Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi


      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.

      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.08.2021 № 516 қаулысымен.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1118 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.03.2022 № 168 қаулысымен.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Министрлік) сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) Халықаралық ақпарат комитеті;

      2) Инвестиция комитеті.

      Министрліктің Алматы қаласында өкілдігі бар.

      3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.

      10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Министрлігінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;

      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;

      3) шетелде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;

      4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;

      5) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарындағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қорғауды қамтамасыз ету;

      6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;

      7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қатынастарын жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай сыртқы саяси, сыртқы экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында басқа да мемлекеттік органдардың халықаралық қызметін үйлестіру;

      9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

      10) "Дамуға ресми көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;

      11) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және (немесе) олардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпия мәліметтерді жарияламауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомстволарға беру;

      сотқа жүгіну;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сәйкес бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалану;

      өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқару.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;

      2) сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және Мемлекет басшысының халықаралық бастамаларын іске асыру, сондай-ақ Президент пен Үкіметке тиісті ұсыныстар беру;

      3) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;

      4) сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық саласында қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу;

      5) нысаналы мемлекеттер мен өңірлерге мамандандырылған зерттеулер жүргізу;

      6) сыртқы саяси процестерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды болжау және практикалық қарсы шаралар тұжырымдау;

      7) негізгі шетелдік авторлармен ғылыми және сараптамалық байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар тұжырымдау;

      9) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан процестер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру;

      10) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;

      11) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;

      12) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;

      13) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

      14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен қол жеткізген уағдаластықтарының есебін ұсыну;

      15) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;

      16) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

      17) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, Министрліктің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету тәртібін бекіту;

      18) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу;

      19) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты тұжырымдауға және жүргізуге қатысу;

      20) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін елдік және әлемдік экономиканың дамуы саласында ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау;

      21) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;

      22) халықаралық ұйымдарға, халықаралық шарттарды орындау органдары мен басқа да халықаралық органдарға ерікті жарналарды төлеудің саяси орындылығы және олардың көлемі туралы ұсыныстар тұжырымдау;

      23) халықаралық жағдайдың мониторингі және әлемдік экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы жаһандық трендтерді анықтау;

      24) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау;

      25) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жинақтау;

      26) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау;

      27) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету;

      28) орталық атқарушы органдардың шет мемлекеттермен, мемлекетаралық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен қатынастардағы қызметін үйлестіру;

      29) жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ету;

      30) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіндегі ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жіберу;

      30-1) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1267 (1999), 1988 (2011), 1989 (2011) қарарлармен, сондай-ақ оларды дамытуға қабылданған қарарлармен құрылған комитеттеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жиынтық санкциялық тізбесіне дереу енгізу және (немесе) жиынтық санкциялық тізбесінен алып тастау үшін террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар мен ұйымдар туралы ұсыныстар енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      31) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес олар уәкілеттік берген органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен адамдар тізбесінен алып тастау туралы мәліметтерді жіберу;

      32) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      33) Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал шет елдердегі мекемелерінің санаттарына сәйкес олардың тізбесін әзірлеу және бекіту;

      34) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      35) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, басым жобаларды iске асыру үшiн инвестициялар, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар беретiн қарыздар мен гранттар тартуға жәрдемдесу;

      36) өз құзыреті шегінде өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғауды жүзеге асыру, оның ішінде сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдем көрсету;

      37) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдемдесу;

      38) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;

      39) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;

      40) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      41) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      42) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      43) орталық мемлекеттік орган әзірлейтін халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту;

      44) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан орындылығы туралы қорытындылар беру;

      45) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын әзірлеу;

      46) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындауды қайта бастау және күшін жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу;

      47) Қазақстан Республикасының қатысушы болуға ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелер бойынша қорытындылар беру;

      48) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;

      49) халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынас жасау;

      50) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;

      51) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасауға өкілеттіктерді растау;

      52) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

      53) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      54) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге мониторингті жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      55) Қазақстан Республикасының көпжақты халықаралық шарттары депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;

      56) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды, ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізуді жүзеге асыру, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жіберу не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру;

      57) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеуді жүзеге асыру;

      58) Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну;

      59) Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, күшiне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялау үшін ұсыну;

      60) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетiлдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      61) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

      62) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпаратты "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну;

      63) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы ақпаратты "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялау үшін ұсыну;

      64) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау, мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар беру;

      65) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою;

      66) Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспортының және Қазақстан Республикасы қызметтік паспортының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлеу;

      67) Қазақстан Республикасының жоғалған, ұрланған дипломатиялық және қызметтік паспортының орнына жаңасын беру үшін жоғалғаны, ұрланғаны туралы ақпаратты тексеру тәртібін бекіту;

      68) Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын жою жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамын бекіту;

      69) қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісін, оны ресімдеу, беру және ауыстыру тәртібін әзірлеу;

      70) шетелде тұрақты тұру құқығына құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматтарынан – жеке куәлігін және өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда – паспортын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қою;

      71) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны жоспарлау, жиынтықтау, ресімдеу, жөнелту, жеткізу, қабылдап алу және сақтау тәртібін әзірлеу;

      72) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық поштаны пайдалану құқығы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының тізбесін әзірлеу;

      73) дипломатиялық поштаны жоспарлауды, жиынтықтауды, ресімдеуді, қабылдап алуды және сақтауды жүзеге асыру, дипломатиялық поштаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге және шет елден Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді ұйымдастыру;

      74) өз құзыреті шегінде дипломатиялық поштаны жеткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

      75) дипломатиялық поштаны жеткізу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді және дипломатиялық курьерлер мен "ад хок" дипломатиялық курьерлеріне беруді қамтамасыз ету;

      76) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ұйымдармен дипломатиялық пошта мәселелері бойынша, оның ішінде бірлескен нормативтік құқықтық актілерге қол қою арқылы өзара іс-қимыл жасау;

      77) дипломатиялық поштаның жеткізілуін ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де заңды тұлғаларды тарту;

      78) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту;

      79) шет елдердегі мекемелерде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;

      80) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      81) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша болу мемлекетінде, оның ішінде форс-мажорлық жағдайлар салдарынан қиын жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты шаралар қабылдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру тәртібін бекіту;

      82) дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      83) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангы бар Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің ардагерлеріне ақшалай төлемдерді жүзеге асырудың қағидалары мен мөлшерін әзірлеу;

      84) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені әзірлеу;

      85) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін айқындау;

      86) шет елдегi мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру бюджетінің қаражаты есебінен ақы төлеу тәртібі мен мөлшерін айқындау;

      87) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және жалға беру, күрделі жөндеу және ғимараттарды (құрылыстарды) жөндеу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау тәртібін бекіту;

      88) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін бекіту;

      89) шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша шетелде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;

      90) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қатарынан консультанттар мен сарапшыларды тарту;

      91) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;

      92) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілеу;

      93) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын белгілеу;

      94) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі актісінің нысанын белгілеу;

      95) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін айқындау;

      96) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын белгілеу;

      97) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін бекіту;

      98) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;

      99) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындау;

      100) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту;

      101) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

      102) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен стандарттау саласындағы уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындауды және енгізуді жүзеге асыру;

      103) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеуді жүзеге асыру;

      104) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;

      105) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

      106) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;

      107) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      108) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту;

      109) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимылының тәртібін бекіту;

      110) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

      111) дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын әзірлеу және бекіту;

      112) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;

      113) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асыру;

      114) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекіту және оны іске асыру;

      115) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;

      116) оператордың дамуға ресми көмек үшін бөлінген бюджет қаражатын пайдалану саласындағы қызметіне мониторингті жүзеге асыру;

      117) дамуға ресми көмек жобасына мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;

      118) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;

      119) мыналарды:

      дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді;

      дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуді жүзеге асыру;

      120) мыналарды:

      дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;

      дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің жұмыскерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу тәртібін бекіту;

      121) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының делимитациялауға, демаркациялауға және қайта демаркациялауға байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимі туралы шарттар жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу;

      122) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      123) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі, шектес мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялауды, демаркациялауды немесе қайта демаркациялауды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар ету;

      124) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешу;

      125) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау;

      126) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асыру;

      127) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      128) Қазақстан Республикасының аумағындағы дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететiн ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асыру;

      129) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау;

      130) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асыру;

      131) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдау және келісу;

      132) өздеріне қатысты қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту;

      133) салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша өздеріне қатысты қосылған құн салығын қайтару жөнінде шектеулер белгіленетін шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту;

      134) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелуі мен орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттеу күнінен бастап он жұмыс күні ішінде беру;

      135) дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету;

      136) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      137) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      138) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдесу;

      139) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      140) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      141) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдеу;

      142) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындау;

      143) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;

      144) шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту;

      145) консулдық мекемелердің консулдық алымды қолма-қол ақшамен қабылдауы үшін қатаң есептілік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;

      146) жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту;

      147) шет елде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ шет елде тұратын отандастардың ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      148) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;

      149) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарды келу, оның ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар ету;

      150) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдау, тіркеу, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдеу;

      151) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына жәрдемдесу;

      152) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің орындылығы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында жұмысқа, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды ұсыну;

      153) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және оларды қарау тәртібін әзірлеу және бекіту;

      154) Министрліктің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      155) Министрліктің кадр резервіне енгізу қағидаларын бекіту;

      156) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      157) шет елдердегі мекемелерге жұмысқа барудан бас тарту үшін дәлелді деп танылатын себептердің тізбесін белгілеу;

      158) сирек шет тілдерінің тізбесін белгілеу;

      159) дипломатиялық қызмет персоналын шетелде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін айқындау;

      160) құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту;

      161) Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және онда тұрақты тұру үшін қалуға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту;

      162) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп, консулдық мекеме басшыларының консулдық орналасқан елде олардың жұмыскерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу қағидаларын бекіту;

      163) шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Министрлікте есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;

      164) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу тәртібін айқындау;

      165) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жөніндегі агенттікті және оларды орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу мүмкіндігі туралы қорытынды ұсыну;

      166) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу тәртібін айқындау;

      167) шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде дактилоскопиялық ақпаратты жинау және өңдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      168) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің өкілдіктеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан халықаралық ұйымдарға немесе олардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (қызметкерлеріне, лауазымды адамдарына) өткізілетін бажсыз сауда дүкендерін кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;

      169) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;

      170) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, БАҚ-ты Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;

      171) халықаралық аренада Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру;

      172) Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      173) шет елде бағдарламалық құжаттарды (Президенттің Қазақстан халқына жолдаулары және басқалар) түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастыру;

      174) өз құзыретi шегінде ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;

      175) мемлекеттiң оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, отандық және шетелдік БАҚ-пен, әлемнің талдамалық орталықтарымен, рейтингтік агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау;

      176) шет елдердегі мекемелерден, шетелдік контрәріптестерден түсетін шетелдік БАҚ материалдарын мониторингтеу мен талдау және Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тиісті түрде хабардар ету;

      177) отандық БАҚ-тың материалдарын мониторингтеу және талдау, Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлiмшелерiн және шет елдердегі мекемелерді хабардар етуді ұйымдастыру, дайджест шығару;

      178) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;

      179) шетелде Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту мақсатында имидждік материалдар мен өнімдер әзірлеу;

      180) ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру бойынша контрәріптестермен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;

      181) Қазақстан Республикасының экономикалық, мәдени-тарихи, аумақтық-географиялық, зияткерлiк әлеуетінің имиджін ілгерілету жөніндегі жобаларды әзірлеу;

      182) ақпараттық-имидждік саясаттың жекелеген бағыттарын iске асыру бойынша шетелдік БАҚ-пен, консалтингтік компаниялармен, пиар-агенттiктермен өзара іс-қимыл жасау;

      183) ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерiнiң қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      184) Министрлiк басшылығына Қазақстан Республикасының имиджін жақсарту бойынша ұсынымдар тұжырымдау;

      185) шет елде халықаралық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

      186) Министрліктің қызметін БАҚ-та жария етуді қамтамасыз ету;

      187) БАҚ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;

      188) шет елде жарияланатын Қазақстан туралы оң материалдарды отандық БАҚ-та тұрақты түрде жариялау;

      189) Министрлiк веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      190) шетелдік БАҚ өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу;

      191) іс-шара бағдарламасына сәйкес ресми халықаралық іс-шаралар шеңберінде журналистер делегацияларымен жұмыс істеу;

      192) Министрлiктің бейне және фотоархивін қалыптастыру;

      193) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

      194) БАҚ-та, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік БАҚ-та өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;

      195) бірлескен өндірістерді құру үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;

      196) қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру үшін трансұлттық корпорацияларды тарту;

      197) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;

      198) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;

      199) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;

      200) инвестиция жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалатын инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;

      201) инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелер орындалған жағдайда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік заттай гранттарды кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беру;

      202) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау;

      203) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      204) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;

      205) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;

      206) арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;

      207) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісім жасасу;

      208) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну;

      209) инвестициялар туралы жасалған келісімдер және мұндай келісімдердің бұзылуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мерзімде және нысандар бойынша өзге де мәліметтерді салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға беру;

      210) инвесторлар үшін "бір терезе" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасасу тәртібін әзірлеу;

      211) инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату қағидаларын және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын әзірлеу;

      212) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;

      213) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін бекіту;

      214) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру.

      215) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.09.2022 № 676 қаулысымен.

3-тарау. Министрлігінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Министрліктің басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.

      17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;

      3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;

      6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Министрліктің бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе Министрліктің лауазымды тұлғасы басқарады.

4-тарау. Министрлігінің мүлкі

      22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кіріс қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Министрлікке бекiтiп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. Министрліктің "Дипломатиялық сервис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. "Сыртқы саяси зерттеулер институты" акционерлік қоғамы

      3. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      4. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

      5. "KazAID" қазақстандық халықаралық даму агенттігі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1118 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 164-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 55-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 345-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 351-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 365-құжат).