Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 Қаулысы.

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚAУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Aлынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 986 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.
      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 65), 66), 67), 68), 69) және 70) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.03.2019 № 131 қаулысымен.
     
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1118 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
     Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.03.2013 N 233 қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
     Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
     Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Халықаралық ақпарат комитеті;
      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 989 қаулысымен.
     3) Инвестициялар комитеті.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 989; 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға, құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
     Ескерту. 8-тармақтың екі тармақшасы 04.03.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 737 қаулысымен
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
     Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2019 № 561 қаулысымен.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. 04.03.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 737 қаулысымен
      13. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
     Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
      14. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы -Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингілеу бойынша шараларды қамтамасыз ету.
     Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      15. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне тиісті ұсыныстар беру;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделін нығайтуға жәрдемдесу;
      3) Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін шет елде қорғау;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен іске асыру;
      5) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, басқа мемлекеттермен және халықаралық аренадағы қарым-қатынастарында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық құралдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті үшін ұсыныстар әзірлеу және Президенттің халықаралық бастамаларын іске асыру;
      7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
      8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының бірыңғай саяси сыртқы және экономикалық бағытын және инвестициялық саясатын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіру;
      9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;»;
     10) «Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу.
     Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
      16. Функциялары:
      орталық аппараттың функциялары:
      1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;
      3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;
      4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу;
      5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;
      7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;
      9) шет елдер тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;
      10) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына жәрдемдесу;
      11) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің және консулдық мекемелердің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      12) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;
      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
      14) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу;
     14-1) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету;
15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүргізуге қатысу;
      16) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      17) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;
      18) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын қарыздар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;
      19) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді халықаралық нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;
      20) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      21) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;
      22) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
      23) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
      24) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен;
      25) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;
      26) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      27) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
      28) мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
      29) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын қамтамасыз ету;
      30) Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін белгілеу;
      31) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан орындылығы туралы қорытындылар беру;
      32) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелер бойынша қорытынды беру;
      33) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындау;
      34) халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынас жасау;
      35) өкілеттік сертификатын ресімдеу жолымен халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді жасауға өкілеттіктерді растау;
      36) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» жинағында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жариялау үшін Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын ұсыну;
     36-1) Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, күшiне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялану үшін ұсыну;
36-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын әзірлеу;
     36-3) орталық мемлекеттік орган әзірлейтін халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту;
36-4) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін әзірлеу;
      37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын халықаралық ұйымдардың тиісті органдарында тіркеуді жүзеге асыру;
      38) ратификациялық грамоталар, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау, бекіту немесе қабылдау туралы құжаттар алмасуды не осындай грамоталарды ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу туралы құжаттарды депозитарийге сақтауға өткізуді жүзеге асыру, халықаралық шарттардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру не олардың күшін жою туралы құжаттарды жіберу не осы функцияны Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктеріне немесе Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктеріне тапсыру;
      39) Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою;
     39-1) Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспортының және Қазақстан Республикасы қызметтік паспортының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлеу;
     39-2) қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісін, оны ресімдеу, беру және ауыстыру тәртібін әзірлеу;
     39-3) шетелде тұрақты тұру құқығына құжаттар алған Қазақстан Республикасы азаматтарынан - жеке куәлігін және өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда - паспортын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қою;
40) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен уағдаластықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
      41) шет елде тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жәрдемдесу;
      42) Қазақстан Республикасының елдік және әлемдік экономиканың даму саласындағы мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ұсыныстар және ұсынымдар әзірлеу;
      43) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты саласында талдамалық зерттеулер жүргізу;
      44) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын тиімді іске асыру мақсатында халықаралық аренада болып жатқан үдерістер мен оқиғаларды болжауды жүзеге асыру;
      45) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      46) халықаралық ұйымдарға, халықаралық шарттарды орындаушы органдар мен басқа да халықаралық органдарға ерікті жарналарды төлеудің саяси орындылығы туралы шешім қабылдау және олардың көлемін анықтау;
      47) дипломатиялық қызмет органдарының жүйесін және дипломатиялық қызметтің персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      48) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» және «Шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларды бекіту;
      49) Қазақстан Республикасы шетелдегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалдауы, үй-жайларының (ғимараттарының) күрделі құрылысы мен жөндеуі бойынша ұсыныстарды әзірлеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекіту;
      50) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін бекіту;
      51) сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласындағы қолданбалы және іргелі сипаттағы талдамалық зерттеулер жүргізу;
      52) халықаралық жағдайдың мониторингі және экономика мен саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы әлемдік жаһандық трендтерді анықтау;
      53) мақсатты мемлекеттер мен өңірлердің мамандандырылған зерттеулерін жүргізу;
      54) сыртқы саяси үдерістерді модельдеу, дағдарыстық жағдайларды
болжамдау және практикалық қарсы шаралар әзірлеу;
      55) негізгі шетелдік әріптестермен ғылыми және сараптамалық
байланыстарды дамытуды қамтамасыз ету;
      56) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы
бойынша талдау жүргізу және тиісті ұсыныстар әзірлеу;
      57) әлемдегі жағдайдың күн сайынғы мониторингі және дайджест дайындау;
      58) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің жедел ақпаратын жалпылау;
      59) халықаралық күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті проблемаларға түсіндірмелер дайындау;
      60) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен
регламенттерін әзірлеу және бекіту;
      61) мемлекеттік қызметтер көрсету;
     61-1) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарды белгілеу;
61-2) инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептердің нысанын белгілеу;
     61-3) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актінің нысанын белгілеу;
61-4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     61-5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру тәртібін айқындау;
     61-6) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмінің нысанын белгілеу;
61-7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн айқындау;
     61-8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     61-9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     61-10) арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу тәртібін бекіту;
61-11) арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім нысанын бекіту;
     61-12) Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     61-13) Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     61-14) Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     61-15) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     61-16) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     61-17) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     61-18) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.07.2019 № 497 қаулысымен.
     61-19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
61-20) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
     61-21) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
61-22) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
     61-23) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
61-24) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
     61-25) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;
61-26) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     61-27) мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп инвесторларға осы қызметтерді көрсету және оларды мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сүйемелдеу шеңберінде өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты тұлғаларды айқындайды;
61-28) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;
     61-29) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы өзара іс-қимылының тәртібін бекітеді;
61-30) Қазақстан Республикасының дамуға ресми көмек саласындағы қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
     61-31) дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын әзірлейді және бекітеді;
61-32) мемлекеттік органдардың, оператордың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіреді;
     61-33) дамуға ресми көмекті есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
61-34) халықаралық ұйымдарға дамуға ресми көмекке арналған ерікті жарналарды төлеу жоспарын бекітеді және оны іске асыруды жүзеге асырады;
     61-35) Қазақстан Республикасының Үкіметіне дамуға ресми көмектің іске асырылу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
61-36) оператордың дамуға ресми көмек үшін бөлінген бюджет қаражатын пайдалану саласындағы қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
     61-37) дамуға ресми көмек жобаларының іске асырылу тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
62) мыналарды:
     дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеуді;
дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуді жүзеге асыру;
     63) мыналарды:
дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;
     дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу тәртібін бекіту;
64) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимі туралы шарттарды жасасу бойынша келіссөздерге қатысу;
     65) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
66) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдеу;
     67) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі, шектес мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеуді, шегендеуді немесе қайта шегендеуді жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар ету;
68) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешу;
     69) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асыру;
70) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асыру;
     71) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау;
72) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
     73) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындау;
74) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдесу;
     75) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;
76) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
     77) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдау және келісу;
78) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
     79) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру;
80) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдау, тіркеу, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдеу;
     81) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
82) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдау және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу;
     83) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу;
84) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркеу;
     85) Министрдің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу;
86) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарға Қазақстан Республикасы азаматтығының тиесілігін айқындау;
     87) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін әзірлеу және бекіту.
ведомстволардың функциялары:
      1) - 9) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 989 қаулысымен;
      10) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
      11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
      12) Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған тұжырымдамаларды, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды, жобаларды іске асыру;
      13) Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      14) мемлекетiмiздiң оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БAҚ), талдамалық орталықтармен, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
      15) өз құзыреті жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
      16) өз құзыретi шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;
      17) шет елде Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту мақсатында имидждік материалдар мен өнімдер әзірлеу;
      18) отандық БAҚ-тың материалдарын мониторингілеу және талдау, Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлiмшелерiн және шет елдердегі мекемелерді хабардар етуді ұйымдастыру, дайджест шығару;
      19) шет елдердегі мекемелерден, шетелдік контрәріптестерден түсетін шетелдік БAҚ материалдарын мониторингілеу мен талдау және Министрлiктiң басшылығын, құрылымдық бөлімшелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын тиісті түрде хабардар ету;
      20) шет елде Бағдарламалық құжаттарды (Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және басқалар) түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар ұйымдастыру;
      21) ақпараттық-имидждік жобаларды іске асыру бойынша контрәріптестермен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
      22) Қазақстан Республикасының экономикалық, мәдени-тарихи, аумақтық-географиялық, зияткерлiк әлеуетінің имиджін ілгерілету жөніндегі жобаларды әзірлеу;
      23) шет елде халықаралық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
      24) ақпараттық-имидждік саясаттың жекелеген бағыттарын iске асыру бойынша шетелдік БAҚ-пен, консалтингтік компаниялармен, пиар-агенттiктермен өзара іс-қимыл жасау;
      25) Министрлiк басшылығына Қазақстан Республикасының имиджін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
      26) Министрлiк қызметiн БAҚ-тар жариялауды қамтамасыз ету;
      27) БAҚ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
      28) шет елде жарияланатын Қазақстан туралы оң материалдарды отандық БAҚ-тарда тұрақты түрде жариялау;
      29) Министрлiк веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      30) шет мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының тiлшiлерi мен басқа да өкiлдерiн аккредиттеу;
      31) іс-шара бағдарламасына сәйкес ресми халықаралық іс-шаралар шеңберінде журналистер делегацияларымен жұмыс істеу;
      32) Министрлiктің бейне және фото мұрағатын қалыптастыру;
      33) ақпараттық-имидждік жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерiнiң ақшалай қаражатын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындау.
     34) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
35) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     36) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     37) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     38) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     39) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
40) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
     41) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
     42) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
43) уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;
     44) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншіке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
45) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау және өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап жiберу;
     46) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін айқындау;
47) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
     48) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
48-1) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;
     49) арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
50) Aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.04.2020 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     50-1) инвесторлар үшін «бір терезе» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
51) ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру туралы шешім қабылдау;
     51-1) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлеу;
52) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхат беру.
     Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 128; 19.09.2014 № 989 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 25.09.2017 № 586; 29.12.2018 № 936; 19.03.2019 № 131; 10.07.2019 № 497; 31.07.2019 № 561; 07.04.2020 № 180  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 281; 15.12.2020 № 861 қаулыларымен.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Министрліктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      2) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру
     Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
      18. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлiгiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып табылады.
      19. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
     Ескерту. 20-тармақтың екінші тармақшасы 04.03.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 737 қаулысымен
      21. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      3) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін айқындайды;
      4) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылған дипломатиялық қызмет персоналын Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5)  еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған персоналды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен дипломатиялық қызмет персоналын көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;
      6) дипломатиялық қызмет органдарының кадрларға қажеттілігін айқындайды;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
       Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      21-1. 04.03.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 737 қаулысымен
      22. 04.03.2016 бастап 31.12.2017 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 24.11.2016 № 737 қаулысымен
      23. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
       Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі
     Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
      24. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлік теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен тұрады.
      25. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекiтiлген мүлік республикалық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
     Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.05.2020 № 281 қаулысымен.
      27. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
     Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.10.2017 № 644; 19.11.2018 № 776; 25.06.2019 № 433; 19.03.2019 № 131 15.12.2020 № 861 қаулыларымен.
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Дипломатиялық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Сыртқы саяси зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
      3. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
      4. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
      5. «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
N 1118 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі
     1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат).
     2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 164-құжат).
     3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 55-құжат).
     4. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 345-құжат).
     5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 351-құжат).
     6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 365-құжат).