Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің антын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 595 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 166 Жарлығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009.12.31 N 761 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 175 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері" қаулысының  2 тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы N 372  бұйрығына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Реестрінде тіркелген N 2087) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       2 қосымшадағы
      Ветеринариялық инспекторлардың мемлекеттік ветеринариялық бақылау объектілеріне беретін ветеринариялық құжаттар (ветеринариялық санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама) Ережесінің барлық мәтіні бойынша "Ветеринария департаменті" деген сөз "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                       А. Күрішбаев