Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр). 

      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет атқаруы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 қаңтардағы N 73 қаулысының; 
     "Iшкi iстер органдарының кадрында тұрған және арнаулы әскери атағы бар Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамы қызметкерлерiнiң қызмет атқару тәртiбi мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 қазандағы N 861 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 591-құжат) 2-тармағының екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң            
1996 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 1644 қаулысымен        
Бекiтiлген             

      Ескерту. Мәтіндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.  

  Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының
қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының
қызмет өткеруi туралы 

  I. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң (бұдан әрi - iшкi iстер органдарының қызметкерлерi) қызмет атқару тәртiбiн, олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1644 қаулысымен.

       2. Iшкi iстер органдарының қызметiнде немесе кадрында тұратын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгiнiң әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының әскери қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады. Оларға жеке бастары мен өкiлеттiлiктерiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктер мен жетондар берiледi.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

     3. Iшкi iстер органдарының қызметiнде немесе кадрында тұратын адамдарға мынадай арнаулы атақтар берiледi:

                    қатардағы құрам 
     қатардағы милиционер; 

                    кiшi басшы құрам 
     полиция кiшi сержанты, полиция сержанты, полиция аға сержанты, полиция старшинасы;

                   орта басшы құрам 
     полиция кiшi лейтенанты, полиция лейтенанты, полиция аға лейтенанты, полиция капитаны, iшкi қызмет капитаны; 

                    аға басшы құрам 
     полиция майоры, полиция подполковнигi, полиция полковнигi;

                    жоғары басшы құрам 
     полиция генерал-майоры, полиция генерал-лейтенанты.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

       4. Iшкi iстер органдарына қызметке ұлтына, жынысына, әлеуметтiк жағдайына, дiни көзқарасына қарамастан өздерiнiң iскерлiк, жеке және адамгершiлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi, 18 жасқа толған және 40 жастан аспаған (қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына - 32 жастан аспаған) Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарында оқуға орта бiлiмi бар, 18 жасқа толмаған адамдар қабылдана алады. 
     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына қабылдаудың тәртiбiн тиiстi түрдегі Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес министр белгілейдi. 
     Бұрын iшкi iстер органдарынан босатылған және қызметке қайта қабылданатын азаматтар үшiн жас шектеулерi, осы Ереженiң 13-тармағының талаптарына сүйенiп белгiленедi. Ерекше жағдайларда, жекелеген тәртiппен, министрдiң шешiмi бойынша iшкi iстер органдарына қызметке Қазақстан Республикасының 40 жастан асқан азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. 
     Iшкi iстер органдарына қызметке қабылданушы азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшiн, мiндеттi түрде iшкi iстер органдары әскери-дәрiгерлiк комиссияларының медициналық куәландыруынан өтедi. 
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

      5. Ішкі істер органдарына:
      а) белгіленген тәртіппен әрекет жасауға қабілетсіз немесе әрекет жасау қабілеті шектеулі деп танылған;
 

      б) сотпен белгілі бір мерзімнің ішінде мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылған;
 

      в) өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
 

      г) қызметке орналасар алдындағы екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапқа тартылған;
 

      д) қызметке орналасар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзғаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
 

      е) қызметке орналасуға дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
 

      ж) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
 

      з) бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақтауға болмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған;
 

      и) алкоголизммен немесе нашақорлықпен созылмалы науқас ретінде денсаулық сақтау және ішкі істер органдарында есепте тұратын;
 

      к) науқасы бойынша мерзімді әскери қызметтен босатылған және әскери комиссариатта әскери саптық қызметке жарамсыз не шектеулі жарамды ретінде есепте тұратын;
 

      л) осы Ереженің 4 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға жауап бермейтін адамдар қабылданбайды.
      Көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады. 
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.   N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       6. Iшкi iстер органдары қатардағы және басшы құрамының лауазымдары қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жеке келiсiм-шарттар жасасу жолымен, сондай-ақ лауазымға тағайындау арқылы атқарылады. 
 

     Қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына кемiнде орта бiлiмi бар және мерзiмдi әскери қызмет атқарған азаматтар, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейiнге қалдыру құқығы бар азаматтар қабылданады. Бұл ретте олар жергiлiктi әскери басқару органдарына растайтын құжаттар ұсынған жағдайда әскери есептен шығарылады және Iшкi iстер органдарына арнаулы есепке берiледi. Қажет болған жағдайларда қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдары Қарулы Күштердiң запасында тұрмаған әйелдермен жасақталуы мүмкiн. 
 

     Орта басшы құрамның лауазымдарына және арнаулы орта, жоғары білімi бар немесе жоғары оқу орындарының соңғы курстарында оқитын азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады). Ерекшелiк ретiнде жедел қызмет және арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерге орта басшы құрамның лауазымдарына Министр бекiткен бағдарлама бойынша арнаулы курстарды бiтiрген, орта бiлiмi бар азаматтар қабылдана алады. 
 

     Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақыру жасындағы азаматтар орта аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары бiлiмi болған жағдайда ғана қабылдана алады. Көрсетiлген азаматтар,оларды орта және аға басшы құрамның лауазымдарына аттестациялағаннан және жергіліктi әскери басқару органдарына растау құжаттарын ұсынғаннан кейiн әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарына арнаулы есепке берiледi. 
 

     Аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары бiлiмi бар азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады).
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , өзгерту енгізілді - 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен. 

       7. Iшкi iстер органдарында қызмет атқаруға үмiткерлердi iрiктеудiң тәртiбi мен шарттарын, шарт (контракт) жасауды министр айқындайды. Шартта (контрактiде) оның iстеу мерзiмi, тараптардың мiндеттемелерi тараптардың алған мiндеттемелерiн орындамауына байланысты заңды салдарлары, оның мерзiмiн ұзарту немесе қайта жасау мен өзге де шарттары көзделуi тиiс. 
 

     Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар олардың мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкелiп соқтыратын iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер қабылдайды. Аталған шектеу жазбаша нысанда көрсетiледi. Шектеудi қабылдамау қызметке қабылдаудан бас тартуға, одан босатуға әкеп соқтырады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

       8. Iшкi iстер органдарының қызметiне қабылдау, мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салу және азаматтардың арнаулы тексеруден өту шарттары арқылы жүзеге асырылады.

     9. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау министрi берген құқықтарына сәйкес тиiстi iшкi iстер органдары немесе бөлiмшелерi бастығының бұйрықтарымен ресiмделедi. Бұйрық қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қол қойдыру арқылы жарияланады. 
     Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

       10. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған немесе кадры қатарына алынған әскери мiндеттiлер, iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, белгiленген тәртiпте әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнаулы есебiнде тұрады. 
 

     11. Iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам лауазымдарына алғаш рет түскен адамдар кадрға есепке алынғанға дейiн Ішкі істер министрлігінің оқу орындарында арнайы алғашқы оқудан және тағылымдамадан өтедi, олар үшін сынақ мерзiмi белгіленуi мүмкiн.
     Арнайы алғашқы оқудан, тағылымдамадан және сынақ мерзiмiнен өту тәртiбi мен шарттарын Министр белгілейдi.
     Конкурстық iрiктеуден өткен және арнайы алғашқы оқуға қабылданған адамдарды ұстау тиiстi қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       12. Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына оқуға түсетiн адамдар, сондай-ақ ішкі iстер органдарының қаражаты есебiнен оқуға ақы төлей отырып, Iшкi iстер министрлiгiнiң жолдамалары бойынша шет мемлекеттердiң iшкi iстер органдарының жоғары оқу орындарына түсетiн адамдар оқу орнындағы оқу мерзiмiне және бiр мезгілде оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында әскери қызметшілер, орта және аға басшы құрам лауазымдарында күнтiзбелiк есеп бойынша бес жылға қызмет өткеру туралы келiсiм-шарт жасасады. Келiсiм-шартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және уәкілеттi мемлекеттiк органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелерi мен жауапкершілiктерi белгiленедi. Келiсiм-шарт iшкi iстер органдарының оқу орнына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешiмiнен кейiн жасалады. Келiсiм-шарттың нысанын, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгілейдi. 18 жасқа толмаған адамдармен келісім-шарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет.
 

     Iшкi iстер органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлiгінiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол оны оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi әрбiр толық қызмет атқармаған айға пропорционалды түрде есептеледi.
 

     Шақырылу жасына жеткен және сабаққа үлгермеушілiгi, тәртiпсiздiгi бойынша, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгіленген мерзiмiн өтемесе, әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерi бойынша әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар мемлекетке оларды оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома оқу орнында болған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.
 

     Бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өндiрiп алу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 

     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына күндiзгi оқу бөлiмiне қабылданған адамдар әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарында арнайы есепке алынады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының кәсiби орта, кәсiби жоғары бiлiм беру бағдарламалары бойынша күндiзгi оқудың толық курсын бiтiрушілер үшiн оқу уақыты мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiріледi.
 

     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының, өзге де мемлекеттердiң iшкi iстер органдары оқу орындарының түлектерi бөлуге сәйкес қызмет өткеруге жiберіледi.
 

     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындары диплом алдындағы практикадан өту үшiн iшкi iстер органдарына жiберген курсанттар (тыңдаушылар) практикадан өту кезеңiнде лауазымға тағайындалады.
 

     Күндiзгi адъюнктураға тiкелей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің жоғары оқу орындарын бiтiрiсiмен қабылданған iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тиiстi кафедраның оқытушысы жалақысының 70%-ы мөлшерiнде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы үшiн қосымша ақы төленедi.
 

     Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) жазғы каникулдық демалысын өткiзу орнына автомобиль, темiр жол және су көлiгiмен баруға және кейiн қайтуға жол жүру құны төленедi.
 

     Iшкi iстер органдарының кәсiби жоғары білiмi бар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының заңнамада белгіленген тәртiппен iшкi істер органдары жүйесiнiң оқу орындарында екiншi кәсiби жоғары бiлiм алуына болады.
     Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , жаңа редакцияда - 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

        13. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар 45 жасқа дейiн iшкi iстер органдарының қызметiнде бола алады.
     Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар мынадай жас шегiне дейiн iшкi iстер органдарына қызметте болады: 
     полиция кiшi лейтенанттарынан бастап
     полиция подполковниктерiне дейiн
     қоса алғанда                                     - 45 жас 

     полиция полковниктерi                            - 53 жас 

     полиция генерал-майорлары, полиция 
     генерал-лейтенанттары,                           - 58 жас 

     Қажет болғанда қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың келiсiмiмен қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындау құқы берiлген бастықтар, олардың қызмет өтеу мерзiмiн бес жылға дейiн ұзартуы мүмкiн. 
 

     Ерекше жағдайларда, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар басшының шешiмi бойынша аға басшы құрамдағы адамдардың осы мерзiмi жоғарыда айтылған тәртiппен қайтадан бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежесi немесе атағы бар кейбiреулерiнiкi - он жылға дейiн ұзартылуы мүмкiн. 
 

     Қызмет өткеру мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу кезiнде, қызметкерлер мiндеттi түрде олардың қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау үшiн медициналық комиссияға жiберiледi.
 

     Қызметте қалдыру мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Ережемен көзделген негiздер бойынша iшкi iстер органдарынан босатылу мүмкiндiгiн жоймайды. 
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

       14. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы уәкiлетті органы берген тиiстi дипломы болған жағдайда, ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерi үшiн және ғылым кандидатына бiр айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде және ғылым докторларына екi айлық ең төменгі жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi. 
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

       15. Кәсiптiк даярлық деңгейiне және мамандығы бойынша дербес жұмыс iстеу стажына қарай, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлеген тәртiпте кластық бiлiктiлiк берiлуi мүмкiн.

     16. Iшкi iстер органдарында министр белгiлеген тәртiпте және шартпен, мамандықтарды (лауазымдарды) немесе уақытша орнында жоқ қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың мiндетiн қоса атқаруға рұқсат етiледi.
 

     17. Iшкi iстер органдарындағы қызметтi тоқтату үшiн мыналар негiз болып табылады.
     а) iшкi iстер органдарынан босату;
 

     б) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
 

     в) iшкi iстер органдарының қызметкерiн белгiленген тәртiпте хабар-ошарсыз кеткен деп тану;
 

     г) iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қайтыс болуы (қаза табуы).

     18. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың соғыс уақытында қызмет өткеру тәртiбi заңмен белгiленедi. 

         II. Құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi 

      19. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен, антпен, жарғылармен, iшкi iстер органдары басшыларының бұйрықтарымен, сондай-ақ осы Ережемен белгiленедi.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

       20. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтiк актiлерiне сәйкес ант қабылдайды.

     21. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және ведомство iшiндегi бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы хабарласа немесе өтiнiш жасаса немесе мұндайды тiкелей өзi көрсе, құқық бұзушылықтың алдын алу мен құқық бұзушыларды ұстау және көмек қажет ететiндерге жәрдем мен оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегi iшкi iстер органына хабарлау үшiн өзiне берiлген барлық құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi. 

     22. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген мөлшерлерде және нормалар бойынша ақшалай ұстауды және өзге де үлес түрлерiн алады, сондай-ақ ақысыз негiзде, үлгiлерiн қатардағы және басшы құрам үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi, ал әскери-тергеу органдары мен әскери полицияның әскери қызметшiлерi үшiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн нысанды және арнайы киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi. 
 

     Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен зейнеткерлерiне, 1992 жылғы 14 ақпанда Минск қаласында қол қойылған "Әскери қызметшiлердiң, әскери қызметтен босаған адамдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктерi туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген әскери қызметшiлерге арналған салық жеңiлдiктерi қолданылады.
     Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киiм-кешектiң орнына ақшалай өтемақы төленуi мүмкiн.
     Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

       23. Қатардағы және басшы құрамның адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

       24. <*>
      Ескерту. 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің  2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен. 

       25. <*>
     Ескерту. 25-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

       26.<*>
      Ескерту. 26-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 
 

     27. Қатардағы және басшы құрамның адамдары iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарында, басқа да жоғары және арнаулы орта, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi оқу орындарының күндiзгi, сырттай, кешкi факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) және қайта даярлау, бiлiктiлiгін арттыру курстарында оқи алады. 
     Оқуға жiберу осы бiлiктiлiктегi мамандарға қажеттiлiкке сәйкес iшкi iстер органы басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

       28. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қатарындағы жүктi әйелдер мен аналар, сондай-ақ анасыз (ол қайтыс болған, ата-аналар құқығынан айырылған, ұзақ мерзiмде емдеу мекемесiнде болған жағдайда және басқа аналық қамқорлығы болмаған жағдайларда) бала тәрбиеленушi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi - әкелер, қолданылып жүрген заңдармен осы санаттағы адамдар үшiн белгiленген барлық құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.

     29. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар тиiстi республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мiндеттi түрде жеке сақтандырылуы тиiс. 
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

       30. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар мен олардың отбасы мүшелерiнiң өмiрiн, денсаулығын, абыройы мен намысын, мүлкiн қылмысты қол сұғудан қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi. 
     Қызметтiк мiндетiн атқаруына байланысты қатардағы немесе басшы құрамдағы адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян белгiленген тәртiпте өтеледi.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

     31. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ зейнеткерлiкке шығарылған iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медициналық мекемелерiнде тегiн емделуге құқылы. 
 

     Қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет немесе тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдары жүйесiнiң медициналық мекемелерi болмаған кезде немесе оларда тиiстi бөлiмшелер, қажеттi мамандар не арнаулы жабдықтар болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл жағдайларда оларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетiледi. 
     Қызметтiк борышын немесе қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiккен немесе сырқаттанған қатардағы және басшы құрамның адамдарын емдеуге жұмсалған қаражатты iшкi iстер органдары, заңнамада белгіленген тәртіппен өтейдi. 
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

       32. <*> 
      Ескерту. 32-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

       33. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органдарындағы қызметте болған уақыты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, олардың жалпы және үздiксiз еңбек стажына, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет стажына есептеледi. 
      Ескерту. 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

       34. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы еңбек туралы заңға сәйкес белгiленедi. 
     Қажет болған жағдайда қатардағы және басшы құрамдағы адамдар белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс, сондай-ақ түнде, апталық демалыс күндерi мен мереке күндерi қызметке тартылуы мүмкiн. 
 

     Ұзақтығы белгiленген жұмыс уақытынан тыс жұмыс iстегенi үшiн және апталық демалыс күндерi мен мерекелiк күндерi жұмыс iстегенi үшiн ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi немесе Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлеген тәртiпте басқа демалыс күндерi берiледi. 
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

        35. Iшкi iстер органдарындағы, сондай-ақ оқу орындарындағы (оқу бөлiмшелерiндегi) iшкi тәртiптi әртүрлi қызметтер мен бөлiмшелердiң қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, олардың басшылары белгiлейдi.

     36. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiнен кәсiптiк, әлеуметтiк-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қызмет жасайтын қоғамдық бiрлестiктер құра алады. 
     Iшкi iстер органдары жүйесiнде саяси мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктер құруға рұқсат етiлмейдi. 
     Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай болғанда да саяси партияларды қолдануға тиiс емес. 
     Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандат пен басқа да ақы төленетiн лауазымдармен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе бақылаушылар кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды. 
     Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға ереуiлдер ұйымдастыру мен оларды өткiзуге және қатысуға тыйым салынады. 
     Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, аталған нормаларды бұзғаны үшiн, қатардағы және басшы құрамдағы адамдар iшкi iстер органдарынан шығарылуға дейiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

     37. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар сондай-ақ: 
     а) осы Ережеге сәйкес - тәртiп бұзғаны, функционалды мiндеттерiн орындамағаны үшiн; 
 

     б) материалдық шығын келтiргенi, әкiмшiлiк құқық бұзғаны, қылмыс жасағаны үшiн - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық-әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады.

     38. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде тек тiкелей және төте бастықтарына бағынады. 
     Тiкелей және төте бастықтар қарамағындағыларға қауiпсiз қызмет жағдайын қамтамасыз етуге, қызмет бабында өсуге, бiлiм деңгейi мен мәдениетiн арттыруға, өзiндiк дамуына, қоғамдық және отбасылық мiндеттерiн орындауға әрi демалуына нақты мүмкiндiктер жасауға мiндеттi. 

     39. Тiкелей бастықтар мен iшкi iстер органдарының басқа лауазымды адамдары осы Ереже мен қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруына және кадрлармен жұмыс iстеу мәселелерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының бұлжымай сақталуына дербес жауап бередi. Қатардағы немесе басшы құрамдағы адамдардың бұзылған құқығы кiдiрмей қалпына келтiрiледi, ал осындай құқық бұзуға жол берген, кiнәлi лауазымды адамдар, соның iшiнде заңмен белгiленген жағдайларда материалдық зиянды өтей отырып, жауапқа тартылады.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

     40. Қызметтен заңсыз босатылған немесе лауазымы мен атағы төмендетiлген қатардағы және басшы құрамдағы адамдар бұрынғы немесе оған тең дәрежелi лауазымға қайта қабылданады және атағы қайтарылады. Адамдарды қызметке қайта қабылдау (лауазымы мен атағын қайтару) егер ол адамның қызметтен шығарылуы мен лауазымы, атағы төмендетiлуiнiң заңсыздығы туралы шешiм қабылданған сәттен бастап, үш ай iшiнде өтiнiш жасалса, ол сол күннен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрiлмей қалпына келтiрiледi. Заңсыз босатылуына, лауазымы мен дәрежесiнiң төмендетiлуiне байланысты амалсыздан жұмысқа шықпаған уақыты, iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына (күнтiзбемен есептегенде) және арнаулы атағы бойынша еңбек сiңiрген жылдарына қосылады. Бұл ретте оларға жұмысқа себепсiз шықпаған уақыты үшiн материалдық шығыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өтеледi. 
 

     Тергеу органдарының қаулылары, iстердiң ақтайтын себептер бойынша тоқтауы, соттың заңды күшiне енген ақтау үкiмi, шешiмi не жұмыстан босату, лауазымын немесе атағын төмендету туралы шешiм қабылдаған немесе оларға тең және жоғары бастықтар шығарған қызметтiк тексерудiң нәтижелерi бойынша қорытынды iшкi iстер органдарындағы қызметiн, лауазымын, арнаулы атағын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады. 
      Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

       41. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, арнаулы құралдар мен атыс қаруын ұстау, сақтау және қолдану, күш жұмсау, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдану құқығы берiледi. Арнаулы құралдар мен тәсiлдердi, қаруды қолданғанда келтiрiлген зиян үшiн, егер олардың iс-әрекеттерi заңдарға сәйкес болса, олар жауапкершiлiкке тартылмайды. 

     42. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға еңбек заңдары, ол "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Ережеге қайшы келмейтiндей дәрежеде қолданылады.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

                  III. Арнаулы атақтар 

      Ескерту. III-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

       43. Қатардағы және басшы құрамның арнаулы атақтары iшкi iстер органдарына қызметке (оқуға) қабылданған адамдарға бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметке көзқарасы, еңбек сiңiрген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да шарттар ескерiле отырып жеке өзiне, сабақтас түрде берiледi. 
 

      Сабақтастығына қарай арнаулы атақтар алғашқы және кезектi болып бөлiнедi. Бұл орайда полиция, арнаулы атағының берiлуi атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атаққа сәйкес болуға тиiс. 
 

      Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын (алғашқы және кезектi) қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар бередi. 
 

      Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын берудi және Iшкi iстер министрлiгiнiң кадрларына қабылдауды Министр жүргiзедi.
      Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

        44. Басшы құрамның кезектi арнаулы атақтары, осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, кезектi атақ атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атаққа сәйкес болған жағдайда және арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң жүйелі сабақтас түрде берiледi. 
 

      Аға басшы құрамның-полиция полковнигі кезекті арнайы атағын беруге ұсынылған қызметкерлерінің атқаратын лауазымында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
 

      Қарамағындағы қызметкердi кезектi арнаулы атақ беруге ұсынуды негiзсiз кешiктiрген iшкi iстер органының бастығы тиiстi жауаптылықта болады.
 

      Кезектi арнаулы атақ берудiң осы Ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.
 

      Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
      полиция қатардағы қызметкерi атағында - 3 ай;
      полиция кiшi сержанты атағында - 1 жыл;
      полиция сержанты атағында - 2 жыл;
      полиция аға сержанты атағында - 3 жыл, iшкi қызмет прапорщигi атағында - 5 жыл.
      Полиция старшинасы атағында еңбек сiңiрген мерзiмi белгiленбейдi. 
       Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      45. Орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi:
      полиция кiшi лейтенанты атағында - 1 жыл;
      полиция лейтенанты атағында - 2 жыл;
      полиция аға лейтенанты атағында - 3 жыл;
      полиция капитаны атағында - 4 жыл;
      полиция майоры атағында - 5 жыл;
      полиция подполковнигi атағында - 5 жыл.
      Полиция лейтенанты, iшкi қызмет аға лейтенанты алғашқы арнаулы атағы Iшкi iстер министрлiгінiң жоғары оқу орындарын, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарын бiтiрген бойда берiлген және iшкi iстер органдарында, оқу орнында алған немесе тектес мамандық бойынша қызмет өткерiп жатқан қызметкерлер үшiн полиция лейтенанты атағында еңбек сiңiру мерзiмi 1 жыл болып белгiленедi. 
      Полиция полковнигi, сондай-ақ жоғары басшы құрамның атақтарында еңбек сiңiру мерзiмi белгiленбейдi.
       Ескерту. 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), алтыншы абзацы өзгеріссіз қалдырылды - 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

        46. Полиция кiшi лейтенанты алғашқы арнаулы атақтары: 
      қатардағы және басшы құрамның лауазымдарында тұратын, Министр бекiткен бағдарлама бойынша iшкi iстер органдарының арнаулы курстарын, басқа да мемлекеттiк органдардың арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; 
      қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарында тұратын, жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының соңғы курстарында оқып жүрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; 
      арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған азаматтарға берiледi. 
       Ескерту. 46-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

        47. Полиция лейтенанты арнаулы атақтары: 
      полиция кiшi лейтенанттарына арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң осы Ережеде белгiленген мерзiмi өткен бойда, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге - бұл атақта еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан; 
      қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтары бар, жоғары оқу орындарын не Iшкi iстер министрлiгiнiң арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; 
      Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын күндiзгі оқу нысаны бойынша бiтiрген қызметкерлерге; 
      жоғары бiлiмi бар және орта немесе аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiледi.
       Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      48. Орта және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын: 
      полиция майорына дейiн қоса алғанда - комитеттердің төрағалары, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және республика астанасындағы, көлiктегі Iшкi iстер департаменттерiнiң, Iшкi iстер министрлiгi "жүйесiнiң" жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары; 
      полиция полковнигiне дейiн қоса алғанда - Министр бередi. 
      Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi. 
       Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      49. Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының тыңдаушыларына, адъюнктерi мен докторанттарына, сондай-ақ оқу ақысын мемлекет қаражаты есебінен төлей отырып, Ішкі істер министрлігінің жолдамалары бойынша шет мемлекеттер ішкі істер органдарының оқу орындарында оқитындарға орта және аға құрамның кезектi арнаулы атақтар, оқуға түскеннен кейiн енгiзiлген осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтарға өзгерiстер ескерiлместен, олар оқуға түскенге дейiн атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес, тиiстi арнаулы атақтарда еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталған бойда; кезектi арнаулы атақтар қызметкерлер оқуды бiтiрген соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда - оқу орнын, адъюнктураны, докторантураны бiтiрген бойда берiледi.
       Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      50. Бiр қызметтен (бөлiмшеден), жеке құрамы үшiн өзге арнаулы атақтар белгiленген, басқа қызметке (бөлiмшеге) ауыстырылған қызметкерлерге мұндай атақтар осы Ереженiң 44-тармағында көзделген тәртiппен берiледi. Бұл ретте жаңа арнаулы атақ қызметкерде бар арнаулы атақтан төмен болмауы тиiс. 

      51. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұратын азаматқа, оны Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары басшы құрамының лауазымына тағайындағаннан кейiн, онда бар әскери атаққа сәйкес арнаулы атақ берiледi. 
      Запастағы офицерлердi орта, аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына тағайындау кезiнде оларға, егер лауазымға тағайындау күнiне олар мiндеттi әскери қызметтi өткеру және запаста болу кезеңiнде өздерiне берiлген әскери атақтарда белгiленген мерзiмдердi өткерген болса, алғашқы арнаулы атақ олардың әскери атақтарынан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн. 

      52. Басшы құрамның кезектi арнаулы атағы (полиция полковнигiне дейiн қоса алғанда), қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу ретiнде бұған дейiнгi атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн. 
 

      Арнаулы атақтар мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы өткенде берiледi. 
 

      Штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ: 
      арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң - ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар әрi оқу орнында штаттық лауазым атқаратын басшы құрамның адамдарына, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң кемiнде белгiленген екi мерзiмi өткен соң - басшы құрамның басқа да санаттарына берiледi. 
      Арнаулы атақтарды мерзiмiнен бұрын не штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары беру iшкi iстер органдарындағы қызметiнiң барлық кезеңi үшiн бiр рет жүргiзiледi. 
      Бұл ретте кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар, ал орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын - Министр бередi.
       Ескерту. 52-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      53. Арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi сол атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi. 
      Арнаулы атақ берудi заңсыз кешiктiрiлген жағдайда арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi аяқталған сәттен бастап есептеледi. 
      Орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған, қатардағы және кiшi басшы құрамның атағы бар қызметкерлер, орта басшы құрамның арнаулы атағын беруге, бар атағында еңбек сiңiрген мерзiмiне қарамастан ұсынылады.

      54. Iшкi iстердiң тиiстi органының қарамағындағы немесе тәртiптiк жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тәртiптi бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметкерлердi лауазымға тағайындалғанға, тәртiптiк жазасы алынғанға, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылғанға дейiн немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн кезектi арнаулы атақтар беруге ұсыну жүргiзiлмейдi. 
      Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешiм қабылданған немесе қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылған жағдайда, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға кезектi арнаулы атақтар, кезектi арнаулы атақ атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша атаққа сәйкес болған кезде, оны берудiң мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi.
       Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

        55. Қызметкерлер соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмi бойынша арнаулы атағынан айырылуы мүмкiн:
      кiшi басшы құрамды - кiшi басшы құрамның арнаулы атағын беру құқығы берiлген бастықтар;
      орта және аға басшы құрамды - Министр;
      жоғары басшы құрамды - қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес.

      56. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған жағдайларда, сот органдарының қаулыларына сәйкес бұрынғы атағын қалпына келтiру туралы шешiмдi арнаулы атағынан айыру туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар қабылдайды.
      Арнаулы атағынан заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған адамдарға материалдық зиян толық көлемде өтеледi.     

          IV. Лауазымға тағайындау, қызмет бабында
                 ауыстыру және жоғарылату

      58. Қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар атқаратын лауазымдар мен осы лауазымдарға сай келетiн арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн үлгiлiк тiзбелерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгiлейдi.

      59. Лауазымға тағайындауды, қызмет бабында ауыстыруды және жоғарылатуды тiкелей бастықтар өздерiне берiлген құқықтарға және Министр бекiтетiн лауазымдар санаттары бойынша үлгi білiктiлiк талаптарына сәйкес жүргiзедi. Бұл ретте мынадай шарттар сақталады: 
 

      а) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызмет бабында ауыстыру кезiнде оларды негiзгi немесе тектес мамандығы бойынша немесе тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiлуi тиiс, ал олар үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымдарда пайдалану қажет болған жағдайда, тағайындар алдында, олар тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлаудан өтуi тиiс; 
 

      б) бос тұрған лауазымның мiндетiн уақытша атқарудың үздiксiз мерзiмi екi айдан, ал бос емес лауазым бойынша - төрт айдан аспауы тиiс; 
 

      в) ұйымдық-штаттық шараларды жүргiзу кезiнде басшы құрамдағы адамдар 15 күннен аспайтын мерзiмге iшкi iстер органдарының қарамағына алынады. 
      Айрықша жағдаяттардан туындайтын кейбiр ерекше кездерде 15 күннен жоғары, бiрақ екi айдан аспайтын мерзiмге Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң рұқсатымен жiберiледi. 
 

      Осы Ережеде белгiленген қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалыстарда болуы, емдеу мекемелерiнде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша дәрiгерлiк тексеруде) емделуi бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi iшкi iстер органы орналасқан жерге дейiн жол жүріп барған уақыты; кәсiби жоғары және орта оқу орындарының сырттай, кешкi бөлiмдерiнiң оқу-емтихандық сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда тұтқындалған күнiнен бастап босатылған күнiн қоса қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты тұтқында болған уақыты билiк қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi;
 

      Кезектi демалысын пайдаланбаған, атқарып отырған қызметтерiнен босатылған және оның қарамағындағы қызметкерлерге оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенi шешу кешiктiрілген жағдайларда, әдетте, пайдаланылмаған демалысы беріледi. Оларға кезектi демалыс уақыты үшiн ақшалай үлес қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, қарамағына қабылданған күнiнен бастап негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi. 
 

      г) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру, әдетте, оларды тиiстi iшкi iстер органының қарамағына алмай-ақ жүзеге асырылуы тиiс. Тиiстi органның қарамағында тұрған адамдарды лауазымға тағайындау мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде, бiрақ лауазымнан босатқан күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Iшкi iстер органының қарамағында тұрған аталған адамдарды қызметте пайдалану тәртiбiн министр белгiлейдi. 
 

      д) тiкелей бастыққа бос тұрған лауазымды шұғыл қоса атқару қажет болған жағдайда аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығынан оған тең және жоғары тұрған бастықтан бастап - осы лауазымға тағайындау құқына ие бастықтың келiсiмiмен басшы құрам адамын бiр айдан аспайтын мерзiмге уақытша тағайындауға рұқсат етiледi; 
 

      е) орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа елдi мекенге шұғыл ауыстыру қажет болған кезде, бұл туралы шешiмдi, осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжiрибесiн, сондай-ақ оларда және олардың отбасы мүшелерiнде медициналық қарсы көрсеткiштердiң жоқтығын ескере отырып, олардың келiсiмi бойынша тиiстi тiкелей бастықтар қабылдайды. 
 

      ж) осы Ереженiң 13-тармағымен белгiленген қызметте болудың шектi жасына жетпеген, әскери қызметке жарамды немесе бейбiт уақытта саптан тыс қызмет атқаруға жарамды деп танылған, бiрақ өзiнiң денсаулығына немесе отбасы мүшелерiнiң денсаулық жағдайы бойынша қызмет орнын (тұрғылықты жерiн) өзгертудi қажет ететiн басшы құрамдағы адамдарды басқа мекенге қызмет бабында ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысының негiзiнде тиiстi бастықтардың рұқсатымен жүргiзiледi; 
 

      з) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды лауазымдарға тағайындау, қызмет бойынша, жедел еместен жедел лауазымдарға ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның дәрiгерлiк куәландыруының нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi. 
       Ескерту. 59-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

        60. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру: 
      а) жоғары лауазымдарға - қызмет бабында жоғарылату ретiнде; 
 

      б) тең дәрежелi лауазымдарға - басқа лауазымдарға тағайындау қажет болған жағдайда немесе оларды iскерлiк және жеке қасиеттерiн ескере отырып неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдаяты, денсаулық жағдайы немесе жасы бойынша осы адамдардың келiсiмiмен; 
 

      в) iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ оқуын бiтiрген соң лауазымға тағайындалған кезде;
 

      г) төменгi тұрған лауазымдарға:
      штаттар қысқарған кезде немесе iшкi iстер органын қайта құру кезiнде - осы адамдарды дәрежесi тең лауазымға ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен;
      денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және олардың келiсiмiмен; 
      аттестациялаудың нәтижесi бойынша анықталған, қызметiне сәйкес келмеуi бойынша;
      тәртiптiк жаза қолдану ретiнде;
      жеке өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.

      61. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
      а) жоғары лауазымдарға - қызмет бабында жоғарылату ретiнде;
 

      б) тең дәрежелi лауазымдарға - ұйымдық-штаттық шаралардың жүргiзiлуiне байланысты және жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып, мамандығы бойынша неғұрлым орынды пайдалану үшiн, сондай-ақ олардың тiкелей және төте бастықтарының келiсiмiмен жеке өтiнiшi бойынша; 
 

      в) iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ оқуын бiтiрген соң лауазымға тағайындаған кезде; 
 

      г) мемлекеттiк, өкiлеттi және атқарушы органдарға iссапарға жiберу ретiнде; 
 

      д) төменгi тұрған лауазымдарға: 
      штатты қысқарту немесе iшкi iстер органдарын қайта құру кезiнде - осы адамдарды дәрежесi тең лауазымда пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен; 
      денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде; 
      қызмет мүддесiнде - өздерiнiң келiсiмiмен; 
      жеке өтiнiшi бойынша; 
      аттестациялық тәртiппен, қызметiне сәйкес келмеуi бойынша; 
      тәртiптiк жаза қолдану ретiнде жүргiзiледi. 
      Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарындағы басшылық және арнайы пәндер бойынша педагогтық жұмысқа тағайындалған жағдайда, олардың оқу орнына тағайындалғанға дейiнгi атқарған негiзгi (уақытша атқармаған) лауазымдық жалақысы, сақталады. Әрбiр нақты жағдайда лауазымға тағайындалғанға дейiн, оқу орны басшылығының ұсынысымен, Iшкi iстер министрлiгi кадр аппаратының қорытындысы бойынша, лауазымдық жалақыны сақтау туралы шешiмдi министр қабылдайды. 
      Сақталынған лауазымдық жалақыны төлеу төменгi лауазымдық қызметке төмендетiлгенде тоқтатылады. 
      Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 63-тармағындағы талаптарын ескере отырып, кейiннен қызмет бабында жоғарылай алады. 
      Қатардағы және басшы құрамдағы адамды қызмет бабында ауыстыру туралы шешiм ауыстыру негiзi көрсетiле отырып, жеке құрам бойынша бұйрықпен ресiмделедi. 
       Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

        62. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында жоғарылату, тәртiп бойынша басшы кадрлар резервiнде тұрған қызметкерлер қатарынан олардың iскерлiк және жеке қасиеттерi, денсаулық жағдайы ескерiле отырып жүргiзiледi.
      Басшы кадрлар резервiне қабылданған басшы құрамдағы адамдардың кәсiптiк даярлықты жетiлдiру жөнiндегi жұмысы Министр белгілейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      63. Қызмет бабында ауыстырылған орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар iстi және лауазымын тапсырғаннан кейiн, қызмет бабында ауыстыру туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарламаны iшкi iстер органы алған күннен бастап аталған адамдар кезектi демалыста немесе емделуде жүрген жағдайларды қоспағанда, бiр айлық мерзiмiнен кешiктiрiлмей, жаңа қызмет орнына iссапарға жiберiлуге тиiс.

      64. Өзiне қарсы қылмысты iс қозғалған және қамауда ұстау түрiнде алдын алу шарасы қолданылмаған қатардағы және басшы құрамдағы адам осы қылмыстық iс бойынша сот шешiмi қабылданғанға дейiн қылмыстық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiпте, тергеу жүргiзу кезеңiнде лауазымдық мiндетiн атқарудан шеттетiледi. Лауазымынан шеттетiлген уақыты үшiн оған ақшалай үлес төленедi.
      Қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты iшкi iстер органдарынан босатылған, ал кейiннен ақтап шығарылған және тиiсiнше лауазымы мен арнаулы атағы қайтарылған қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыт үшiн ақшалай үлес қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртiппен өтеледi.
       Ескерту. 64-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

                            V. Аттестациялау 
 

        65. Ішкі істер органдарының қызметкерлерін аттестациялау - олардың кәсіби даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсім.
      Аттестациялау кезінде қызметкерлердің оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеті негізгі бағалау өлшемі болып табылады.
       Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      66. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды аттестациялаудан бұрын (ұйымдық және тәрбиелiк шаралар, аттестацияланатын адаммен жеке әңгiме өткiзу т.б.) дайындық жұмыстары жүргiзiлуi тиiс.

      67. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір кейінгі үш жыл сайын аттестациядан өтеді. Бұл ретте аттестация көрсетілген мерзім болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.
      Егер аттестацияланатын қызметкерлер жаңа лауазымға тағайындалған жағдайда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестациядан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер ол функционалдық міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқпаса, бұл мерзім есепке алынбайды.
      Егер қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күнінен бастап және оны ішкі істер органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезең үшін өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда ішкі істер органдарында қызметте болған уақыты үздіксіз деп есептеледі.
       Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68.  (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен).

      69.  (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен).

      70. Министр мен оның орынбасарлары заңдарға сәйкес аттестациялауға жатпайды. 
      Қызметкерлер қатарындағы әйелдер жүкті немесе бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде аттестациялауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және бір жылдан кешіктірмей аттестациялануы тиіс.
       Ескерту. 70-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

        71. Аттестациялау комиссияларын кадрлар аппаратының ұсынысы бойынша iшкi iстер органдарының басшылары құрады. 

      72. Аттестациялау комиссиясының шешімі қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақ беру, қызметкерді жоғары тұрған лауазымға тағайындау үшін кадр резервіне қабылдау, қызметкердің лауазымын төмендету немесе босату үшін негіз болып табылуы мүмкін.
       Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

        73. Аттестация жүргiзу, оның қорытындыларын жүзеге асыру, сондай-ақ аттестациялау кезiндегi бұзушылықтарға берiлген шағымдарды қарау тәртiбi мен шарттарын министр белгiлейдi. 

                    VI. Демалыстар 

       74. Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына:
 

       а) кезектi;
 

       б) қысқа мерзiмдi;
 

       в) сырқаттануы бойынша;
 

       г) оқуына байланысты;
 

       д) қосымша (зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны үшiн немесе қызметiнiң айрықша сипаты үшiн);
 

       e) жүктілiгi мен босануына байланысты берілетiн демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге), үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар;
 

       ж) шығармашылық демалыстар берiледi. 
        Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

         75. Демалыстардың ұзақтығы тәулiкпен есептеледi. Демалыстардың ұзақтығын анықтау кезiнде заңмен демалыс күндерi болып белгiленген жалпы мемлекеттiк мереке күндерi есепке алынбайды. 
       Демалыс ұзақтығын анықтау кезiнде, қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының шегiнде демалыс орнына баруы мен қайту жолына кететiн уақыты есепке алынбайды.
        Ескерту. 75-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

         76. Ақылы шығармашылық демалыстар күндiзгi адъюнктурада оқып жүргендердi немесе докторантурада дайындықтан өтiп жатқандарды қоспағанда, диссертациялық жұмыстарды аяқтау, оқулықтар жазу үшiн және Министр белгiлеген тәртiппен басқа да жағдайларда берiледi.  
        Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

         77. Демалыс күндерi заңмен белгiленген тәртiпте жұмыс күнi деп жарияланған кезде, бұл күндер кезектi демалысқа қосылады.

       78. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға берiлетiн кезектi демалыстың ұзақтығы 30 тәулiк.

       79. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша ақылы демалыс Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң желiсi бойынша зейнетақы тағайындау кезiнде ескерiлетiн еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбемен есептегенде): 
 

       а) он жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 5 тәулiк; 
 

       б) он бес жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 10 тәулiк; 
 

       в) жиырма жылдан артық еңбек сiңiргендерге - ұзақтығы 15 тәулiк мерзiмге берiледi.

       80. Биiк таулы мекендерде (1500 м биiктiкте және одан жоғары), тiзбесiн Қазақстан Республикасы Үкiметi анықтайтын климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан ұзақтығы 45 тәулiк кезектi демалыс берiледi. 
       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен экологиялық апат аймағы деп жарияланған аймақтарда, туберкулез мекемелерiнде, бөлiмшелерiнде (учаскелерiнде), сондай-ақ ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар мен СПИД-пен ауыратындарды ұстауға арналған мекемелерде, бөлiмшелерде (учаскелерде) қызмет атқаратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар ұзақтығы мен беру тәртiбi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес айқындалатын жыл сайын қосымша демалыс алуға құқылы. 
        Ескерту. 80-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

       81. Кезектi демалыс күнтiзбелiк жылдың iшiнде демалыстар кестесiне сәйкес берiлуi тиiс. 
       Кезектi демалыс кезiнде сырқаттанып қалған қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың демалысы олардың емделуде болған күннiң санына ұзартылады. 
       Iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарына оқуға жiберiлген қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, кезектi демалысы оқу орнына кеткенге дейiн берiледi. 
       Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер органына қызметке кiрген жылындағы кезектi демалысының ұзақтығы, олардың қызметке кiрген күнiнен бастап жылдың соңына дейiнгi қызмет өткерген уақытына пропорционалды түрде, қызмет өткерген әрбiр толық айы демалысының 1/12 бөлiгi болып есептеледi. Бұл ретте ұзақтығы 10 тәулiк және одан көп демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүруiне демалыстан тыс уақыт берiледi. Ұзақтығы 10 тәулiкке жетпейтiн кезектi демалыс, аталған адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша келесi жылы кезектi демалысымен бiр мезгiлде берiлуi мүмкiн.
        Ескерту. 81-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

         82. Демалыс алуға құқығы бар қызметкерлер оны бөлiп-бөлiп пайдалана алады. Жол жүруге арналған уақытқа демалыстың бiр куәлiгiне ғана берiледi. 
       Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

        83. Басқа министрлiктер мен ведомстволардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген бойда, iшкi iстер органдарына қызметке қабылданған адамдарға ұзақтығы 30 тәулiк демалыс берiледi.

      84. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жеткiлiктi негiзсiз, кезектi демалыстан шақырып алуға тыйым салынады. Қызмет бабында аса қажет болған жағдайда тiкелей бастықтың - облыстың, көлiктегi, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң бастығы, оған тең және жоғары тұрған бастықтарға дейiн - жазбаша бұйрығы негiзiнде, бұл адамдарды кезектi демалыстан шақырып алуға рұқсат етiледi. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi, әдетте, ағымдағы жылы немесе келесi жылдың бiрiншi тоқсанынан кешiктiрiлмей берiледi. Егер демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi 10 тәулiк және одан көп болса, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға жол жүру үшiн демалыстан тыс уақыт берiледi. Қатардағы және басшы құрамдағы адамның қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi келесi жылғы кезектi демалысына қосылуы мүмкiн. 
      Ескерту. 84-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

        85. Жасының келуi, сырқаттануы, штаттың қысқаруы бойынша iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша сол жылы өздерi нақты еңбек еткен уақыт мерзiмiне кезектi демалыс берiледi немесе босатылатын жылы пайдаланбаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет еткен уақытына, бiрақ 45 тәулiктен аспайтын, пропорционалды ақшалай өтемақы төленедi. 
      Iшкi iстер органдарынан босатылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға (осы тармақтың 1 бөлiгiнде аталған адамдардан басқа) босатылған жылы пайдаланылмаған кезектi демалысы үшiн сол жылы қызмет атқарған уақытына пропорционалды түрде, бiрақ 45 тәулiктен аспайтын уақытқа ақшалай өтемақы төленедi.

      86. Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi, ең алдымен сырқаттануына, туысқандық борышын өтеуiне байланысты мәселелердi шешу үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша қызметкердiң демалысты өткiзетiн жерге барып қайтатын жолының уақыты есепке алынбастан 10 тәулiкке дейiн берiледi. 
      Қысқа мерзiмдi демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды. 
       Ескерту. 86-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

        87. Сырқаттануы бойынша демалыс қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға iшкi iстер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы негiзiнде берiледi. 
      Сырқаттануы бойынша демалыстың ұзақтығы ауруының сипатына қарай анықталады. Сырқаттануына және емдеу мекемелерiнде емделуiне байланысты үздiксiз демалыста болу уақыты, қолданылып жүрген заңдармен жекелеген сырқаттар бойынша емделудiң бұдан да ұзақ мерзiмi көзделген жағдайлардан басқасында төрт айдан аспауы тиiс. Емдеу мекемесiнiң қорытындысы негiзiнде тiкелей бастықтың - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының, көлiктiң iшкi iстер департаментiнiң Iшкi iстер министрлiгi Академиясының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастығынан, оған тең және жоғары тұрған бастықтың шешiмiмен бұл мерзiм тағы да ұзартылуы мүмкiн. Сырқаттануы және емделуi бойынша демалыста үздiксiз болудың белгiленген мерзiмi өткен соң аталған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар өздерiнiң әрi қарай қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландырылуынан өтуге тиiс. 
 

      Қызмет бабындағы мiндеттерiн және қызметтiк борышын орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне байланысты қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың емделу уақытына шек қойылмайды. Аталған адамдар медициналық куәландырылуға емделiп болған соң немесе сырқатының нәтижесi анықталған жағдайда жiберiледi. 
 

      Жиi және ұзақ ауыратын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды, егер, әдетте, еңбекке жарамсыз болған күндерiнiң саны сол бiр сырқат бойынша үзiлiссiз 4 айға дейiнгінi (12 айда) немесе жыл iшiнде әртүрлi сырқаттар бойынша 5 айға дейiнгiнi құрайтын болса, емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң ұсыныстары бойынша iшкi iстер органдарының кадр аппараттары, қызметтi одан әрi өткеруге жарамдылығын анықтау үшiн, әскери-дәрiгерлiк комиссияға медициналық куәландыруға жiбередi.  
 

      Сырқаттануы бойынша берiлген демалыс кезектi демалыстың есебiне саналмайды. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң емдеу мекемесiнiң жолдамасы бойынша емделу орнына бару және қайту жолы iшкi iстер органдарының қаржысы есебiнен төленедi. 
 

      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатқан кезде сырқаттануы бойынша демалыс берiлмейдi. 
       Ескерту. 87-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен. 

        88. Iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарында күндiзгi оқу нысаны бойынша оқып жатқан қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға мынадай демалыстар берiледi. 
 

      а) ұзақтығы 14 тәулiктiк - қысқы каникулдық демалыс; 
 

      б) ұзақтығы 30 тәулiктiк - жазғы каникулдық демалыс; 
 

      в) оқу орнын бiтiруiне байланысты - ұзақтығы 30 тәулiктiк. 
      Iшкi iстер органдары жүйесiндегi оқу орындарының сабақтарын тапсыра алмаған курсанттары мен тыңдаушыларына сабақтарын тапсырғаннан кейiн оқу бағдарламаларында белгiленген демалыстарды өткiзу мерзiмi шегiнде каникулдық демалыстары берiледi. 
      Осы Ереженiң 80 және 89-тармақтарымен көзделген қосымша демалыстар тыңдаушылар мен курсанттарға берiлмейдi. 
      Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша түсетін қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін ақшалай ұстау сақталатын, ал басқа оқу орындарына түсетіндерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшін ақшалай ұстау сақталмайтын оқу демалысы беріледі. 
      Iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында сырттай оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге емтихан тапсыру кезеңiне ұзақтығы емтихандық сессиясының ұзақтығына тең, бiрақ бiр жылдың iшiнде қырық күннен аспайтын оқу демалыстары берiледi, бұл ретте шет елдердiң құқық қорғау (полицейлiк) органдарының оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын тыңдаушылар (курсанттар) мен сырттай оқу нысаны бойынша 1шкi iстер министрлiгiнiң немесе басқа мемлекеттiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ бiлiктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға оқу орнына темiржол көлiгiмен баруға және қайтуға арналған шығыстары өтеледi. Бiлiктiлiгiн арттыру және мамандар даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша оқуда болған әр күнi үшiн тәулiктiк төленедi және тұрғын жай жалдау жөнiндегi шығыстары өтеледi.  
      Өзге оқу орындарында сырттай (кешкi) оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге еңбекақы төлеу оқу орнына бару, демалыстар беру мәселелерi "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен реттеледi. 
      Адъюнктураға түсетiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшiн ұзақтығы 30 тәулiк, ал азаматтық жоғары оқу орындарына түсетiндерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн еңбекақысы сақталмайтын оқу демалысы берiледi. 
       Ескерту. 88-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

        89. Қосымша демалыстар және жүктiлiгi мен босануына байланысты берілетiн демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн демалыстар, үш жасқа дейiнгі балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға кезектi демалыстан тыс берiледi. 
      Қызметiнiң айрықша сипатына байланысты қосымша демалыс 10 тәулiкке дейiн берiледi, iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қалауы бойынша кезектi демалысқа қосылып және онымен бiр мезгiлде немесе жеке берiлуi мүмкiн, бұл ретте кезектегi және қосымша демалыстың жалпы үздiксiз ұзақтығы күнтiзбелiк 55 күннен аспауы тиiс. 
      Зиянды жағдайда мiндеттерiн орындағаны және қызметiнiң айрықша сипаты үшiн бiр уақытта қосымша демалыс алуға құқылы қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қосымша демалыс олардың таңдауы бойынша тек бiр негiз бойынша ғана берiледi. 
      Жүктілiгi мен босануына байланысты берiлетін демалыстарды, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетін демалыстарды, үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстарды беру және оған ақы төлеу шарттары, оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған тәртiпте белгiленедi. 
      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне демалыс өткiзу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, кезектi, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар, сырқаттануына, жүктілігі мен босануына байланысты демалыстар кезiнде ақшалай үлес олардың атқарып отырған лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алған мөлшерде төленедi.
       Ескерту. 89-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

                      VII. Қызметтен босату 

      90. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметтен: 
 

      а) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды адамдардың запаста болуы үшiн "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңмен белгiленген шектеулi жасқа жетпесе - запасқа (әскери есепке қойыла отырып); 
 

      б) егер босатылушылар, тиiстi әскери атақтары бар немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған адамдардың запаста болуы үшiн "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңымен белгiленген шектеулi жасқа жеткен болса әскери есептен шығара отырып жiберiледi.
       Ескерту. 90-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен.

      91. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар:
 

      а) зейнетақы алуға құқық беретін еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;
 

      б) жасы бойынша - осы Ереженің 13-тармағымен өздері үшін белгіленген қызметте болудың шекті жасына жеткендер;
 

      в) денсаулық жағдайы бойынша - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы (қаулысы) негізінде;
 

      г) штаттың қысқаруына немесе ішкі істер органдарының қайта ұйымдастырылуына байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда;
 

      д) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда;
 

      е) келісім-шартты бұзуға не келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты;
 

      ж) өз қалауы бойынша;
 

      з) белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
 

      и) сынақ мерзімінің ішінде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
 

      к) әскери қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін;
 

      л) аттестацияның қорытындысы бойынша анықталған қызметке сай келмеуі бойынша;
 

      м) ішкі істер органдарының қызметкері атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін;
 

      н) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты;
 

      о) заңды күшіне енген соттың айыптау үкімінің шығуына байланысты;
 

      п) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына байланысты қызметтен запасқа шығарылады.
      Қызметтен босатылатын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің оқу орындарынан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар қызметтік куәлікті, нысанды және арнайы киім-кешекті тапсырады. 
       Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

        92.  (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

        93.  (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      94. Қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты емес, бiрақ азаматтардың алдында мемлекеттiк қызметтiң абыройы мен беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттер, атап айтқанда: iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қоғамдық орындарда мас күйiнде (айналасындағыларға айқын көрiнетiндей) болуы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін; қызметтік міндеттерін орындауға байланысты ішкі істер органдарының қызметкеріне белгілі болған мемлекеттік, қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету; тергеудегi, сотталған адамдармен рұқсат етiлмеген байланыстар жасау; тергеуге зиян келтiретiн жедел сипаттағы ақпаратты жария ету; заңсыз әрекеттер жасаған азаматтарға жәрдемдесу; қызмет бабын жеке пайдакүнемдiк ниетпен пайдалану; қызметкерлердiң, оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарының арасында терiс қоғамдық резонанс тудырған жарғыдан тыс қарым-қатынастар жасау; кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiмен айналысу, оның iшiнде коммерциялық делдалдық жасау, сондай-ақ қызмет бабын пайдалана отырып жұмыс жасау және қызметтер көрсету iс-әрекеттер жасаған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 91-тармағының и) тармақшасына сәйкес iшкi iстер органдарының беделiне дақ түсiретiн қылықтар жасағаны үшiн қызметтен босатылады.
      Санамаланған негiздер бойынша босатылған адамдар iшкi iстер органдарындағы қызметке қайта қабылданбайды.
       Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      95. Зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша, өзiнiң қалауымен қызметтен босайтын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар жоспарлап отырған кететiн күнiнен кемiнде бiр ай бұрын өзi қабылдаған шешiм туралы iшкi iстер органының тiкелей бастығына ескертiп, ол туралы команда бойынша рапорт бередi.
      Осы Ереженiң 92-тармағының "а", "б", "в", "г" тармақшаларымен көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылатын адамдар бұл туралы, әдетте, босатылардан кемiнде бір ай бұрын хабардар етiледi. 
       Ескерту. 95-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

        96. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызметтен босатуды осы лауазымдарға қызметкерлерді қабылдауға және тағайындауға құқық берілген лауазымды адамдар жүргізеді.
       Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      97.  (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

        98. <*>
       Ескерту. 98-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен. 

        99. Iшкi iстер органдарынан босатылған, қайтыс болған, қаза тапқан, хабарсыз жоқ болып кеткен немесе хабар-ошарсыз кеткен қатардағы және басшы құрамдағы адамдар министр белгiлеген тәртiпте iшкi iстер органдарының кадрларынан шығарылады.

      100. Iшкi iстер органдарынан босатылғаннан кейiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды жергiлiктi әскери басқару органдары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленген тәртiпте әскери есепке қояды.
       Ескерту. 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен.    

              VIII. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың
               жекелеген санаттарының қызмет өткеру
               ерекшелiктерi

      101. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға қызметке жiберiле алады. 
      Iссапарға жiберiлген iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары орнын баса алатын республиканың мемлекеттiк, өкiлеттi және атқарушы органдарындағы лауазымдардың тiзбесiн, iссапарға жiберу тәртiбiн, көрсетiлген санаттағы адамдардың қызмет өткеру ерекшелiктерiн, оларға арнаулы атақтар берудi, оларды аттестациялауды, қызметтен босатуды, еңбекақы төлеу шарттарын, киiм-кешекпен және басқа үлес түрлерiмен қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
       Ескерту. 101-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 қаулысымен.

      101-1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - халықаралық ұйымдар) қызметке жіберілуі мүмкін.
      Ескерту. Ереже 101-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.02 N 873 Қаулысымен.
      101-2. Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, ішкі істер органдарының қызметкерлерін халықаралық ұйымдарға қызметке жіберу Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің негізінде жүзеге асырылады.
      Қызметке жіберілген адамдардың ішкі істер органдарының қызметкерлері мәртебесі сақталады.
      Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қызметке жіберілген адамдарға арнаулы атақтар беру осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Халықаралық ұйымдарға қызметке жіберілген адамдарды аттестаттау осы Ережеде ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Ескерту. Ереже 101-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.02 N 873 Қаулысымен.

      101-3. Егер ратификацияланған тиісті халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдарға қызметке жіберілген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат есебінен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы төленеді.
      Өзге де төлемдер, сондай-ақ қызметке жіберілген адамдарды заттай мүлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте бір жолғы сипаттағы төлемдер бойынша қызметке жіберілгенге дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.
      Қызметке жіберілген адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 101-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.02 N 873 Қаулысымен.

      102. Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайларда олардың жасына қарамастан, бiрақ 50 жастан аспаған, бұрын iшкi iстер органдарының кадрында болмаған мемлекеттiк, өкiлеттi және атқарушы органдардың, прокуратураның, әдiлет органдарының мамандарын, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерi мен оқытушыларын Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарына тағайындау үшiн жiбере алады, бұл ретте олардың еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу мен зейнетақы тағайындау үшiн мамандығы бойынша бұрынғы жұмыс стажы, соның iшiнде аспирантура мен докторантурада оқыған уақыты белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi. Бұл адамдарға арнаулы атақтар осы Ережемен көзделген тәртiпте берiледi.

      103. Қазақстан Республикасының депутаттары болып сайланған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар iшкi iстер органдары қызметiнен босатылады. Олар өздерiнiң депутаттық өкiлеттiктерi аяқталғаннан кейiн, белгiленген тәртiпте iшкi iстер органдарына қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте олардың депутаттық өкiлеттiктерiн атқарған кезеңi еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме төлеу, кезектi арнаулы атақ беру және зейнетақы тағайындау үшiн (iшкi iстер органдарынан зейнетақысын ресiмдеп, депутат болып сайлануына байланысты босаған адамдардан басқа) iшкi iстер органдарындағы қызмет стажына есептеледi.

      104. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Iшкi iстер министрiнiң бұйрығымен, iшкi iстер органдары жеке құрамының тiзiмдерiнен шығарыла отырып, одан әрi қызмет атқару үшiн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарына, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетiне, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң осындай құрылымдары мен құқық қорғау органдарына (халықаралық шарттардың негiзiнде) қызметке жіберiлуi мүмкiн. Қызметке жiберу iшкi iстер органы қызметкерiнiң рапорты бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен жеке түрде жүргiзiледi. 
 

      Жоғарыда аталған ведомстволардың қызметкерлерi iшкi iстер органдарына қызметке ауысып, қатардағы және басшы құрамының тиiстi лауазымдарына тағайындалған соң, олардың әскери және арнаулы атақтары Iшкi iстер министрлiгiнiң арнаулы атақтарына теңестiрiледi, әскери қызметiндегi немесе еңбек қызметiндегi үзiлiске қарамастан оларға әскери және арнаулы атақтар беру, ескерiлген лауазымдарда қызмет iстеген уақыттары есепке алына отырып, iшкi iстер органдарында еңбек сiңiрген жылдарына саналады.
       Ескерту. 104-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1287 , 2005.11.03. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулыларымен. 

                     IХ. Қызмет тәртiбi

       Ескерту. 9-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.21. N  1093 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) қаулысымен. 

                 105. Iшкi істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының тәртiбi олардың заңдылық, дара басшылық қағидаттарын қатаң сақтауына, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын, антты, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын орындауына негiзделеді.

      106. Қызмет бабында бiр-бiрiне тiкелей бағынысты болмайтын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар нақты тапсырмаларды орындау кезiнде аға немесе кiшi қызметкерлер болуы мүмкiн.

      107. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар бiр-бiрiмен, әскери қызметшiлермен кездескен кезде және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгіленген тәртіппен және ережелер бойынша сәлем бередi.

      108. Бастықтың бұйрығы бұлжытпай, нақты және мерзiмінде орындалады.
      Iшкі iстер органдарының қызметкерлерi, егер олардың iс-әрекеттерi заңнамаға сәйкес жүзеге асырылған болса, арнайы құралдар мен әдiстердi, қару-жарақты қолдану кезiнде келтiрілген зиян үшiн жауапкершілiкке тартылмайды.

      109. Қызметтiк борышын атқару кезiнде көрсеткен ерлiгi мен батылдығы, қайсарлығы және мемлекет алдындағы басқа да сiңiрген еңбегi үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкiн.

      110. Көтермелеулер мен тәртiптiк жазаларды бастықтар өздерiне берілген құқықтар шегiнде қолданады.

      111. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне теріс қылықтары анықталған күнінен бастап бір айдан және теріс қылықтар жасаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей тәртіптік жаза қолданылады.
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін теріс қылық жасағаны анықталған күнінен бастап үш айдан және теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тәртіптік жаза қолданылады.
      Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған не қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, бірақ қызметкердің әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық іс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қолданылуы мүмкін.
      Жаза қолданар алдында қатардағы және басшы құрамдағы адамнан түсініктеме алынуы тиіс.
      Қызметкердің түсініктеме беруден бас тартуы жаза қолдану үшін кедергі болып табылмайды. Мұндай бас тарту оған қатысқан куәгерлерді көрсете отырып, актімен ресімделеді.
      Кінәлі адамдарды анықтау, қызметкердің теріс қылық не өзге де құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау мақсатында, әдетте, ішкі істер органы басшысының нұсқауы бойынша тағайындалатын қызметтік тексеріс жүргізіледі.
      Қызметтік тексерістер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оның ішінде:
      Ішкі істер министрлігі басшылығының, комитеттердің, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы оқу орындары мен ұйымдардың нұсқауы (тапсырма-жоспар);
      ішкі істер органдары қызметкерлерінің баянаттары мен басқа құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің хабарламалары негізінде жүргізіледі.
      Қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату және атқарып отырған лауазымынан алу түріндегі жазалар жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижелері және тәртіптік комиссияның тиісті қорытындылары не ішкі істер органдарының қызметін тексеруді қарау қорытындылары бойынша Ішкі істер министрлігі алқасының немесе жедел кеңестің шешіміне сәйкес қолданылады.
      Ішкі істер министрлігінің алқасында немесе жедел кеңесте ішкі істер органдарының қызметін тексеру нәтижелері бойынша қызметкерлерді өзге де тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін.
       Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.11.02.  N 1034 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      112. Қатардағы және басшы құрамдағы адамға бұйрықпен қолданылған тәртiптiк жаза ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, егер осы кезеңде ол басқа тәртiптiк жазаға тартылмаған болса, ол алып тасталған деп саналады.

      113. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың өздерiне қатысты қабылданып отырған шешiмдер мен iс-әрекеттер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.