Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 929 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі
N 929 қаулысымен
бекітілген

Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылу тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.24 N 1436 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 11.09.2015 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 23.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 844;25.01.2019 № 15; 28.05.2020 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с
N

Қызметтер тізбесі

Нөмірлеу

1

2

3

1.

Ішкі істер органдары

102

2.

Жедел медициналық жәрдем қызметі

103

3.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі

101
112

4.

Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер

104
109х

5.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

6.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы

1414

7.

Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының "110 жедел желісі"

110

8.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.01.2019 № 15 қаулысымен.

9.

Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы

1450

      Ескертпе:

      х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер;

      хх - 00-ден 99-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.

      Ұялы байланыс абоненттері үшін аталған тізбеде көрсетілген нөмірлерге қосылу сондай-ақ қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы екі бағытта да тегін негізде жүзеге асырылады.