Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 Қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбында және мәтiнде "медициналық қызметтiң сапасын бақылау" деген сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.22 N  899  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2.  (Aлынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12  N 944  (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).

      3.  (Aлынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12  N 944  (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).

      4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттiк мекемелерi құрылсын.

      5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны таратылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 9-66-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттік нөмiрi 33-жолы алынып тасталсын.

      8. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1327 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi туралы
ереже

       Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12  N 944  (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1327 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң
құрылымы

       Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12  N 944  (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң
аумақтық бөлiмшелерiнің - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi

       Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.07.11  N 684  Қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.