Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат):
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда көрсетілген сыйлықтар;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне - алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарда көрсетілген сыйлықтар жүктелсін.";
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550
қаулысына
:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аса көрнекті ғалымдардың атындағы сыйлықтарды тағайындау;".