Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1251 Қаулысы

Жаңартылған

      Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Комиссияның құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Халықаралық гуманитарлық құқық жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 52-53, 591-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 188-құжат).
      4. Осы қаулы қол қoйылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметiнің        
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен    
бекiтiлген        

Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы

       Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.02.22 № 106 Қаулысымен.

Саудабаев                     - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Қанат Бекмұрзаұлы               хатшысы - Сыртқы істер министрі,
                                төраға

Омаров                        - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы                 министрінің орынбасары,
                                төрағаның орынбасары

Садықов                       - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Барлыбай Кәрімұлы               істер министрлігі Көпжақты
                                ынтымақтастық департаментінің
                                директоры, хатшы

Меркель                       - Қазақстан Республикасы Бас
Иоган Давидович                 прокурорының бірінші орынбасары
                                (келісім бойынша)

Жұмақанов                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Зейноллаұлы            қауіпсіздік комитеті төрағасының
                                орынбасары (келісім бойынша)

Айтжанова                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Жанар Сейдахметқызы             және сауда вице-министрі

Бекетаев                      - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы               вице-министрі

Жақыпов                       - Қазақстан Республикасының
Айдар Бексұлтанұлы              Білім және ғылым вице-министрі

Кулинич                       - Қазақстан Республикасы Ішкі
Александр Васильевич            істер министрінің орынбасары

Нүсіпова                      - Қазақстан Республикасының Еңбек
Әсел Бекқызы                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                вице-министрі

Сәдуақасова                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Елдана Мәкінқызы              - ортаны қорғау вице-министрі

Сембинов                      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Қаскенұлы                 министрінің орынбасары

Сүлейменов                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мұратұлы                  және бюджеттік жоспарлау
                                вице-министрі

Телебаев                      - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы               және ақпарат вице-министрі

Шоқаманов                     - Қазақстан Республикасы Статистика
Юрий Камирұлы                   агенттігінің жауапты хатшысы

Әбілқайыр                     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Мақсұт Романбекұлы              Сотының судьясы (келісім бойынша)

Калюжный                      - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
Вячеслав Афанасьевич            орталықтың басшысы (келісім бойынша)

Оспанов                       - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Кеңес Сәрсенғалиұлы             сақтау министрлігі Мемлекеттік
                                санитарлық-эпидемиологиялық
                                қадағалау комитетінің төрағасы -
                                Қазақстан Республикасының мемлекеттік
                                санитарлық бас дәрігері

Жарбосынова                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Мәдина Бинешқызы                істер министрлігінің Ерекше
                                тапсырмалар жөніндегі елшісі

Әбішев                        - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тастемір Дәуітұлы               жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
                                комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

Нәубетова                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Рашида Аронқызы                 жанындағы Әйелдер істері және
                                отбасылық - демографиялық саясат
                                жөніндегі ұлттық комиссия
                                хатшылығының консультанты (келісім
                                бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
      Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.

      4. Комиссияның функциялары:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
      ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгiзу;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
      гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
      Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалық- ақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
      уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.21 N 1337 қаулысымен.

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссияның төрағасы:
      Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      отырыстардың күн тәртiбiн, уақыты мен өткiзу орнын белгілейді;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.

      10. Комиссияның хатшысы:
      Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
      Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.

      11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.

      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.

      13. Шешiм қабылдаған кезде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс.

      15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.