Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 899 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы N 1541 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.07 N 1541 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi болып қайта аталсын.

      2.  (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 944 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2006 жылғы 22 қыркүйектегі 
N 899 қаулысымен      
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

       Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 944 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 899 қаулысына     
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң      
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 15 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Фармация комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық
      2. Дәрiлiк саясат басқармасы
      1) Фармацевтикалық қызметтi ұйымдастыру бөлiмi
      2) Фармацевтикалық қызметтi бақылау бөлiмi
      3. Дәрiлiк заттар айналымын бақылау басқармасы
      1) Дәрiлiк заттардың сапасын бақылау бөлiмi
      2) Дәрiлiк заттардың пайдаланылуын бақылау бөлiмi

  Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң        
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
N 399 қаулысына    
2-қосымша    

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң          
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
N 15 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң құрылымы

      1. Басшылық
      2. Аккредиттеу және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы
      1) Ұйымдастыру-ақпараттық жұмыс бөлiмі
      2) Лицензиялау, аккредиттеу, аттестаттау және құқықтық жұмыс бөлiмi
      3. Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдiснама және бақылау басқармасы
      1) Медициналық қызмет көрсету саласындағы талдау мен бақылау бөлiмi      
      2) Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдiснама бөлiмi