Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1415 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қоса беріліп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 29 желтоқсандағы  
N 1415 қаулысымен      
бекiтiлген         

Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

 Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.07 N 1413 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi мен Балық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрi – Комитеттер) төрағалары – Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Комитеттер төрағаларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары.
      3. Комитеттердiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар бастықтары, бас сарапшылары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.
      4. Комитеттердiң жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын сарапшылары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.
      5. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелердің бастықтары - тиiстi облыстың (бассейннің) Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.
      6. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелері бастықтарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - тиiстi облыстың (бассейннің) Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.
      7. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң бастықтары - тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттiк инспекторы.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.
      8. Комитеттердiң аумақтық бөлімшелердің жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары - тиiстi облыстың (бассейннің) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.14 № 566 Қаулысымен.

 Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар

      1. Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор.
      2. Бас аңшылық маманы және ихтиолог, аңшылық маманы және ихтиолог, аға қорықшы, қорықшы - жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор.