Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 929 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.10.2023 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі
N 929 қаулысымен
бекітілген

Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.24 N 1436 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 844;25.01.2019 № 15; 28.05.2020 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2023 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2024 № 1050 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с
N

Қызметтер тізбесі

Нөмірлеу

1

2

3

1.

Ішкі істер органдары

102

2.

Жедел медициналық жәрдем қызметі

103

3.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі

101
112

4.

Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер

104
109х

5.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

6.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы

1414

7.

Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының "110 жедел желісі"

110

8.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

9.

Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы

1450

10.

Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі "111" байланыс орталығы

111

      Ескертпе:

      х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.

      Ұялы байланыс абоненттері үшін аталған тізбеде көрсетілген нөмірлерге қосылу сондай-ақ қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы екі бағытта да тегін негізде жүзеге асырылады.