Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесiнде:
10-тармақтағы "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Алматы Бас филиалында ашылған N 413609816 банктiк шоты, МФО 190501109" деген сөздер "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық (бұдан әрi - Орталық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ "үш банктiк күнi iшiнде" деген сөздерден кейiн "MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің | |
міндетін атқарушы |