"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 676 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттерімен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1267 (1999), 1988 (2011), 1989 (2011) қарарлармен, сондай-ақ оларды дамытуға қабылданған қарарлармен құрылған комитеттеріне Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жиынтық санкциялық тізбесіне дереу енгізу және (немесе) жиынтық санкциялық тізбесінен алып тастау үшін террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдар мен ұйымдар туралы ұсыныстар енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов