Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 929 Қаулысы

Жаңартылған

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесi бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                          2004 жылғы 3 қыркүйектегі
                                              N 929 қаулысымен
                                                 бекітілген

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.24 N 1436 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып
табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария,
анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі

Р/с
N

Қызметтер тізбесі

Нөмірлеу

1

2

3

1.

Ішкі істер органдары

102

2.

Жедел медициналық жәрдем қызметі

103

3.

Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі

101
112

4.

Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер

104
109х

5.

Жергілікті байланыс операторларының анықтамалық қызметі

118хх

      Ескертпе:
      х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер;
      хх - 00-ден 99-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.