Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы N 34 қаулысын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 12 наурыз N 236.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.27. N 1191 қаулысымен.

      Парник газдарының климат жүйесіне қауіпті антропогендік ықпалының алдын алу үшін олардың атмосферада шоғырлануын тұрақтандыру жөніндегі әлемдік қауымдастықтың күш салуына Қазақстан Республикасының қатысуы мақсатында қаулы етемін:
 
      1. Киото қаласында 1997 жылғы 11 желтоқсанда қабылданған Біріккен

 

Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгерісі туралы шектеулі конвенциясының

Киото хаттамасына қол қойылсын.

     2. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының

Тұрақты Өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбековаға Киото қаласында 1997

жылғы 11 желтоқсанда қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың

өзгерісі туралы шектеулі конвенциясының Киото хаттамасына қол қоюға

уәкілеттік берілсін.

     3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті


     Оқығандар:

          (Қасымбеков Б.А.)

          (Нарбаев Е.Ә.)