Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 566 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 1-бабы 7) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарының тәрбиеленушілері үшiн тегiн тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 42 қаулысына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімінде № 9-4-160 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 наурыздағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1, 2-тармақтарында "мүгедектер және бала кезінен мүгедектер" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 В. Радченко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Лисаков қаласы әкімдігінің
      білім бөлімі" ММ бастығы
      _______________ Е. Бурдыка