Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 51 Қаулысы

Жаңартылған

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2005 жылғы 24 қаңтардағы
N 51 қаулысымен  
бекітiлген      

Бөлiнбейтiн іpi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді
Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Автомобиль көлігi туралы " 2003 жылғы 4 шiлдедегi, " Автомобиль жолдары туралы " 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiне , Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көліктің тiзбесiне (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi), "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбiр мәселелер" туралы 2002 жылғы 19 қаңтардағы N 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескере отырып, автомобиль жолдары арқылы және қалалар мен елдi мекендердің көшелерi арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн реттейдi.
      3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;
      2) iлесiп жүру автомобилi - жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына автомобиль жолдарымен iлесiп жүретiн, тиiстi тану белгілерi бар жол полициясы органдарының ақысыз негiзде ұсынатын патрульдiк автомобилi;
      3) бақылаушы органдар - өздерiнiң Қазақстан Республикасының   заңнамасымен   белгiленген құзыретi шегінде жол қозғалысы қауiпсiздігінiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi аумақтық басқармаларының тиiстi жол полициясы органдары (бұдан әрi - жол полициясы органдары) және (немесе) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетінiң аумақтың органдары (бұдан әрi - аумақтық көлiктік бақылау органдары);
      4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны - iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;
      5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксiз автокөлiк құралы;
      6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк;
      7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;
      8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;
      9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгі шегiнде өтетiн тасымал;
      10) бөлiнбейтiн жүк - тасымалдау кезінде бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына шектен тыс шығынсыз (мысалы жүктiң немесе оны тасымалдау құнымен бара-бар болатын), сондай-ақ жүктi өндiрушi немесе жүктi жiберушінiң құжаттарымен расталған жоюға болмайтын бастапқы сапасын жоғалту қаупiне байланысты екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнбейтiн жүк;
      11) көлiктік бақылау посты - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 238 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында және аумағында орналасқан, техникалық құралдармен жабдықталған стационарлық бақылау-өткізу пунктi;
      12) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi үшін алынатын алым - Қазақстан Республикасының   заңнамасында   белгiленген тәртіппен алынатын iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу;
      13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi;
      14) келiсуші ұйымдар - автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру маршрутында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпірлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерімінде бар, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ жол полициясы органдары;
      15) Арнайы рұқсат - белгiленген бағытқа және тасымалды жүзеге асыру мерзiміне сәйкес iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты;
      16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы;
      17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралдарымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға оларды көлiктiң басқа түрлерiмен тасымалдау мүмкiн болмаған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      5. Автокөлiк құралының көлемдерi мен салмағын ескергенде, Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары арқылы жүру үшін белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етілген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын бөлiнетiн жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
      6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға уәкілетті органмен келісілгеннен кейін берiлген Арнайы рұқсат (1-қосымша) пен оның бақылау талоны   (2-қосымша) болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
      7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi
беру, қарау және келiсу тәртiбi

      8. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу үшін тасымалдаушы уәкiлеттi органға белгiленген нысандағы (3-қосымша) өтінішпен жүгiнедi онда жүктiң сипаты мен санаты, жүгі бар автокөлiк құралының көлемдiк және салмақтық өлшемдерi, болжалды қозғалыс бағыты, тасымалдау мерзiмi туралы келісушi ұйымдарға қажетті барлық сенiмдi мәлiметтер мен басқа да қажетті ақпарат болады.
      Қажет болған жағдайда жүктiң орналасу және оның автокөлiк құралына бекiтiлу схемасы қосымша ұсынылады.
      9. Тасымалдаушы өтiнiшiнде көрсеткен iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау бағытын ол келiсушi ұйымдармен алдын-ала келiседi.
      Тасымалдау бағытына келiсу жүргiзетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары, және егер тасымалдау бағыты елдi мекендердiң шегiнде болса - жергілікті атқару органдары көрсетедi.
      10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсiздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткiзу қабiлеті бағаланады.
      11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
      12. Тасымалдаудың болжанған бағыты темiр жол өтпелерiмен, жолөткелдерiмен, көпірлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желiлерiмен қиылысқан жағдайларда егер:
      1) iрi көлемдi автокөлiк құралының енi 5 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi автокөлiк құралының биiктігі жол бетінен 4,5 метрден асатын болса;
      3) iрi көлемдi автокөлiк құралының, соның iшiнде автопоездiң ұзындығы 20 метрден асатын болса;
      4) автокөлiк құралы жолдың немесе жүру жолы бағыты бойындағы жол құрылыстарының төменгi санаты үшін ауыр салмақты болып табылатын болса;
      5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса тиiсті ұйымдармен тасымалдауды келiсу жүргiзіледi.
      13. Келiсуші ұйым мәлiмделген бағытқа келiсудi жүргiзедi немесе белгiленген мерзiмдерде:
      1) жергiлiктi тасымалға үш күннен аспайтын мерзiмде;
      2) өңiраралық және халықаралық тасымалға бес күннен аспайтын мерзiмде тасымалдаушыға дәлелдi бас тартуды ұсынады.
      14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралын өткiзудің терiс көрсеткіштерi болмаса, онда келiсуші ұйым өтiнiште оны өз шешiмiн мөрмен куәландыра отырып, жазбаша растайды.
      15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуi мүмкiн болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшiн жол төсемiн немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргiзу талап етілетiн болса, келiсушi ұйым бұл туралы тасымалдаушыны жазбаша хабардар етедi және оған жүрудiң басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейiн күшейту жұмыстарының қажеттi кешенiн орындайды.
      16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің бiркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.
      17. Уәкілеттi органға өтiнiш түскен кезде оны журналға тiркеу және ондағы мәлiметтердi:
      1) ұсынылған ақпараттың толықтығы;
      2) тасымалдауға ұсынылған iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктің бөлiнбейтiндiгінің (пайдалану мақсатын өзгертпестен, шектен тыс шығындарсыз немесе бүлiну қаупiнсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн болмайтындығының) негiзділігі;
      3) жүк тасымалдауға берiлген автокөлiк құралының, соның ішінде автомобиль-тартқыштың және тіркеменің (жартылай тiркеменiң) техника сипаттамаларының сәйкестiгi;
      4) тасымалдаушының ұсынған бағыты бойынша жүру мүмкіндігі нысанасына тексеру жүргiзіледi.
      18. Eгeр өтініште түзетулер, толық eмec ақпарат болса және (немесе) жүктің бөлінбейтіндігі құжаттамалық тұрғыдан жеткіліксіз негізделсе, уәкілетті орган өтініш журналға тіркелген күннен кейін екi күн мерзімде тасымалдаушыға түсiндiру үшiн тиісті сұрау салулармен жүгінеді.
      19. Егер тасымалдаушы он күннiң iшiнде талап етілетін ақпаратты ұсынбаған немесе жүктiң бөлiнбейтіндігін құжаттық тұрғыдан негіздей алмаған жағдайда, өтiнiш қабылданбайды, ол туралы уәкiлетті орган тасымалдаушыны жазбаша хабардар етедi.
      20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.
      21. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:
      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;
      2) көлiк құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған;
      3) жүк жөнелтушi не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған жағдайларда жедел тәртiппен қаралады.
      22. Жүру бағыты құжаттамалық түрде расталып келiсiлгеннен кейiн уәкiлетті орган арнайы рұқсатты алғанға дейiн тасымалдаушы бюджетке төлейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ставка және тәртiп бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi үшiн алым сомасын есептеудi жүргізедi.
      23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:
      1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бiрiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;
      2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және паспорттық деректерi көрсетiле отырып расталады.
      24. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алуға арналған өтiнiштi тасымалдау түрiне (халықаралық, өңiраралық немесе жергілiктi) қарай мынадай тәртiппен:
      1) халықаралық тасымалға - тасымалдаушының тұрған жерi бойынша уәкiлетті органға немесе жақын маңдағы уәкiлеттi органға, тасымалдау басталғанға дейiн екi аптадан кешiктірмей;
      2) өңiраралық тасымалға - тасымалдаушының тұрған жерi бойынша уәкiлетті органға немесе жақын маңдағы уәкiлетті органға, тасымалдау басталғанға дейiн екi аптадан кешiктiрмей;
      3) жергілiктi тасымалға - тасымал жүзеге асырылатын жер бойынша уәкiлетті органға, ол басталғанға дейiн бiр аптадан кешіктiрмей бередi.

3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі

      25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган бередi.
      26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.
      27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат бiржолғы немесе келiсiлген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:
      1) бiржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бiр автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келiсiлген бағыт бойынша бiр сапарға берiледi;
      2) келiсiлген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.
      Арнайы рұқсат 3 айға дейiнгi мерзiмге берiлуi мүмкiн.
      28. Арнайы рұқсатты уәкiлетті орган толтырады және мөрмен куәландырады және бәрi келiсiлгеннен және iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуi үшiн тасымалдаушы алым сомасын төлегеннен кейiн екi күннiң iшiнде берiледi.
      29. Арнайы рұқсатты алғаннан кейiн тасымалдаушы автомобиль жолдарымен iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жол полициясы органдарымен растайды:
      1) Жол полициясы департаментімен - бағыт екi және одан да көп облыс аумағы бойынша өткен кезде және халықаралық тасымалдарды жүзеге асырған кезде - бес күн мерзiмде жүргiзiледi;
      2) облысының, ауданның, қаланың жол полициясы органымен - бағыт тиiсiнше бip облыс, аудан немесе қала шегiнде өткен кезде - үш күн мерзiмде жүргiзiледi.
      30. Арнайы рұқсатты келiсу процесiнде жол полициясы органы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралына ілесiп жүру қажеттігi және оның түрi туралы шешiм қабылдайды, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдық режимiн белгiлейдi және қажет болған жағдайда автокөлiк құралының техникалық жай-күйін қарауды жүргiзедi.
      Оның нәтижесi Арнайы рұқсаттағы iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн келiсу туралы жол полициясы органының мөрiмен расталған жазу болып табылады.

4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік
құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп
өтуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi

      31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау  Қазақстан   Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.
      Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi .
      32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.
      33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.
      34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсiздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.
      35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесiнiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.
      36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.
      Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.
      37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.
      38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.
      Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.
      39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
      40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.
      41. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
      3) Арнайы рұқсаттың "Қозғалыстың ерекше шарттары" бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.
      42. Мына жағдайлардың барлығында:
      1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;
      3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;
      4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде;
      5) жол жағдайларын, көлiк тасқынының құрамын және қозғалыстың қарқындылығын негiзге ала отырып, жол полициясы органдары белгiлейтiн өзге де жағдайларда iлесiп тұру автомобилiнiң болуы мiндетi.
      43. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.
      44. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.
      45. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.
      46. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.
      47. Қозғалыс процесiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:
      1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісiз және қауiпсiз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;
      2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.
      48. Iрi көлемдi көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.
      49. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:
      1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;
      2) Арнайы рұқсатқа қандай да бiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге;
      3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;
      4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;
      5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;
      6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;
      7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;
      8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртiбi белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;
      9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;
      10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсiздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекiтiлуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.
      50. Егер тасымалдау процесiнде қозғалыс бағытын өзгертудi талап ететiн жағдай туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы тиiс және аумағында тасымалдау тоқтатылған аумақтың уәкiлетті органына осы Ережеде белгiленген тәртiппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсатпен жүгiнедi.

5. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын автокөлік құралдарының
техникалық жай-күйіне және жабдықтарына
қойылатын қосымша талаптар

      51. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау мамандандырылған жылжымалы құраммен - тiркемесi немесе ауыр жүк тасығыш жартылай тiркемесi бар автомобиль-тартқышпен жүзеге асырылады.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті ернеулi тұғырнамалары бар жылжымалы құраммен тасымалдауға рұқсат етiледi. Бұл ретте, қажет болған жағдайда (мысалы, жүк шанақтың көлемiнен шығып тұрса) ернеулер алынады және автокөлік құралында жүкте орнықтыру үшiн қосымша бекiту құралдары қолданылады.
      52. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралының техникалық жай-күйi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына , сондай-ақ оны жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес болуы тиiс.
      53. Автокөлiк құралына жасаушы зауыт белгiлеген, рұқсат етiлген салмақтық нормативтен артық жүк тиеуге рұқсат етілмейдi.
      54. Автопоездың тежегiш жүйесi автомобиль-тартқыштың тежегішi басқышынан жұмыс iстеуi және оның буындары арасында тежеу кезiнде тiркеме мен жартылай тiркеменiң автомобиль-тартқышқа қатысты ауытқу, сондай-ақ басқа да авариялық жағдай жасау мүмкiндiгi болмайтындай тежегiш күштердi бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.
      55. Автомобиль-тартқыш өзi мен тiркемесiнiң (жартылай тiркемесiнiң) арасындағы жалғағыш магистральдар үзіліп кеткен жағдайда автомобиль-тартқышты жұмысшы немесе авариялық тежегiшпен тежеуге мүмкiндiк беретін тежеу қондырғысымен жабдықталады.
      56. Тiркемелер (жартылай тіркемелер) автомобиль-тартқышпен жалғағыш магистральдар үзiлген жағдайда олардың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ететiн тежеу қондырғыларымен жабдықталады.
      57. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) барлық дөңгелектерге әсер ететiн және автомобиль-тартқыштан ажыратылған толық салмақты тiркеменi (жартылай тiркеменi) кемiнде 16% еңiсте ұстап тұруды қамтамасыз ететiн тұру тежегішімен жабдықталады.
      58. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралында еңісте тоқтауға мәжбүр болған жағдайда оны қосымша орнықтыру мақсатында сырғуға қарсы кемінде екi тiреуiш (әр жаққа бiреуден) болуы қажет.
      59. Автопоезд үшін оның әрбiр буынына екiден сырғуға қарсы тіреуіштер болуы тиiс.
      60. Көлiк құралының кабинасы екi жағынан артқы жақты көретiн сыртқы айналармен жабдықталуы тиiс. Айналар автокөлiк құралының және тасымалданатын жүктiң көлемiн ескере отырып, тура да және бұрылмалы да қозғалыс кезiнде жүргiзушiге көлденеңiнен әрi тігiнен жеткiлiктi көрудi қамтамасыз етуi тиiс.
      61. Артқы көрiнiс айналарының автокөлiк құралының негiзгі көлемдерiнiң iшiне 20-25 кг/с шегiндегi күшпен ауыстыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн бұру тетiктерi болады.
      62. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары нормативтiк құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес "Автопоезд" "Iрi көлемдi жүк" немесе "Ұзын өлшемдi көлiк құралы" деген тану белгiлермен белгіленедi.
      63. Тiркеме-ұзартылманың тiркеменiң артқы көлемiнен 1 метрден аса шығып тұратын жетегi (құбыр) Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгіленедi.
      64. Iрi көлемдi жүктi тасымалдау кезiнде жүгі бар автокөлiк құралының биiктігi жолдың жүру бөлігінің үстiнен 4,5 метрден асатын болса, бүркемелеу автомобилiне жоғары ұшында сары түстi сигналдық шамдары бар бiр немесе екi габариттік штангалар орнату қажет.
      Шамдарды орнату биiктігi тасымалданатын жүктiң жоғарғы көлемiнен 5-10 сантиметр жоғары болуы және iрi көлемдi автокөлiк құралы жүргiзушiсiнiң көз алдында болуы тиiс.
      Шамдар тәулiктiң қараңғы кезiндегi немесе жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларындағы қозғалыс кезiнде iске қосылуы тиiс.

6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдары арқылы жүру тәртiбiн бақылау

      65. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiн бақылауды уәкiлетті орган өзiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретi шегiнде автокөлiк құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пунктерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктік бақылау посттарында жүзеге асырады.
      66. Автокөлiк құралының көлемдiк өлшемдерiнің нақты мәндерiн айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегiмен, ал толық салмақ пен осьтiк жүктемелер - стационарлық немесе жылжымалы үлгiдегi автомобиль таразыларының көмегiмен жүргiзiледi.
      67. Сызықтық өлшеу жабдығы мен автомобильдiк таразылар жарамды жағдайда болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткендiгi туралы сертификаты болуы тиiс.
      68. Автокөлiк құралдарының көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн қателiктерi ескерiледi.
      69. Автокөлiк құралдары, соның iшiнде бiр осьте екi жалқы немесе қосарланған дөңгелегi бар тiркемелер мен ауыр салмақты жартылай тiркемелер үшiн осьтiк жүктемелердi айқындауды сыналған әдiстемелер бойынша есептеу жолымен жүргiзуге рұқсат етіледi.
      70. Егер автокөлiк құралының келген жерiнде уәкілетті органның лауазымды адамы осы Ереженi бұзу фактiсін анықтаса, тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (бұдан әрi - Кодекс) сәйкес әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады, ал автокөлiк құралын одан әрi пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейiн тыйым салынады.
      71. Осы Ереже бұзылған жағдайда уәкiлеттi орган мынадай шаралар қабылдайды:
      1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Арнайы рұқсатсыз жүрiп өткенi анықталған жағдайда, тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы ұсталады және жақын маңдағы тұраққа жiберіледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады.
      Тасымалдаушы жүріп өту бағытын келiскеннен және iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүргенiне барлық жол жүру бағыты үшiн алымдар сомасын төлеген соң берiлетiн Арнайы рұқсатты алғаннан кейін тасымал қайта жалғасуы мүмкін;
      2) бөлiнетін жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуi анықталған жағдайда тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілiкке тартылады.
      Егер тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген жол берiлетiн салмақтық және/немесе көлемдiк өлшемдерге сәйкес келтiру үшiн автокөлiк құралын артық жүктен босатса және iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүргенiне бағыттың iс жүзiнде жүрiп өткен бөлiгi үшiн алымдар сомасын төлесе, Арнайы рұқсат берiлместен, тасымал қайта жалғасуы мүмкiн;
      3) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының өлшемдерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кету фактілерi анықталған жағдайда, тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады.
      Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне төленген алымға тасымалдаушы тиiстi қосымша ақы төлегеннен, iс жүзiнде анықталған салмақтық және көлемдiк өлшемдердi көрсете отырып, қосымша Арнайы рұқсат, ал қажет болған жағдайда, қосымша келiсу алғаннан кейiн ғана тасымал қайта жалғасуы мүмкiн;
      4) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүруi анықталған жағдайда, тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады.
      Жүрiп өту бағыты келiсiлгеннен, тасымалдаушы iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының iс жүзiнде жүрiп өткен бағыты және жаңадан белгiленген жол жүру бағыты бойынша алым сомасын төлегеннен, жаңа арнайы рұқсат алғаннан кейiн ғана тасымал қайта жалғасуы мүмкiн;
      5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетiлген мерзiмдерден ауытқи отырып жүруi анықталған жағдайда тасымалдың тоқтатылуы мүмкiн және тасымалдаушының өтiнiшi бойынша жүру бағытындағы жол қозғалысының жай-күйiне және шарттарына сәйкес, уәкiлетті органның және келiсушi ұйымдардың қызметкерлерi кейiннен ұзартуы мүмкiн;
      6) жол полициясы органдарының келiсiмiнсiз тасымалдаушы берген Арнайы рұқсат анықталған жағдайда тасымал тоқтатылады, автокөлiк құралы жақын маңдағы тұраққа жiберiледi, ал тасымалдаушы әкiмшілік жауапкершілікке тартылады.
      Жол қозғалысының жай-күйi мен жағдайына сәйкес кейiннен жол жүру бағыты жол полициясы органымен келiсiлгеннен кейiн тасымал қайта жалғасуы мүмкiн.

                                 Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр
                                       жүктерді Қазақстан
                                   Республикасының аумағында
                                  тасымалдауды ұйымдастыру және
                                     жүзеге асыру ережесіне
                                            1-қосымша

АРНАЙЫ РҰҚСАТ        ҚР-ның         Қазақстан Республикасының жалпы
                     елтаңбасы      автомобиль жолдары бойынша ірі
                                    көлемді және (немесе) ауыр
                                    салмақты көлік құралдарының
                                    жүріп өтуіне

N________________

__________________________________________автокөлік құралының
(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
_________________________________________ бағыты бойынша жүруіне
  (бағыт бойынша өтетін елді мекендердің
       атауы, жолдың ұзақтығы км-мен)

      1. Көлік құралының көлемдік өлшемдері:

автокөлік құралының жалпы салмағы, т

жүктің салмағы, т

ұзындығы, м

ені, м

биіктігі

дөңгелек осьтерінің орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м

жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегі радиусы, м

      осьтер бойынша жүктеме, т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











        2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік
құралдары _____________________________________________________
              (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)
      3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекен-жайы мен
телефоны ______________________________________________________
      4. ________________________сағ. бастап ___сағ. дейін
              (жылы, айы, күні)
____км/сағ. аспайтын жылдамдықпен _________жолдарымен жүруге
рұқсат етіледі.
      5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары
________________________________________________________________
  (ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін, қозғалысқа
    басқа қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін,
_________________________________________________________________
жүктеме түрін, оның көпірлерден өткізу тәртібін және т.б. көрсету)

_________________________________________________________________
.................................................................
                          (кесу сызығы)

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ

      N___________     ______________________________
                       ______________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
  (маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының ауқымы,
бағыт нөмірі, бастапқы және соңғы орны, жолдың ұзақтығы км-мен)

                                Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр
                                   салмақты жүктердi Қазақстан
                                    Республикасының аумағында
                                  тасымалдауды ұйымдастыру және
                                     жүзеге асыру ережесiне
                                          2-қосымша

                             Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
                                      құралдарының Қазақстан
                                    Республикасының жолдары
                                         бойынша жүруiне

N______________
АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА
БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
                                  (жазумен)

      Ескерту: Осы бақылау талоны Iрi көлемдi және ауыр
салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары
бойынша жүруіне арналған тиісті арнайы рұқсатқа мiндеттi
қосымша болып табылады

                                       Теңге

1000000

100000

10000

1000

100

10

1

2000000

200000

20000

2000

200

20

2

3000000

300000

30000

3000

300

30

3

4000000

400000

40000

4000

400

40

4

5000000

500000

50000

5000

500

50

5

6000000

600000

60000

6000

600

60

6

7000000

700000

70000

7000

700

70

7

8000000

800000

80000

8000

800

80

8

9000000

900000

90000

9000

900

90

9

                  Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк
                 құралдарының Қазақстан Республикасының
                        жолдары бойынша жүруiне

N____________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
                              (жазбаша)

      Арнайы рұқсатты алдым_____________________________
                          (тасымалдаушының аты-жөнi,
                               қолы, күні)

      Ескерту: Осы бақылау талоны iрі көлемдi және ауыр
салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары
бойынша жүруiне арналған тиiстi арнайы рұқсаттың түбiртегiне
мiндеттi қосымша болып табылады

                                Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр
                                   салмақты жүктердi Қазақстан
                                    Республикасының аумағында
                                  тасымалдауды ұйымдастыру және
                                     жүзеге асыру ережесiне
                                          3-қосымша

                                   ______________ облысы (қаласы)
                                     бойынша аумақтық көліктік
                                    бақылау органының басшысына
                                     (басшысының орынбасарына)

         Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк
            құралының жүруiне арнайы рұқсатты алу үшiн
                              ӨТIНIШ

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2009.06.16 N 913 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
Қаулысымен.

Тасымалдаушының атауы_____________________________________________
__________________________________________________________________
СТН_______________________________________________________________
Мекен-жайы, телефоны______________________________________________
Автомобильдiң маркасы ___________мем.нөмірi_______________________
Тiркеменiң (жартылай тіркеменiң) маркасы_________мем.нөмірi_______
Жүру бағыты_______________________________________________________
Маршруттың жалпы қашықтығы км.____________________________________
Соның iшiнде қалалардың аумағы бойынша, км________________________
Жүргізушінің аты-жөні_____________________________________________
Iлесушi адамның аты-жөні__________________________________________
Iлесiп жүру түрi__________________________________________________
Жүктiң атауы мен салмағы т._______________________________________
Жүрудiң болжанған күні мен уақыты_________________________________
Автокөлiк құралының жүгiн қоса есептегендегі
нақты салмақтық және көлемдiк өлшемдерi:

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетiнен
биiктiгi, м




Ені, м




Автокөлiк құралының ұзындығы, м




Толық салмағы, т




Тiркеменiң толық салмағы, т




АКҚ-ның дөңгелектiк өрнегі

1-бi-
лiк

2-бi-
лiк

3-бi-
лiк

4-бi-
лiк

5-бi-
лiк

6-бi-
лiк

Бiлiктердiң ара қашықтығы,
м







Бiлiкке нақты
жүктеме, т.с.







Білiкке рұқсат етiлген жүктеме, т.с.







Асқаны, %







        Автокөлiк құралының ең кiшi бұрылу радиусы____________
      Қосымша деректер______________________________________
____________________________________        ________________
(тасымалдаушының лауазымы, аты-жөні)           (М.О. қолы)

Өтiнiштің берілген күнi__________________
Келiсушi органның шешiмi___________________________
__________________________________________
________________________       _________________
(лауазымы, аты-жөні)              (М.О. қолы)
Келiсушi органның шешiмi___________________________
__________________________________________
________________________       _________________
(лауазымы, аты-жөні)              (М.О. қолы)