Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1191 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi ұйымдастыру жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2003 жылғы 21 қазандағы N 1208 Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 27 қарашадағы
N 1191 қаулысымен    
бекітiлген       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
      11-тармақтың 7) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұсынуы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "2. Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлiмде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген реттiк нөмiрi 158-жол алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген 1-бөлiмде:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 62" деген жол алынып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 сәуiрдегi N 555 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 19, 205-құжат):
      көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Бiлiм және ғылым объектiлерiн жекешелендiрудiң 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасында:
      "Кiрiспе" деген бөлiмде:
      төртiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат):
      2-тармақта:
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігiне - екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, жетiншi, тоғызыншы абзацтарда көрсетiлген сыйлықтар";
      төртiншi абзац алынып тасталсын.

      5. "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
      F санатында:
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жол алынып тасталсын.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 27 қарашадағы
N 1191 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбір күші жойылған шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 12 ақпандағы N 34 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 наурыздағы N 236 қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 150-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 7 қарашадағы N 1178 қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1344 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 462-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27 маусымдағы N 623 қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 8-тармағы.