Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2017 № 512 қаулысымен.
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар шеңберінде қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелердi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Халықаралық гуманитарлық құқық жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 52-53, 591-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1794 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 188-құжат).
4. Осы қаулы қол қoйылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасы |
Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1251 қаулысымен бекiтiлген |
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1251 қаулысымен бекiтiлген |
Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары
бойынша халықаралық шарттар жөнiндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндетi мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес ұлттық заңнаманы жетілдiру.
4. Комиссияның функциялары:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормаларына сәйкестiгi тұрғысынан Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасын зерделеу және бағалау;
ұлттық заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтік қорытындыларды дайындау және енгiзу;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттардың нормалары мен қағидаттарын қолдану жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына консультациялық жәрдем көрсету;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар туралы iлiмдердi таратуға жәрдемдесу;
гуманитарлық құқық нормаларын қолдану мен адам құқықтарын сақтау бойынша, соның iшінде халықаралық және ұлттық, мемлекеттiк және үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау мен консультациялар арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен:
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi анықтамалық- ақпараттық және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарынан сұрауға және алуға;
уақытша және/немесе тұрақты жұмыс iстейтiн сараптама және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссияны орынбасары болатын төраға басқарады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.21 N 1337 қаулысымен.7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.8. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.9. Комиссияның төрағасы:
Комиссияның жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
отырыстардың күн тәртiбiн, уақыты мен өткiзу орнын белгілейді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары саласындағы қызмет жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен қатынастарда Комиссияның атынан өкiлдiк етедi.
10. Комиссияның хатшысы:
комиссия отырысы өткізілгеннен кейін хаттама ресімдейді;
Комиссия мүшелерiнiң және тартылған сарапшылар мен мамандардың жұмысын үйлестіреді;
халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар саласындағы қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің тиiстi органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.11. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай және кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.13. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.14. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
15. Комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарына Комиссия отырыстарының хаттамаларынан үзiндi көшiрмелер түрiнде жеткізіледi.