Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы | 1414 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8-жолдармен толықтырылсын:
"
7. | Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының "110 жедел желісі" | 110 |
8. | Мемлекеттік органдардың өзекті мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы | 1434 |
";
ескертпе мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Ұялы байланыс абоненттері үшін аталған тізбеде көрсетілген нөмірлерге қосылу сондай-ақ қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы екі бағытта да тегін негізде жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |