"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1469 қаулысымен
бекiтiлген
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру ережесi
1. Осы жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi
Заңына
сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға, оның iшiнде шетелдiктерге жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға арналған рұқсат берудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат (бұдан әрi - Рұқсат) жануарлар дүниесiн пайдаланудың бекiтiлген алу лимиттерiне сәйкес мынадай түрлерiне:
1) аң аулауға;
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз сүт қоректілерін қоса алғанда, балық аулауға;
3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалануға берiледi.
Рұқсат жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн енгізiлген төлемге сәйкес, жануарларды алудың белгiлi бiр көлемiне (санына) берілуi мүмкiн.
3. Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi уәкiлеттi орган:
жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында, балық және басқа да су жануарларын қоспағанда - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi болып табылады.
2. Рұқсат беру шарты мен тәртібі
4. Уәкiлеттi орган пайдаланудың мынадай түрлерiне рұқсат береді:
1) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға;
2) жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға;
3) жануарларды мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға;
4) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалануға.
5. Аңшылық жүргізуге арналған Рұқсатты аңшылық шаруашылығы ұйымдарына тиістi уәкiлеттi органдарының аумақтық органдары олардың жануарларды алудың бекiтiлген квотасы шегінде бередi. Аңшылық алқаптардың резервтiк қорында аңшылық жүргiзуге арналған Рұқсат беруді уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
6. Балық аулауға арналған Рұқсат балық шаруашылығы ұйымдарына тиiстi уәкiлеттi органның аумақтық органдары олардың жануарларды алудың бекiтiлген квотасы шегінде береді.
7. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерiн алуға арналған Рұқсат тиiстi уәкiлеттi орган
айқындайтын
жануарлар санын реттеу тәртiбiне сәйкес берiледi.
8. Рұқсат алуға мүдделі адамдар әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулаудан басқа жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлеріне орай тиiстi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық органдарына өтінім бередi.
Өтiнiм нысанын тиiстi уәкiлеттi орган
бекiтедi
.
Өтiнiмде:
1) өтiнiм берушi туралы мәлімет (заңды тұлғалар үшін деректемелер, жеке тұлғалар үшiн паспорт деректері, шетелдiктер үшін қосымша - келу және кету күндерiн, келу мақсатын, қозғалыс бағытын, уақытша тұратын мекен-жайын көрсете отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзiмi);
2) жануарлар дүниесiн пайдалану түрі;
3) алу мақсаты;
4) мекендейтiн ортасынан алынуы жоспарланған жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiзбесi мен саны;
5) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);
6) алу мерзiмдерi;
7) алу болжамдалған учаскенiң ауданы (аумағы) мен шекарасы;
8) алу тәсiлдерi (аулау, ату, жинау) көрсетіледi.
9. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса тапсырылады:
1) нотариалды куәландырылған құрылтайшы құжаттарының көшiрмесi немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн тиiсті мемлекеттік орган берген нотариалды куәландырылған құжаттар көшiрмесi (алғашқы өтiнiм кезінде);
2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн ақы төлегенi туралы төлем құжаты;
3) жануарлар дүниесi объектiлерiн алуға қатысушы адамдардың тiзiмi;
4) ұстау, аулау қаруларының, жүзгiш құралдардың тізбесі;
5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн алу жағдайындағы шешiмi;
6) берiлген рұқсат бойынша есеп (eгep рұқсат бұрын берiлген жағдайда).
10. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрiне байланысты осы ереженiң 9-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа өтiнiмге қосымша мынадай құжаттар қоса берiледi;
1) аң аулау мен балық аулауға (алғашқы өтiнiм кезiнде):
облыстық атқарушы органның балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
облыстық атқарушы органның аңшылық алқапты бекiтiп беру туралы шешiмiнiң көшiрмесi;
балық аулауға арналған шарттың көшiрмесi;
аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшiрмесі;
балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттың көшiрмесi;
егер, жануарлар дүниесi объектiлерiн алу шетелдiктердiң қатысуымен жүргiзiлетiн болса - аңшылық шаруашылығы ұйымдарының аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасалған шартының көшiрмесi;
2) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға (алғашқы өтiнiм кезiнде):
аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды пайдалана отырып шаруашылық қызметтi орындауға негiз беретiн құжат (нотариалды куәландырылған лицензия көшiрмесi және/немесе осы шаруашылық қызметiн орындауға арналған құқықты растайтын патенттер, куәлiктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттар);
жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды дәлелдейтін материалдар (биологиялық негiздеме, мемлекеттiк экологиялық сараптау қорытындысы);
3) жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға (алғашқы өтiнiм кезiнде):
бейiндейтiн ғылыми ұйымның ғылыми кеңесi бекiткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми зерттеу жұмыстары бағдарламасынан нотариалды куәландырылған үзіндiнiң көшірмесі;
уәкілетті органның аумақтық органы бекiткен ихтиологиялық жұмыс жоспарының көшiрмесi (бақылаулық аулау кезiнде);
жануарлар дүниесi объектiлерiн алуды дәлелдейтiн материалдар (биологиялық негiздеме, мемлекеттiк экологиялық сараптау қорытындысы);
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға мемлекеттiк тапсырысты iске асыру кезiнде уәкiлеттi органмен жасалған шарттың көшiрмесi.
11. Рұқсат беруден бас тартуға:
1) өтiнiмде көрсетiлген мәлiметтердiң толық көлемде берiлмеуi;
2) өтінімде көрсетiлген мәлiметтердiң сенiмсiздiгi;
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың терiс қорытындысы, негiз болады.
12. Уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары өтiнiмдi және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және 10 күн ішінде Рұқсат беруді жүргiзедi не дәлелденген бас тарту жiбередi.
13. Рұқсат өтiнiм берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа адамға рұқсатты есепке алу жорналына қол қоюмен беріледі.
14. Рұқсатты басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге жол берiлмейдi. Рұқсат, есепке алу және олар бойынша есеп беру нысанын тиiстi уәкiлеттi орган
белгілейді
.
Егер, шарт ережесi бойынша балық аулау су тоғанының бірнеше балық кәсiпшiлiктерi учаскелерiнде жүзеге асырылған жағдайда Рұқсат иесiне уәкiлеттi органның аумақтық органында тiркелген әрбiр учаскеге уәкiлеттi органның аумақтық органы куәландырған Рұқсаттың көшiрмесi берiледi.
15. Рұқсатта:
1) Рұқсатты берген уәкiлеттi органның аумақтық органының атауы;
2) заңды тұлғаның атауы және оның жауапты адамының тегi, аты, әкесiнiң аты немесе рұқсат берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты;
3) жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрi;
4) алу мақсаты;
5) алуға рұқсат берiлген жануарлар дүниесiнiң түрi немесе олардың тiршiлiк ету өнiмдері, саны (биомассасы);
6) жыныс-жас құрамы (қажет жағдайда);
7) алудың мерзімдері;
8) алудың әдiстерi (аулау, ату, жинау және тағы басқа);
9) алу болжалған учаскенің ауданы (аумағы) мен шекарасы;
10) жануарлар дүниесiн немесе олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн алу тәсiлдерi мен қарулары, қолданылатын жүзу құралдары;
11) жануарлар дүниесiн объектiлерiн алуға қатысушы адамдардың саны;
12) аңшы куәлiгiнiң берілген уақыты және нөмiрi (тек қана аң аулау мақсатындағы Рұқсатқа);
13) төлемнiң төленгенін растайтын құжатқа сүйене отырып, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленген төлем сомасы көрсетiледi.
16. Аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың түрлерiн пайдалануға арналған Рұқсат маркалар нысанында болуы мүмкін. Маркада: жануардың бейнесi мен атауы көрсетiледi. Оларды пайдалануға Рұқсат маркалар нысанында болуы мүмкiн аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн тиiстi уәкілетті орган белгiлейдi.
P090625
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.26
N 619
Қаулысымен.
17. Рұқсат берудi тиісті уәкiлеттi органның аумақтық органы "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты есепке алу мен тіркеу" туралы арнайы жорналында тiркейдi.
Жорналдың нысанын тиiсті уәкілетті орган
бекітеді
.
Жыл бойы берiлген Рұқсаттар туралы жиынтық мәлімет уәкiлеттi органға беріледі.
18. Аң аулау және балық аулау объектiлерiне жататын жануарлар түрлерін пайдалануға арналған Рұқсаттардың әрекет ету мерзiмi Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы
заңнамасына
сәйкес белгіленедi.
19. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бiр ай мерзiмде, оны пайдаланудың нәтижелерi туралы уәкiлеттi органға есеп берiледi.