Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1469 Қаулысы

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1469 қаулысымен   
бекiтiлген       

 Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудің тәртібін айқындайды.
      2. Жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсаттар (бұдан әрі - рұқсаттар) жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне:
      1) аң аулауға;
      2) теңіз сүт қоректілері мен судағы омыртқасыз жануарларды аулауды қоса алғанда, балық аулауға;
      3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;
      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалануға беріледі.
      3. Рұқсаттар бекiтiлген лимиттерге сәйкес және белгiленген алып қою квоталары шегiнде мыналарды:
      1) бұрын жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлмеген су айдындарында жануарларды ғылыми-зерттемелiк аулауды;
      2) балықтың қырылу шаралары ретiнде жүзеге асырылатын балықты мелиорациялық аулауды;
      3) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн жануарларды алмай және жоймай пайдалануды;
      4) жануарлар түрлерінің санын реттеуді қоспағанда беріледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Рұқсаттар жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемдер енгізу шарттарына және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жануарларды алып қоюдың белгіленген көлеміне (мөлшеріне) беріледі.
      5. Осы Ереженің мақсаттары үшін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті түсініледі, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті түсініледі (бұдан әрі – ведомстволар).
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Осы Ереженің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатты:
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті) және оның аумақтық бөлімшелері;
      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері) береді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

      7. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде олардың жұмыртқалары мен уылдырықтарын алуға рұқсатты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, сондай-ақ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша оларды арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ғылыми және өзге де мақсаттарда шығару үшін береді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға (балықтан және өзге су жануарларынан басқа) мынадай рұқсаттарды береді:
      1) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарға пайдалану;
      2) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
      3) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалану.
      9. Балық ресурстарын жене өзге де су жануарларынан басқа жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттарды аңшылық шаруашылығы субъектілеріне Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері олардың жануарларды алудың бекітілген квотасы шегінде береді. Аңшылық алқаптардың резервтік қорында аңшылық жүргізуге арналған рұқсаттарды беруді Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жүзеге асырады.
      10. Балық ресурстары және өзге су жануарларын пайдалану бөлігіндегі жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері береді.
      11. Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға рұқсаттар осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жануарлар санын реттеу тәртiбiне сәйкес берiледi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Рұқсат алуға мүдделі адамдар әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулаудан басқа, жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлеріне орай уәкілетті органның тиісті ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшелеріне өтінім береді.
      Өтінімде:
      1) өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғалар үшін реквизиттер, жеке тұлғалар үшін паспорт деректері, шетелдіктер үшін қосымша - келу және кету күндерін, келу мақсатын, қозғалыс бағытын, уақытша тұратын мекен-жайын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі);
      2) жануарлар дүниесін пайдалану түрі;
      3) алу мақсаты;
      4) жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда);
      5) мекендейтін ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесі объектілерінің тізбесі мен саны және (немесе) пайдалы қасиеттер мен тіршілік ету өнімдерінің көлемі;
      6) алу мерзімдері;
      7) алу болжамдалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
      8) алу тәсілдері (аулау, ұстау, ату, жинау, соғу);
      9) ұстау, аулау қаруларының, жүзгіш құралдардың тізбесі көрсетіледі.
      13. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) тиісті мемлекеттік орган берген құрылтайшы құжаттар немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі мен оларды салыстыруға арналған түпнұсқасы немесе осы құжаттардың түпнұсқасын салыстыруға ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі (алғашқы өтінім кезінде);
      2) балық ресурстары және өзге су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме ретінде балықтарды және өзге су жануарларын бақылаулық аулауды қоспағанда жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлегені туралы төлем құжат;
      3) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың тізімі.
      14. Жануарлар дүниесін пайдаланудың түріне байланысты осы ереженің 13-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) аң аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
      облыстық атқарушы органның аңшылық алқапты бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі;
      аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім-шарттың көшірмесі;
      жануарлар дүниесі объектілерін алу шетелдік адамдардың қатысуымен жүргізілетін болса - аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған келісім шарттың және аң аулау құқығын куәләндыратын тұратын елінде берілген құжаттың көшірмесі;
      2) кәсіпшілік балық аулауға (алғашқы өтінім кезінде):
      облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су айдындарын жене (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша шешімі;
      балық шаруашылығын жүргізуге келісім-шарттың көшірмесі (жағалауда аулауды жүзеге асыру үшін);
      балық аулауға келісім-шарттың көшірмесі;
      3) ғылыми-зерттемелік аулауға:
      бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспарының және ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасының көшірмесі мен оларды салыстыруға арналған түпнұсқасы немесе осы құжаттардың түпнұсқасын салыстыруға ұсынбаған жағдайда нотариалды қуәландырылған көшірмесі;
      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін материалдар;
      ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған келісім-шарттың көшірмесі;
      бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
      4) бақылаулық аулауға;
      ведомствоның аумақтық бөлімшесі бекіткен ихтиологиялық жұмыс жоспарының көшірмесі, бақылаулық аулау жүргізуге шығу кестесі;
      5) мелиорациялық аулауды жүргізуге:
      ғылыми ұйымдардың ұсынымдары және/немесе сараптамалық бағалары негізінде мелиоративтік аулау жүргізу туралы ведомствоның аумақтық бөлімшесінің шешімінің көшірмесі;
      бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
      6) өсімін молайту мақсатында аулауға:
      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатындағы аулауды қоспағанда, биологиялық негіздеме;
      бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есеп;
      7) эксперименталды аулау жүргізуге:
      биологиялық негіздеме жене ғылыми ұйымдардың ұсынымдары;
      8) жануарларды ғылыми мақсаттарға пайдалануға (алғашқы өтінім кезінде):
      бейіндейтін ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспары үзіндісінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламаларының көшірмелері мен салыстыру үшін түпнұсқалары немесе осы түпнұсқасы ұсынбаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдар (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде - уәкілетті органмен және (немесе) оның ведомствосымен жасалған шарттың көшірмесі.
      15. Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері өтінім мен оған қоса берілген құжаттарды қарап, өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсаттар беруді жүргізеді немесе жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
      Белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат немесе дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері берілген өтінімге сәйкес бір жұмыс күн ішінде рұқсат береді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен өтінім берілген күні бекітілген лимиттерге сәйкес алу квотасы шегінде өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін ақы төлегені туралы төлем құжаты болған жағдайда беріледі.
      17. Рұқсатта:
      1) рұқсатты берген ведомствоның аумақтық бөлімшесінің атауы;
      2) заңды тұлғаның атауы жене оның басшысының тегі, аты, әкесінін аты немесе рұқсат берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      3) жануарлар дүниесін пайдаланудың түрі;
      4) алу мақсаты;
      5) алуға рұқсат етілген жануарлар дүниесінің түрі немесе олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдері, саны (биомассасы);
      6) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);
      7) алудың мерзімдері;
      8) алудың әдістері (аулау, ұстау, ату, жинау және тағы басқа);
      9) алу болжалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
      10) жануарлар дүниесін немесе олардың олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін алу тәсілдері мен қарулары, қолданылатын жүзу құралдары;
      11) жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысушы адамдардың саны;
      12) аңшы куәлігінің берілген уақыты және нөмірі (тек қана аң аулау мақсатындағы рұқсат үшін);
      13) төлемнің төленгенін растайтын құжатқа сүйене отырып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемдердің сомалары көрсетіледі.
      18. Рұқсаттар өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсатты есепке алу журналына қол қою арқылы беріледі.
      19. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берілмейді.
      Егер балық аулауға шарт ережесі бойынша балық аулау су тоғандардың және (немесе) учаскелердің сондай-ақ бірнеше кемемен, бригадамен немесе звеномен жүзеге асырылса, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат және ауланған балықты тіркеу журналы әрбір учаскеге, кемеге, бригада немесе звеноға беріледі.
      20. Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін. Маркада: жануардың бейнесі мен атауы, бір басқа төленетін ставка көрсетіледі. Рұқсаттар маркалар нысанында болуы мүмкін аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
      21. Рұқсаттарды беруден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) өтінімде көрсетілген мәліметтер толық емес болса;
      2) өтінімде көрсетілген мәліметтер жалған болса;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы немесе ол болмаса.
      Өтінімнің және құжаттардың толық болмау немесе дұрыс ресімделмеу фактілері орын алған жағдайда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері және Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері екі жұмыс күні ішінде одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтінім және құжаттар жалпы негізде қаралады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Рұқсат беру "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттарды есепке алу мен тіркеу" туралы арнайы журналда тіркеледі.
      Аумақтық бөлімшелер жыл бойы берілген рұқсаттар туралы жиынтық мәліметті тиісті ведомствоға береді.
      23. Өтінім, рұқсат беру журналының нысаны сонымен бірге олардың есептілігі мен санағы, уәкілетті органмен бекітіледі.
      24. Аң аулау және балық аулау объектілеріне жататын жануарлар түрлерін пайдалануға арналған рұқсаттардың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      25. Пайдаланушы рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін отыз күн ішінде оны пайдалану нәтижелері туралы рұқсат берген органға есеп береді.
      26. Ведомстволар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешімдеріне немесе осы Ережеде белгіленген мерзімде рұқсаттар берілмегеніне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе)
сотқа шағымдануға болады.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2004 жылғы 31 желтоқсандағы  
№ 1469 қаулысымен       
бекітілген          
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне     
1-қосымша           

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.

Алдыңғы беті

Аңшылық пен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды
шаруашылық мақсаттарда пайдалануға, жануарларды ғылыми,
мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға,
жануарлардың пайдалы қасиеттері мен олардың тіршілік ету өнімдерін
пайдалануға (қажеттісінің астын сызу керек)
№____РҰҚСАТ

Берілді (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні)


Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар (тегі, аты-жөні)


Рұқсат пайдаланылатын учаскенің аумағы мен шекарасы


Алу тәсілдері (ату, аулау, жинау)


Р/С

Жануарлар мен құстардың түрлері

Дарақтар саны







Алу мерзімі___жылғы «__»_______ бастап
_____ жылғы «___»______________ дейін

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлемдер сомасы


Рұқсатты пайдалану туралы есеп беру мерзімі

______жылғы «__»______

Бақылау (уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің атауы) жүктеледі


Комитет төрағасы_____________________________________________________
                    (тегі, аты-жөні көрсетіліп, қол қойылады)

Рұқсаттың артқы беті

«Тіркелді»

_____________________________________________________________________
        (облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы
                        инспекциясының атауы)

Бастық_______________________________________
                 (тегі, аты-жөні)
Қолы_____________

М.О.

      Ескертпе: жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның бланкісінде толтырылады.

Алдыңғы беті

Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы

_________________
облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының атауы

___________________
облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының атауы

____________________
___________________


Жабайы жануарларды аулауға
№__РҰҚСАТТЫҢ ТҮБІРТЕГІ
(рұқсатты берген облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясында қалады)
_________________

аңшылық шаруашылығы субъектісіне берілді Олжалауға_________ (жануардың түрі, жынысы, саны) Мақсаты__________
__________________
(әуесқойлық, спорттық кәсіпшілік, аң аулау, олжа табу)
Қолданылу мерзімі______ жылғы «__»______ бастап жылғы «__»______ дейін Аң аудау орны____________ Жабайы жануарларды олжалауға төленген сома______теңге Берілген күні «__»______ жыл ____________берді (облаумақинспекцияның беруге жауапты тұлғасының қолы) Алдым ________ (аңшылық шаруашылығы субъектісі өкілінің қолы) (облаумақинспекция толтырады)

Жабайы жануарларды аулауға
№__РҰҚСАТ
(пайдаланылмаған рұқсатты берген облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясына қайтарылады)
_________________

аңшылық шаруашылығы субъектісіне берді Олжалауға_________ (жануардың түрі, жынысы, саны) Мақсаты__________
__________________
(әуесқойлық, спорттық кәсіпшілік, аң аулау, олжа табу)
Қолданылу мерзімі______ жылдың «__»______ бастап жылдың «__»______ дейін Аң аудау орны____________ Жабайы жануарларды олжалауға төленген сома______теңге Берілген күні «__»______ жыл берді (облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының беруге жауапты тұлғасының қолы) Алдым ________ (аңшылық шаруашылығы субъектісі өкілінің қолы) (облаумақинспекция толтырады)

Жабайы жануарларды аулауға
№___РҰҚСАТ ТАЛОНЫ
(аңшыға аңшылық шаруашылығы субъектісі береді) Аңшы______берілді
______________________
Аңшылық куәлігі
______________________
(сериясы, нөмірі)
______________________ Олжалауға_________ (жануардың түрі, жынысы, саны)
Мақсаты__________
__________________
(әуесқойлық, спорттық кәсіпшілік, аң аулау, олжа табу)
Қолданылу мерзімі______ жылдың «__»______ бастап жылдың «__»______ дейін Берілген күні «__»______ жыл ____________берді (аңшылық шаруашылығы субъектісінің беруге жауапты тұлғасының қолы) Аңшылық шаруашылығы ұйымының жолдамасы болған жағдайда аңшылық шаруашылығы ұйымының аумағында ғана жарамды
Аңшылық шаруашылығы субъектісі ____________
МО (аңшылық шарушылығы ұйымы толтырады)

Рұқсаттың артқы беті

РҰҚСАТ ТАЛОНЫ пайдалану туралы белгі (аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады)

РҰҚСАТТЫ пайдалану туралы белгі

Аңшы___________
Аңшылық куәлігі
_________________
(сериясы, нөмірі) Қатысады:_________
(бірлесіп аң аулау кезінде толтырылады,
__________________ аңшының тегі, аты-жөні, аңшылық куәлігінің сериясы, нөмірі)
__________________
__________________
Аң аулау орны __________________
__________________
__________________(алу болжамдалған учаскенің аумағы мен шекарасы) Аңшылық шаруашылығы субъектісінің М.О. Олжалады__________
"___"____________ жыл Аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды бақылаушы
өкілі_____________
(тегі, аты-жөні көрсетіліп, қол қойылады) (аңшылық шаруашылығы субъектісі толтырады)

Жануарлар түрі

Саны

Барлық олжаланғаны, олжалау күні

Аңшының қолы

аталығы

ұрғашысы

ұшары











































Тапсырылған аң терісінің саны___________ __________дана, сомасы__________мың теңге кәсіпшілік аң аулау кезінде жануарлар олжалаудың деректерін аңшы аң аулау аяқталғаннан кейін күн сайын толтырады. Аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды бақылаушы өкілі____________________________________
       (тегі, аты-жөні, лауазымы, қолы)







      А-4 форматындағы рұқсат қорғаныш қабатымен, баспаханалық тәсілмен жасалады.
      Бланкінің әр бөлігінде баспаханалық тәсілмен нөмірлер қойылады. Түсі - ашық көк.

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2004 жылғы 31 желтоқсандағы  
№ 1469 қаулысымен       
бекітілген          
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне    
2-қосымша          

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.

Басқаға беру құқығынсыз

Рұқсат нысаны

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
_____________________________________________________________________
    (орган және аумақтық бөлімше)

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін пайдалануға N_____рұқсат
      «Инспекция» мен «Пайдаланушы» арасындағы балық аулауға арналған 20___ жылғы «___»______ №______ шарт негізінде
_____________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның атауы және оның жауапты адамының тегі, аты-жөні
____________________________________________________________берілді.
           немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні)
Пайдалану түрі_______________________________________________________
                     (судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз сүт
                        қоректілерін қоса алғанда, балық аулау,
_____________________________________________________________________
әуесқойлық (спорттық) балық аулау; балық аулау объектілерін жаппайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда
_____________________________________________________________________
пайдалану; ғылыми мақсатта пайдалану; мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
_____________________________________________________________________
пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалану;
_____________________________________________________________________
         су бөгенінің және (немесе) оның учаскесінің атауы)
_____________________________________________мақсаттарында пайдалану.
      (кәсіпшілік аулау, спорттық-әуесқойлық,
    мелиоративтік аулау, балық өсіру және т.б.)
Балықтардың және басқа да су жануарларының түрлері немесе олардың тіршілік ету өнімдері, алуға рұқсат етілген саны (биомассасы)
_____________________________________________________________________
       (тн немесе кг, итбалықтар басы - цифрлармен және жазбаша)
Жыныс-жас құрамы (қажет болған жағдайда)_____________________________
Алу мерзімі_______________ден_______________ дейін
             (рұқсаттың қолданылу мерзімі)
Алу тәсілдері (аулау, ату, жинау)____________________________________
                                         (түрі, мөлшері, саны)
Болжамды алу учаскесінің ауданы (аумағы) мен шекарасы
_____________________________________________________________________
Жануарлар дүниесінің объектілерін немесе олардың тіршілік ету өнімдерін алу тәсілдері мен қарулары, қолданылатын жүзу құралдары
_____________________________________________________________________
                            (үлгісі, саны)
_____________________________________________________________________
Жануарлар дүниесін объектілерін алуға қатысушы адамдардың саны
_____________________________________________________________________
Төлену фактісін растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төленген төлем сомасы
_____________________________________________________________________

Берілген күні 20___ жылғы «___» _______________

М.О.                      Қолы_______________________________________
                                  (лауазымды адамның аты-жөні)

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2004 жылғы 31 желтоқсандағы 
№ 1469 қаулысымен     
бекітілген          
Жануарлар дүниесін пайдалануға
рұқсат беру ережесіне    
3-қосымша           

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.29 № 286 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.

Марка нысаны

Марканың жоғарғы бөлігі

Марканың төменгі бөлігі

Түбірек

Дарақтар саны

Жануар атауы

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның атауы

      Ескертпе: Марка қорғаныш қабатымен баспаханалық тәсілмен жасалады, марканың сипаттамасы мемлекеттік тілде.

Жануарлар дүниесiн пайдалануға
рұқсат беру ережесiне   
4-қосымша        

      Ескерту. Ереже 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.02.01 № 187 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Алдыңғы бетi

Саны реттелуге жататын жануарлардың түрлерiн алып қоюға
№____РҰҚСАТ

Берiлдi (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты-жөнi)


Рұқсатты пайдалануға жауапты адамдар (тегi, аты-жөнi)


Рұқсат пайдаланылатын учаскенiң аумағы мен шекарасы


Жануарлар түрлерінің санын реттеу әдістері


Р/с

Жануарлар түрлерi

Жануарлар дүниесі объектілерінің саны







Алу мерзiмi______жылғы «__»_______ бастап
______ жылғы «___»______________ аралығы

Рұқсатты пайдалану туралы есеп беру мерзiмi

______жылғы «__»______

Бақылау (тиісті ведомствоның аумақтық бөлiмшесiне атауы) жүктеледi



      Басшы________________________________________________________
            (рұқсатты берген орган басшысының тегi, аты-жөнi, қолы)

Рұқсаттың артқы бетi

«Тiркелдi»

      ______________________________________________________________
                 (тиісті ведомствоның аумақтық бөлiмшесiнiң атауы)
      Бастық_______________________________________
                         (тегi, аты-жөнi)
      Қолы_____________

                        М.О.

Ескертпе: Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің бланкiсiнде.