Халықаралық гуманитарлық, құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1251 Қаулысы

Жаңартылған

      Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Комиссияның құрамы;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Халықаралық гуманитарлық құқық жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 52-53, 591-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 645  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 188-құжат).

      4. Осы қаулы қол қoйылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Pecпубликасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің     
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен   
бекiтiлген    

       Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.10.01
N 861 , өзгерту енгізілді - 2008.06.20  N 597  Қаулыларымен.

Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы

Тәжин                    - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Марат Мұханбетқазыұлы      істер министрі, төраға

Қазыханов                - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Ержан Хозеұлы              істер министрінің орынбасары,
                           төрағаның орынбасары

Тәшібаев                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Мұрат Сейітжанұлы          істер министрлігі Халықаралық
                           ұйымдар және көп ынтымақтастық
                           департаментінің директоры, хатшы

Айтжанова                - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы        Индустрия және сауда вице-министрі

Әбішев                   - Қазақстан Республикасы
Тастемір Дәуітұлы          Президентінің жанындағы Адам
                           құқықтары жөніндегі комиссияның
                           хатшысы (келісім бойынша)

Бабақұмаров              - Қазақстан Республикасының
Ержан Жалбақұлы            Мәдениет және ақпарат
                           вице-министрі

Белоног                  - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович     Денсаулық сақтау министрлігі
                           Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
                           қадағалау комитетінің төрағасы -
                           Қазақстан Республикасының Бас
                           мемлекеттік санитарлық дәрігері

Божко                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Владимир Карпович          қауіпсіздік комитеті төрағасының
                           орынбасары (келісім бойынша)

Уәйісов                  - Қазақстан Республикасы Бас
Мерей Құрманұлы            прокурорының орынбасары (келісім
                           бойынша)

Жанасаев                 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Бақытжанұлы          министрінің орынбасары

Жарбосынова              - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Мәдина Бейнешқызы          істер министрлігінің Ерекше
                           тапсырмалар жөніндегі елшісі

Калюжный                 - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық
Вячеслав Афанасьевич       орталықтың басшысы (келісім бойынша)

Құрманов                 - Қазақстан Республикасының Еңбек
Алмас Мұхаметкәрімұлы      және халықты әлеуметтік қорғау
                           вице-министрі

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының 
Марат Әпсеметұлы           Экономика және бюджеттік
                           жоспарлау вице-министрі

Құсдәулетов              - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашитұлы             вице-министрі

Нәубетова                - Қазақстан Республикасының Президенті
Рашида Аронқызы            жанындағы Әйелдер істері және
                           отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі
                           ұлттық комиссиясы хатшылығының
                           консультанты (келісім бойынша)

Сәрсембаев               - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Сәкенұлы          Қоршаған ортаны қорғау
                           вице-министрі

Шәмшидинова              - Қазақстан Республикасының Білім
Күләш Ноғатайқызы          және ғылым вице-министрі

Шпекбаев                 - Қазақстан Республикасының Ішкі
Алик Жатқамбайұлы          істер вице-министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң   
2003 жылғы 9 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен  
бекiтiлген     

  Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
      Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.

      4. Комиссияның функциялары:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
      ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгiзу;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
      гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
      Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалық- ақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
      уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.

  4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады. <*>
       Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.21. N  1337  қаулысымен.

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      9. Комиссияның төрағасы:
      Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      отырыстардың күн тәртiбiн, уақыты мен өткiзу орнын белгілейді;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.

      10. Комиссияның хатшысы:
      Комиссияның отырыстарын дайындауды жүзеге асырады;
      Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
      халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.

      11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.

      12. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.

      13. Шешiм қабылдаған кезде Комиссия мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең түскен жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тiркелуi тиiс.

      15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.