Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1251 Қаулысы

Жаңартылған

      Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Комиссияның құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Халықаралық гуманитарлық құқық жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 52-53, 591-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 188-құжат).
      4. Осы қаулы қол қoйылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Үкіметiнің        
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен    
бекiтiлген        

Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша
халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы

       Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.07.2013 № 728 қаулысымен.

Ыдырысов               - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ерлан Әбілфайызұлы       министрі, төраға

Волков                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алексей Юрьевич          министрінің орынбасары, төраға орынбасары

Изанова                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Динара Төлегенқызы       министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                         департаменті мәдени-гуманитарлық
                         ынтымақтастық басқармасының басшысы,
                         хатшы

Дүйсенова              - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Тамара Босымбекқызы      әлеуметтік қорғау министрі

Баймолдина             - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Зәуреш Хамитқызы         орынбасары

Күреңбеков             - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Амантай Жанкеұлы         министрінің орынбасары

Майкеев                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Бағдат Әбдіқадырұлы      министрінің орынбасары

Жақсылықов             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мекешұлы           бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Қырықбаев              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Арман Оразбайұлы         ақпарат вице-министрі

Мұхамеджанов           - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Бектас Ғафурұлы          ортаны қорғау вице-министрі

Төкежанов              - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Болат Тұрғанұлы          сақтау вице-министрі

Әбенов                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Абдуламитұлы       ғылым вице-министрі

Ашуев                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Айдын Жұмабекұлы         агенттігі төрағасының орынбасары

Калюжный               - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
Вячеслав Афанасьевич     орталықтың басшысы (келісім бойынша)

Қасенова               - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Әсия Бәкенқызы           жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету
                         департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
                         Сотының аппараты) басшысының орынбасары
                         (келісім бойынша)

Әбішев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Тастемір Дәуітұлы        жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
                         комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

Әбдірайымов            - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Ғалымжан Райылұлы        министрлігінің Құрылыс және тұрғын
                         үй-коммуналдық шаруашылық істері
                         комитеті төрағасының орынбасары

Әлпейісова             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Камал Әбілқасымқызы      жанындағы Әйелдер істері және
                         отбасылық-демографиялық саясат
                         жөніндегі ұлттық комиссия
                         хатшылығының консультанты
                         (келісім бойынша)

Досполов               - Қазақстан Республикасы Бас
Сергей Долдович          прокуратурасы Халықаралық
                         ынтымақтастық департаментінің бастығы
                         (келісім бойынша)

Сүлеймен               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Үсен Әбдіқадырұлы        министрлігінің Ерекше тапсырмалар
                         жөніндегі елшісі

Әзімова                - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы    министрлігі Халықаралық шарттарды
                         сараптау департаментінің директоры

Қоқанова               - Қазақстан Республикасы Статистика
Гүлнәр Жақайқызы         агенттігі Әлеуметтік және
                         демографиялық статистика
                         департаментінің директоры

Сембаев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ерболат Нәсенұлы         министрлігі Көпжақты ынтымақтастық
                         департаментінің директоры

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
      Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.

      4. Комиссияның функциялары:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
      ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгiзу;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
      гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
      Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалық- ақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
      уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.21 N 1337 қаулысымен.

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссияның төрағасы:
      Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      отырыстардың күн тәртiбiн, уақыты мен өткiзу орнын белгілейді;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.

      10. Комиссияның хатшысы:
      Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
      Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.

      11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.

      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.

      13. Шешiм қабылдаған кезде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс.

      15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.