Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1251 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 106 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 512 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 08.09.2017 № 553 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1724 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орнын (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) тұтқырлығы жоғары, су алған, шығымы аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына

      Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет

      Марат Бақытжанұлы вице-министрі

      енгізілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов