Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1415 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының  8-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 29 желтоқсандағы  
N 1415 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар
дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және
аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ
жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын
мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi

  Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге
асыратын уәкілеттi және аумақтық органдар

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi мен Балық шаруашылығы комитетiнiң (бұдан әрi - Комитеттер) төрағалары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы.
      2. Комитеттер төрағаларының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары.
      3. Комитеттердiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары, басқармалар бастықтарының орынбасарлары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторы.
      4. Комитеттердiң жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерімен айналысатын бас және жетекші мамандары - Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторы.
      5. Комитеттердiң аумақтық органдарының бастықтары - тиiстi облыстың Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы.
      6. Комитеттердiң аумақтық органдары бастықтарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары - тиiстi облыстың Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары.
      7. Комитеттердiң аумақтық органдарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бөлiмдерiнiң бастықтары - тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі аға мемлекеттiк инспекторы.
      8. Комитеттердiң аумақтық органдарының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы реттеу мен бақылау мәселелерiмен айналысатын бас және жетекшi мамандары - тиiстi облыстың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегі мемлекеттiк инспекторы.

  Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге
асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар

      1. Жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары - жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор.
      2. Бас аңшылық маманы және ихтиолог, аңшылық маманы және ихтиолог, аға қорықшы, қорықшы - жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспектор.