Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiн және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі N 661 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi;
      2) Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi бекiтiлсiн.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2003 жылғы 4 шілдедегі 
N 661 қаулысымен    
бекітілген      

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi
зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы
жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы
жинақтарынан төленетiн зейнетақы
төлемдерiн жүзеге асыру
ережесі

      Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының төлемдерiн
жүзеге асырудың тәртiбi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi белгiленген кесте бойынша зейнетақы жинақтарын алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде сақтандыру ұйымына аудару жолымен немесе зейнетақы жинақтарын алу жолымен жүзеге асырылады.

      2. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндетті зейнетақы жарналарының есебiнен кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi Заңның  9-бабының  1-3-тармақтарында,  23-бабы  1-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттар туындаған кезде жүзеге асырылады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.11. N   580   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

      3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн Заңның  23-бабы  1-тармағының 2), 4) тармақшаларында,  23-2-бабы  1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдарға алушының сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитетi шартының негiзiнде зейнетақы жинақтарын аудару жолымен жүзеге асырады.
      Зейнетақы аннуитетiнiң шарты болмаған жағдайда көрсетiлген адамдар Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.11. N   580   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

      4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын алуды:
      1) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
      2) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен - Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен адамдар жүзеге асырады.

      5. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
      2) облыс, Астана, Алматы қалаларының Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен расталған (мөр қойылмайды) тұрақты тұратын жерiне кетуi туралы "ТТВ" (тұрғын тұрақты визасы) сериясындағы Қазақстан Республикасының визасы бар азаматтығы жоқ адамның төлқұжатының немесе куәлiгiнiң көшiрмесiн және көз жеткiзу үшiн түпнұсқасын;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.

      6. Мiндеттi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
      2) почта байланысы құралдары немесе сенiмдi адам арқылы жiберген кезде:
      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзiлсе) және заңдастырылған көшiрмесiн;
      алушы өзi өтiнiш берген кезде:
      паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң көшiрмесiн және паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң түпнұсқасын көру үшiн;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшi-қон карточкаларын беру жүргiзiлмейтiн адамдарды қоспағанда, көшi-қон карточкасының көшiрмесi және көшi-қон карточкасының түпнұсқасын көру үшін;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 3 тамыздағы  N 736  қаулысымен.

      7. Epікті кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті;
      2) визалық мөрмен немесе облыстың (Астана, Алматы қалаларының) Көшi-қон полициясы басқармасы бастығының немесе басқарма бастығы орынбасарының қолымен куәландырылған, белгіленген үлгідегі мөртабаны бар (кету күнi мен тұратын мемлекет көрсетілген) төлқұжатының көшiрмесiн және көз жеткізу үшін төлқұжаттың түпнұсқасын;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.

      8. Ерiктi кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтінішті;
      2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариалды куәландырылған (егер нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған төлқұжаттың және кету фактісін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

      9. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен алушы осы Ереженiң 5-3-тармақтарына сәйкес кәмелетке толмаған адам болса, ата-аналары (асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаныштары):
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
      2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адамның нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесiн;
      3) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен өзгеше белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмаған адам туралы мәлiметтер бар құжаттардың нотариалды куәландырылған (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілсе) және заңдастырылған көшiрмелерiн;
      4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ұсынады.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

      10. Алушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына мынадай құжаттар:
      1) қайтыс болған алушының отбасы мүшелерi немесе жерлейтiн адам жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн:
      осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
      қайтыс болған алушының отбасы мүшесiнiң немесе жерлеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      2) қайтыс болған алушының зейнетақы жинақтарын мұрагерлерi алуы үшін:
      осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
      мұрагердiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және көз жеткiзу үшiн құжаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      алушының қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      мұрагерлік құқығы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады.

      11. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi почта байланысы құралдары немесе сенiм жүктелген адам арқылы берген жағдайда, алушының жеке басын куәландыратын, осы Ереженiң 5-10-тармақтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылады (eгep нотариалды куәландыру тұратын мемлекетте жүргiзілсе).
      Егер алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiшiн сенiм жүктелген адам арқылы берсе, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенiмхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

      12. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерiн осы Ережеде көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он бес күн iшiнде жүзеге асырады.

      13. Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiн деректемелерi төлемдердi тағайындауға арналған өтiнiште көрсетiлетiн алушының банктiк шотына аударады. Зейнетақы жинақтарын аудару жөнiндегі банктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

  2-тарау. Мiндеттi және ерiктi кәсіптiк зейнетақы
жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын кесте бойынша
зейнетақы төлемдерi түрiнде төлеудi
жүзеге асырудың тәртiбi

      14. Зейнетақы жинақтарын кесте бойынша алушы жинақтаушы зейнетақы қорына:
      1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы жасасқан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты;
      4) Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Орталық) берiлетiн төлемдердiң тағайындалу негіздемесiн көрсете отырып, зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлiгінiң көшiрмесiн ұсынады.
      I және II топтағы мүгедектер, егер мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген болса, жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, медициналық-әлеуметтік  сараптама бөлiмi берген мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтаманың көшiрмесiн және көрсету үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерiн почта байланысы құралдары немесе сенiм жүктелген адам арқылы жүзеге асыруға өтiнiш бергенде, алушының жеке басын куәландыратын құжат нотариалды куәландырылады.
      Алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi сенiм жүктелген адам арқылы берген жағдайда, соңғысы сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорына сенiмхаттың түпнұсқасын, өзiнiң жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi мен көз жеткiзу үшiн оның түпнұсқасын ұсынады.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.11. N   580   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

      15. <*>
       Ескерту. 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

      16. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетін кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмiмен белгiленедi.

      17. Осы Ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн он бес жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерiнiң кестесiн қамтитын және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша келiсiмдi әзiрлейдi және алушының қарауына ұсынады.

      18. Жинақтаушы зейнетақы қорлары жыл сайын алушыдан өтiнiш алған сәттен бастап он жұмыс күнi iшiнде қосымша келiсiм мен зейнетақы төлемдерінің кестесiне өзгерiстер енгiзе отырып, кесте бойынша зейнетақы төлемдерінiң жылдық мөлшерiне қайта есептеу жүргізеді.
      Ескерту. 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан  
мiндетті зейнетақы жарналарының, 
epікті кәсiптік зейнетақы    
жарналарының есебiнен қалыптасқан 
зейнетақы жинақтарынан төленетін 
зейнетақы төлемдерін жүзеге   
асыру ережесіне          
қосымша                 

      Назар аударыңыз! Өтiнiш баспа әрiптерiмен айқын толтырылады
                                    Кiмге:________________________
                                              (Қордың атауы)

  Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы
Өтініш 

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізіледі - ҚР Үкіметінің 2007.04.30.  N 352  (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  
      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.11. N   580   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

Мен,______________________________________________________________
тегi______________________________________________________________
аты_______________________________________________________________
әкесiнiң аты______________________________________________________
                        Жылы Айы Күнi
Туған күнi________________________________________________________
Құжаттың түрi:_______ Жеке басының куәлiгi_______ Төлқұжаты_______
                                               Жылы Айы Күнi
Сериясы_____________  Нөмірі_______________ ______________________
_________________________________________________________ берілдi
                            (кім берді)

Әлеуметтiк жеке коды (ӘЖК)________________________________________
                         N________________________________________
CTH_______________________________________________________________
Жеке зейнетақы шоты_______________________________________________

__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес еркектер - 63 жасқа, әйелдер - 58 жасқа толуына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес төтенше және жоғары радиациялық қатер аймағында тұруына;
__Осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес 5 және одан да көп балалар тәрбиелеуiне;
__Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне;
__егер мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiлене отырып;      
__алушының қайтыс болуына (мұрагерлерiне);
__алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты
200___ жылғы "___"________ N________ зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес мiндетті, ерiктi кәсiптiк ( керегiнiң астын   сызу керек ) зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан
__бiржолғы;
__ай сайын;
__тоқсан сайын;
__жыл сайын
ақшаны мынадай деректемелер бойынша банктiк шотқа аудару арқылы зейнетақы төлемдерiн жүргізудi сұраймын:
__________________________________________________________________
(банктiң атауы, банктік шотының нөмiрi, банктiң дербес шотының
__________________________________________________________________
                       нөмiрi, БСК-i, CTH-i)
Мынадай мекен-жай бойынша тұрамын: индекс_________________________
____________________________________________________________облысы
_______________________________________________қ-сы (кенті, ауылы)
_________________________к-ci үй N___ пәтер N_____________________
байланыс телефоны_________________________________________________
Алушы:_____________________
            (қолы)

Өтiнiш жазылған күн 200___ жылғы "___"_________
Өтiнiштi қабылдап алды:______ж. "___"__________
__________________________________________________________________
(Қордың жауапты қызметкерінің ТАӘ, лауазымы, қолы)
Қорда тіркелді: 200___ жылғы "___" _______ N________

-------------------------------------------------------кесу сызығы

Алушыға __________________________________________________________
                              (ТАӘ)
Өтініш Қорда: 200__ жылғы "__" ________ N_________ тіркелді
Өтініш қабылдап алды: ________ ж. "___" __________

__________________________________________________________________
      (Қордың жауапты қызметкерiнiң ТАӘ, лауазымы, қолы)

М.О.           

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 4 шiлдедегi 
N 661 қаулысымен   
бекiтiлген        

  Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру
әдістемесі

      Осы Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы  Заңына  (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.

  Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң
мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру тәртiбi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорынан кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерi сомасы мен мерзiмi (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленетiн төлемдер түрiнде, кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн ескере отырып жүзеге асырылады.
      2. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамадан:
      1) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгi зейнетақының он eкі еселенген мөлшерiнен;
      2) жүз мың теңгеден;
      3) осы Әдiстемеге қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы ағымдағы құн коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген шамадан неғұрлым жоғары мөлшерде есептеледi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.11. N   580   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi), 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулыларымен.  
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.
      4. Алушы, егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы жүз мың теңгеден кем болса немесе тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен кем болса (көрсетiлген шаманың қайсысы көп болуына байланысты), зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.

Кесте бойынша зейнетақы  
төлемдерінің мөлшерін   
есептеуді жүзеге     
асыру әдістемесіне    
қосымша         

Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің
жылдық мөлшерін есептеуге арналған
кесте

       Ескерту. Кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.21. N   1059   (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi)   қаулысымен.

Алушының жасы

Ағымдағы құнның коэффициенті

18

0,04159

19

0,04172

20

0,04186

21

0,04201

22

0,04217

23

0,04233

24

0,04250

25

0,04268

26

0,04287

27

0,04307

28

0,04327

29

0,04349

30

0,04372

31

0,04396

32

0,04421

33

0,04448

34

0,04476

35

0,04505

36

0,04537

37

0,04569

38

0,04604

39

0,04641

40

0,04679

41

0,04720

42

0,04763

43

0,04809

44

0,04858

45

0,04910

46

0,04965

47

0,05023

48

0,05085

49

0,05152

50

0,05223

51

0,05298

52

0,05380

53

0,05467

54

0,05561

55

0,05662

56

0,05770

57

0,05888

58

0,06016

59

0,06155

60

0,06306

61

0,06472

62

0,06654

63

0,06854

64

0,07075

65

0,07321

66

0,07596

67

0,07904

68

0,08252

69

0,08648

70

0,09103

71

0,09629

72

0,10245

73

0,10976

74

0,11855

75

0,12932

76

0,14282

77

0,16020

78

0,18342

79

0,21599

80

0,26489

81

0,34649

82

0,50980

83

1,00000

  

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2003 жылғы 4 шiлдедегi 
N 661 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күші жойылған кейбiр шешімдерiнiң
тізбесі

      1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдердi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 396-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 шiлдедегi N 969  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 306-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1936  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 622-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қаңтардағы N 49  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 15-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1355 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 тамыздағы N 873  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 282-құжат).