Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 21 қазандағы N 1208 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
1.№<*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111
қаулысымен
.
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604
қаулысымен
.
3. "Қазақстан Республикасындағы бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 555
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 205-құжат):
көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
"Кiрiспе" деген бөлiмде:
төртiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген сөздер алынып тасталсын.
4. "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат):
2-тармақта:
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігiне - екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетiншi, тоғызыншы абзацтарда көрсетiлген сыйлықтар";
төртiншi абзац алынып тасталсын.
5. "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
F санатында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жол алынып тасталсын.
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 12 ақпандағы N 34 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 236 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 150-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 7 қарашадағы N 1178 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1344 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 462-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 маусымдағы N 623 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы.