Әскери қызметшілердi, iшкі істер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттiк органдарына іссапарға жiберу тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 826 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерiн (бұдан әрi - iссапарға жiберiлген тұлғалар) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне iссапарға жiберу Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кесiмi негізiнде Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарында айқындалған мiндеттердi орындау мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігі, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi қызметкерлерiнiң тиiстi санаттары үшiн белгіленген лауазымдық жалақылар, сондай-ақ әскери (арнайы) атағы бойынша қолданыстағы заңдарда белгiленген жалақы (қосымша төлем) төленедi.

      3. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға сыйлықақы беру Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қызметкерлерi үшiн белгiленген тәртiппен лауазымдық жалақыға негiзделе отырып жүзеге асырылады.

      4. Iссапарға жiберiлген тұлғаларға лауазымдық жалақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы мен сыйлықақы төлеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілігiн, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары аппараттарын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүргізiледi. Өзге де төлемдердi, сондай-ақ заттай мүлiкпен қамтамасыз етудi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгі (қаржы полициясы) және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жүргізедi.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 694 Қаулысымен.

      5. Іссапарға жiберiлген тұлғаларға кезекте әскери және арнайы   атақтар   беру қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Iссапарға жiберілген тұлғаларды аттестаттау Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қызметкерлерi үшін белгiленген тәртiппен жүргізiледi.

      6. Іссапарға жiберiлген тұлғалардың тиiсiнше әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының, прокуратураның қызметкерлерi мәртебесi сақталады.
      Iссапарға жiберiлген тұлғаларды, зейнетақылық қамсыздандыру зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте, олардың Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгiнде, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталарының аппараттарында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық жалақысы есепке алынады.
      Бiр жолғы сипаттағы қалған төлемдер бойынша iссапарға жiберiлгенге дейiн атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.

      7. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, қаржы полициясы, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлiгінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 29, 255-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, қаржы полициясы, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бір жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудiң ережесiнде:

      12-тармақта "ал Қазақстан Республикасының өкiлдi және атқарушы органдарында, ведомстволарда, мекемелерде және ұйымдарда жұмыс iстеуге iссапарға жiберiлгендерге және қызметтен босар алдында жалақыны сол органдардың қызметкерлерi үшін белгіленген тәртiпте және көлемiнде алғандарға - олардың қызметтен босаған күнгі атқарған лауазымына бара бар белгіленген лауазымдық жалақысынан" деген сөздер алынып тасталсын.

      8. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Әскери қызметтегі офицерлер мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, Президентiнiң және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Аппараттарына iссапарға жiберу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегі N 604 қаулысы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегі N 604 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 29 қыркүйектегi N 1077 қаулысы .

      9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы