"Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына толықтыру е

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 333 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 445-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:

      "

9.

Білім беру мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы

1450

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин