділігі;
      3) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлiк құралының, оның iшiнде автомобиль-тартқыштың және тiркеменiң (жартылай тiркеменiң) техникалық сипаттамаларының сәйкестiгi;
      4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган ол келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17-1. Уәкiлеттi орган осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтiнiшті қарау барысында тасымалдаушының өтiнiшiн келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.
      Осы Ереженің 13-тармағында көрcетiлген мерзiмде келісуші ұйым уәкiлеттi орган жолдаған тасымалдаушының өтінішін келіседі немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
      Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      18. Eгeр өтiнiште толық eмec ақпарат және (немесе) жүктiң бөлiнбейтiндiгi құжаттамалық тұрғыдан жеткiлiксiз негiзделсе, уәкiлеттi орган өтiнiш журналға тiркелген күнінен бастап екi жұмыс күні ішінде тасымалдаушыға жазбаша түрде тиiстi сұрау салумен өтініш жасайды.
      Тасымалдаушы он күнтізбелік күн iшiнде талап етiлетiн ақпаратты және құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган тасымалдаушыға өтініштен бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
      Осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі тасымалдаушыға тиісті сұрау жолданған сәттен бастап уәкілетті орган талап еткен ақпарат пен құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      19. Уәкілетті орган осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртiппен iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.
      21. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:
      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;
      2) көлiк құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған;
      3) жүк жөнелтушi не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      22. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  
      23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:
      1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;
      2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері.
      3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алуға арналған өтiнiштi тасымалдау түрiне қарай:
      1) халықаралық және өңіраралық тасымалға – тасымалдаушының тұрған орны бойынша уәкiлеттi органға немесе жақын маңдағы уәкiлеттi органға;
      2) жергiлiктi тасымалға – тасымал жүзеге асырылатын орын бойынша уәкiлеттi органға бередi.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі

      25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган бередi.
      26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.
      27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат бiржолғы немесе келiсiлген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:
      1) бiржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бiр автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келiсiлген бағыт бойынша бiр сапарға берiледi;
      2) көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.
      Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге беріледі.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      28. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган толтырады және мөрмен куәландырады және барлығы келiсiлгеннен және iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн тасымалдаушы алым сомасын төлегеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. Iлесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезінде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган жол полициясына Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралын ілесіп жүру қажеттілігін туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
      Уәкiлеттi органның хабарламасын алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Жол полициясы комитетi халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
      Облыстың, қаланың немесе ауданның жол полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкiлеттi органның хабарламасын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902(алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      30. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік
құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп
өтуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi

      31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.
      Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi .
      32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.
      33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.
      34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.
      35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiнiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.
      36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.
      Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.
      37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.
      38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.
      Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.
      39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
      40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.
      41. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
      3) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.
      42. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;
      3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;
      4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде;
      5) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      43. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.
      44. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.
      45. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.
      46. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.
      47. Қозғалыс процесiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:
      1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
      2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.
      48. Iрi көлемдi көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.
      49. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:
      1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;
      2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
      3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;
      4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
      5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;
      6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;
      7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;
      8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртiбi белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;
      9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;
      10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекiтiлуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.
      50. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн жағдай туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы тиiс және аумағында тасымалдау тоқтатылған аумақтың уәкiлетті органына осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсатпен жүгiнедi.

5. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын автокөлік құралдарының
техникалық жай-күйіне және жабдықтарына
қойылатын қосымша талаптар

      51. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау мамандандырылған жылжымалы құраммен - тiркемесi немесе ауыр жүк тасығыш жартылай тiркемесi бар автомобиль-тартқышпен жүзеге асырылады.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті ернеулi тұғырнамалары бар жылжымалы құраммен тасымалдауға рұқсат етiледi. Бұл ретте, қажет болған жағдайда (мысалы, жүк шанақтың көлемiнен шығып тұрса) ернеулер алынады және автокөлік құралында жүкте орнықтыру үшiн қосымша бекiту құралдары қолданылады.
      52. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралының техникалық жай-күйi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына , сондай-ақ оны жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес болуы тиiс.
      53. Автокөлiк құралына жасаушы зауыт белгiлеген, рұқсат етiлген салмақтық нормативтен артық жүк тиеуге рұқсат етілмейдi.
      54. Автопоездың тежегiш жүйесi автомобиль-тартқыштың тежегішi басқышынан жұмыс iстеуi және оның буындары арасында тежеу кезiнде тiркеме мен жартылай тiркеменiң автомобиль-тартқышқа қатысты ауытқу, сондай-ақ басқа да авариялық жағдай жасау мүмкiндiгi болмайтындай тежегiш күштердi бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.
      55. Автомобиль-тартқыш өзi мен тiркемесiнiң (жартылай тiркемесiнiң) арасындағы жалғағыш магистральдар үзіліп кеткен жағдайда автомобиль-тартқышты жұмысшы немесе авариялық тежегiшпен тежеуге мүмкiндiк беретін тежеу қондырғысымен жабдықталады.
      56. Тiркемелер (жартылай тіркемелер) автомобиль-тартқышпен жалғағыш магистральдар үзiлген жағдайда олардың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ететiн тежеу қондырғыларымен жабдықталады.
      57. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) барлық дөңгелектерге әсер ететiн және автомобиль-тартқыштан ажыратылған толық салмақты тiркеменi (жартылай тiркеменi) кемiнде 16% еңiсте ұстап тұруды қамтамасыз ететiн тұру тежегішімен жабдықталады.
      58. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралында еңісте тоқтауға мәжбүр болған жағдайда оны қосымша орнықтыру мақсатында сырғуға қарсы кемінде екi тiреуiш (әр жаққа бiреуден) болуы қажет.
      59. Автопоезд үшін оның әрбiр буынына екiден сырғуға қарсы тіреуіштер болуы тиiс.
      60. Көлiк құралының кабинасы екi жағынан артқы жақты көретiн сыртқы айналармен жабдықталуы тиiс. Айналар автокөлiк құралының және тасымалданатын жүктiң көлемiн ескере отырып, тура да және бұрылмалы да қозғалыс кезiнде жүргiзушiге көлденеңiнен әрi тігiнен жеткiлiктi көрудi қамтамасыз етуi тиiс.
      61. Артқы көрiнiс айналарының автокөлiк құралының негiзгі көлемдерiнiң iшiне 20-25 кг/с шегiндегi күшпен ауыстыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн бұру тетiктерi болады.
      62. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары нормативтiк құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес "Автопоезд" "Iрi көлемдi жүк" немесе "Ұзын өлшемдi көлiк құралы" деген тану белгiлермен белгіленедi.
      63. Тiркеме-ұзартылманың тiркеменiң артқы көлемiнен 1 метрден аса шығып тұратын жетегi (құбыр) Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгіленедi.
      64. Iрi көлемдi жүктi тасымалдау кезiнде жүгі бар автокөлiк құралының биiктігi жолдың жүру бөлігінің үстiнен 4,5 метрден асатын болса, бүркемелеу автомобилiне жоғары ұшында сары түстi сигналдық шамдары бар бiр немесе екi габариттік штангалар орнату қажет.
      Шамдарды орнату биiктігi тасымалданатын жүктiң жоғарғы көлемiнен 5-10 сантиметр жоғары болуы және iрi көлемдi автокөлiк құралы жүргiзушiсiнiң көз алдында болуы тиiс.
      Шамдар тәулiктiң қараңғы кезiндегi немесе жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларындағы қозғалыс кезiнде iске қосылуы тиiс.

6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдары арқылы жүру тәртiбiн бақылау

      65. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiн бақылауды уәкiлетті орган өзiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретi шегiнде автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пунктерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктік бақылау посттарында жүзеге асырады.
      66. Автокөлiк құралының көлемдiк өлшемдерiнің нақты мәндерiн айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегiмен, ал толық салмақ пен осьтiк жүктемелер - стационарлық немесе жылжымалы үлгiдегi автомобиль таразыларының көмегiмен жүргiзiледi.
      67. Сызықтық өлшеу жабдығы мен автомобильдiк таразылар жарамды жағдайда болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткендiгi туралы сертификаты болуы тиiс.
      68. Автокөлiк құралдарының көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн қателiктерi ескерiледi.
      69. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      70. Егер уәкілетті орган осы Ереженiң бұзылу фактiсін анықтаса, тасымалдаушы және (немесе) жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (бұдан әрi – Кодекс) сәйкес әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады, ал автокөлiк құралын одан әрi пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейiн тыйым салынады.
      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      71. Осы Ереже бұзылған жағдайда уәкiлеттi орган Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда жалғастырылады:
      1) осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін және барлық жол жүру бағыты бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралының жүріп өткені үшін алым сомасы төленгеннен кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Арнайы рұқсатсыз жүрiп өткені анықталған кезде;
      2) тасымалдаушы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүру үшін автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген өлшемдеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде және iрi көлемді және ауыр салмақты көлік құралының жүріп өткеніне бағыттың іс жүзінде жүріп өткен бір бөлiгi үшін алым сомасын төлеген жағдайда – Арнайы рұқсат берілместен, бөлiнетін жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені анықталған кезде;
      3) ірi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн төленген алымға қосымша осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және көлемдiк өлшемдердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Ережеде белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн алынатын алымды тасымалдаушы төлегеннен кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы өлшемдерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кеткені анықталған кезде;
      4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін алым сомасын төлеген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;
      5) уәкілетті орган Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде.
      Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзiмі күнтiзбелiк он бес күннен аспауы тиіс;
      6) oсы Ереженің 29-тармағында көзделген мерзімде жол полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін – oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталғанда.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты 
жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру 
ережесiне 1-қосымша             

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы        АРНАЙЫ РҰҚСАТавтомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе)     №_________
ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп өтуiне
____________________________________________автокөлiк құралының
   (маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi)
_______________________________________________________________
(бағыт бойынша өтетiн елдi мекендердiң атауы, жолдың ұзақтығы км-мен) ________________________________________бағыты бойынша жүруiне
1. Көлiк құралының өлшемдерi:

автокөлiк құралының жалпы салмағы, т

жүктiң салмағы, т

ұзындығы, м

енi, м

биiктiгi

дөңгелек осьтерiнiң орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м

жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегi радиусы, м

осьтер бойынша жүктеме, т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











2. Iлесiп жүру үшiн бөлiнген көлiк құралдары______________________
                                (маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi)
3. Жүктi тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны
_________________________________________________________________
 
4.____________сағ. бастап__сағ. дейiн (жылы, айы, күнi)___км/сағ. аспайтын жылдамдықпен_____________жолдарымен жүруге рұқсат етiледi
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                  (кесу сызығы)

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ

№__________ _____________________________________________________
       (маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi, көлiк құралының өлшемі,
_________________________________________________________________
бағыт нөмiрi, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)
_________________________________________________________________
 
5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары_________________________________
             (iлесiп жүретiн автомобильдердiң қозғалыс тәртiбiн,
_________________________________________________________________
қозғалысқа басқа қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсiлiн,
_________________________________________________________________
жүктеме түрiн, оның көпiрлерден өткiзу тәртiбiн және т.б. көрсету)
 
6. Рұқсат берілді________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
_________________________________________________________________
 
7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі_______________________________
_________________________________________________________________
 
Төлем сомасы_____________________________________________________
                               (жазбаша)
8. Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің негізгі талаптарымен танысқандар:

Негізгі тартқыш жүргізушісі______________________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы)
Жүкті шығарып салушы тұлға_______________________________________
                                         (Т.А.Ә., қолы)
9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның өкілдері тексерді және Жол қозғалысы ережесі мен Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн талаптарына сәйкес келеді
_________________________________________________________________
       (ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                        (кесу сызығы)

Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік   АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІқұралдарының жүруіне
№______________
 
Жүріп өткен үшін алымдар есебі___________________________________
Төлем сомасы_____________________________________________________
                                  (жазбаша)
Жүргізуші________________________________________________________
                             (Т.А.Ә., қолы, күні)
Рұқсат берген уәкілетті өкіл_____________________________________
                  (ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)                              

                           Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр
                             салмақты жүктердi Қазақстан
                              Республикасының аумағында
                            тасымалдауды ұйымдастыру және
                               жүзеге асыру ережесiне
                                      2-қосымша

                         Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
                                құралдарының Қазақстан
                               Республикасының жолдары
                                  бойынша жүруiне

N______________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
                                  (жазумен)

      Ескерту: Осы бақылау талоны Iрi көлемдi және ауыр
салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары
бойынша жүруіне арналған тиісті арнайы рұқсатқа мiндеттi
қосымша болып табылады

                                       Теңге

1000000

100000

10000

1000

100

10

1

2000000

200000

20000

2000

200

20

2

3000000

300000

30000

3000

300

30

3

4000000

400000

40000

4000

400

40

4

5000000

500000

50000

5000

500

50

5

6000000

600000

60000

6000

600

60

6

7000000

700000

70000

7000

700

70

7

8000000

800000

80000

8000

800

80

8

9000000

900000

90000

9000

900

90

9

                  Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
                 құралдарының Қазақстан Республикасының
                        жолдары бойынша жүруiне

N____________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
                              (жазбаша)

      Арнайы рұқсатты алдым_____________________________
                          (тасымалдаушының аты-жөнi,
                               қолы, күні)

      Ескерту: Осы бақылау талоны iрі көлемдi және ауыр
салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары
бойынша жүруiне арналған тиiстi арнайы рұқсаттың түбiртегiне
мiндеттi қосымша болып табылады

Бөнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты  
жүктердi Қазақстан Республикасының     
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру     
және жүзеге асыру ережесiне        
3-қосымша                  

________ облысы (қаласы) бойынша 
аумақтық көлiктiк бақылау органының 
басшысына 

Iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының
жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
ӨТIНIШ

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.03 N 902 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 

Тасымалдаушының атауы____________________________________________
СТН______________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны______________________________________________
Автомобильдің маркасы ________мем.нөмiрi_________________________
Тiркеменiң (жартылай тiркеменiң) маркасы_______мем.нөмiрi________
Жүру бағыты______________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзындығы, км______________________________________
Соның iшiнде қалалардың аумағы бойынша, км_______________________
Жүргiзушiнiң Т.А.Ә.______________________________________________
Iлесушi адамның Т.А.Ә.___________________________________________
Iлесiп жүру түрi_________________________________________________
Жүктiң атауы мен салмағы т.______________________________________
Жүрудiң болжанған күнi мен уақыты________________________________

Автокөлiк құралының жүгiн қоса есептегендегi нақты салмақтық және көлемдiк өлшемдерi:

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етiлген

Асқаны

Жол бетiнен биiктiгi, м




Енi, м




Автокөлiк құралының ұзындығы, м




Толық салмағы, т




Тiркеменiң толық салмағы, т




АКҚ-ның дөңгелектiк өрнегi

1-бiлiк

2-бiлiк

3-бiлiк

4-бiлiк

5-бiлiк

6-бiлiк

7-бiлiк

8-бiлiк

9-бiлiк

Бiлiктердiң ара қашықтығы, м










Бiлiкке нақты жүктеме, т.с.










Бiлiкке рұқсат етiлген жүктеме, т.с.










Асқаны, %










Автокөлiк құралының ең кiшi бұрылу радиусы_______________________
Қосымша деректер_________________________________________________
____________________________________    ________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)         (М.О. қолы)
Өтiнiштiң берiлген күнi_____________
Келiсушi органның шешiмi_________________________________________
________________________                _________________
   (лауазымы, Т.А.Ә.)                       (М.О. қолы)
Келiсушi органның шешiмi_________________________________________
_______________________                 _________________
  (лауазымы, Т.А.Ә.)                       (М.О. қолы)