Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң, оның iшінде бiр бiрiнші бес орынбасары болуына рұқсат етілсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.08. N  905  қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.

      4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметінiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1118 қаулысымен    
"бекiтiлген"      

  Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі
(Сыртқыісминi) туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) сыртқы саяси қызметтi жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
      Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Министрлiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және Тәртiппен мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Министрлік өзiнiң құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен міндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
      5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы Бейбiтшілiк көшесi, 10.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі" (Сыртқыiсминi) мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Министрліктiң құрылтай құжаты болып табылады.
      9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Министрлiктiң кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға түсуге құқығы жоқ.

  2. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары

      10. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi:
      1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасын және негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;
      3) шет елдерде Қазақстан Республикасының, оның азаматтарының және заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
      4) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және өңiрлiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен iске асыру;
      5) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымас берiктiгiн, шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынасында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдармен және әдiстермен қорғауды қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру;
      7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
      8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бiрыңғай бағытын және инвестициялық саясатын жүргізудi қамтамасыз ету мақсатында басқа да орталық атқарушы органдардың халықаралық қызметiн үйлестіру;
      9) әлемдегі саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
      11. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк ету;
      2) өзiнiң құзыретi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде жаһандық және өңiрлiк проблемаларды шешудегі ролін арттыруға жәрдемдесу;
      4) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын iске асыру;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының шет елдермен ынтымақтастық жөніндегi үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердiң) және олардың кiшi комиссияларының отырыстарын дайындау және өткiзу жөнiндегі бірлескен жұмысын үйлестiру;
      6) Қазақстан Республикасының мемлекетiшiлiк және халықаралық iс-шараларын протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету;
      7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тiркеудiң, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң қалыптасуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың депозитарийi функцияларын жүзеге асыру;
      8) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданылуын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау, оларды Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына белгіленген тәртiппен енгізу;
      9) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкiметiне белгіленген тәртіппен ұсыныстар мен ұсынымдар беру;
      10) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметiне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастық мүшесi ретiнде ғаламдық және аумақтық проблемаларды шешудегi рөлiн арттыруға жәрдемдесу;
      11) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзiлiк мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігiн зерттеу саласындағы мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысу;
      12) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн, құқық тәртiбiн қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөнiндегі іс-шараларды әзiрлеуге қатысу;
      13) Қазақстан Республикасының қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
      14) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетілдiру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтық міндеттемелерiне сай келтіру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;
      15) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекетiшiлiк және халықаралық іс-шараларды өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының Мемлекеттiк протоколды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      16) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      18) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңдарымен регламенттелетін консулдық функцияларды жүзеге асыру;
      19) шет елдерде тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу;
      20) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестірілген өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң жұмыс iстеуiне жәрдемдесу, өз құзыретi шегiнде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
      21) аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, дiни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөнiндегi халықаралық акцияларға өз құзыреті шегінде қатысу;
      22) шет елдерде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, елдің әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және рухани өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;
      23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттiк-көліктік әлеуетiн тиiмдi пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастығы жөнiндегi бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және жүргізуге қатысу;
      24) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      25) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;
      26) мемлекеттiк бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тiкелей қаржы ресурстарын, соның ішiнде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары тарапынан берілетін заемдар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;
      27) қазақстандық тауарлар мен көрсетiлетін қызметтердiң халықаралық нарыққа шығуына жәрдемдесу.
      12. Министрлiктiң негізгі мiндеттерiн іске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажеттi құжаттарды, анықтамалық және басқа да материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, көрсетілген ұйымдарға ақпарат беруге;
      2) Қазақстан Республикасының Президентiне шетелдік мекемелер құру туралы ұсыныстар енгізуге;
      3) елдiң шет елдердегi оң беделін қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
      4) өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қабылдауға;
      5) берiлген құқықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасының жер учаскелерiне, ғимараттарына, құрылыстарына және өзге де мүлкiне иелiк етуге, оларды пайдалануға және басқаруға құқығы бар.

  3. Министрліктің мүлкi

      13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебінен қалыптастырылады және негiзгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
      14. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
      15. Министрліктің өзiне бекітілген мүліктi өздiгiнен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      Министрлiкке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берiлуi мүмкін.

  4. Министрлiктiң қызметін ұйымдастыру

      16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Министрдiң оның ұсынымы бойынша және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігі Басшысының келiсуі бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.08. N  905  қаулысымен.
      17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
      18. Министр осы мақсаттарда:
      1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейдi;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелейдi және тәртiптiк жазалар қолданады;
      4) Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және құрылымын бекiтедi;
      5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
      6) Министрдiң бұйрықтарына қол қояды.
      19. Министрдiң жанынан сандық және жеке құрамын Министр бекiтетiн Алқа құрылады.
      Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметiнiң, Министрлiктің орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерiнiң практикалық жұмысының негiзгі мәселелерiн қарайтын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

  5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

      20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1118 қаулысына    
қосымша         

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 164-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 166  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 55-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1060  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 345-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 1074  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 351-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1109  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 365-құжат).