Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1355 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 шілдедегі N 969 қаулысы.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 04 шілдедегі N 661 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 7-және 8-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасы

 

Үкіметінің арасында халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Келісім

жасалсын.

     2. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм

вице-министрі Ажар Қилымбекқызы Құзытбаеваға Қазақстан Республикасы

Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова

Республикасы Үкіметінің арасында халықаралық автомобиль тасымалдары

туралы Келісімді жасасуға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.